Туған өлкеме – 90 жыл!

Осындай сәні мен салтанаты жарасқан біздің Меңдіқара ауданының құрылғанына биыл -90 жыл толғалы отыр

Қасиетті, құт мекен  Шиелі ауылында туғанымды мақтан етемін, әркімге өз ауылы – алтын бесік қой, шіркін! Табиғаты көркем әрі бай ауылымыздың атына сай бұл өлкеде шие жемісі өте көп өседі. Шыршалы-қарағайлы ну орманы мен балығы ойнақтаған көлінің өзі көрген жанды тамсандырмай қоймайды. Осындай сәні мен салтанаты жарасқан біздің Меңдіқара ауданының құрылғанына биыл -90 жыл толғалы отыр. Осы орайда мен өз ауылым жайында айтқым келеді.

Менің туып-өскен мекенім қара шаңыраққа айналған бастауыш мектебі бар шағын ауыл болғанымен тұрғындары өте ұйымшыл, еңбекқор кісілер. Ауыл тұрғындары бірігіп шағын шаруашылық ашып, бүгінгі күні егін егіп, мал бағып өз алдарына еңбек етуде. Сондай-ақ, қожалық иелері өз ауылдарына деген көмектен аянып қалмайды.

Ел тарихында ерекше орын алатын күндердің бірі- Ұлы Жеңістің 75 жылдығына байланысты ауыл орталығында соғыс ардагерлеріне арналған мемориалды тақта орнатылды. Соғыс майданына біздің ауылдан 73 ер азамат аттанып, соның 40 азаматы елге оралмапты. Бүгінде ауыл көшелеріне жауынгер аталарымыздың есімдері берілуде. Мен тұратын үй орналасқан көше Ұлы Отан соғысының ардагері Тәуекел Жұмасұлтанов атамыздың құрметіне аталып отыр. Туған ауылымыздың тереңде жатқан тарихы жайында бастауыш сыныпта оқып жүрген кезімізден ұстазымыз Есенгелді Нұрахметов ағайымыз жиі айтып, таныстырып отыратын.

Біз үшін алтын ұяға айналған шағын ғана ауылымыздың болашағы үшін әрбір тұрғын қолдан келген көмегін жасауға тырысып келеді. Ерекше қолдау білдіруден еш тайынбайтын жеке қожалық иесі Аблай Жетпісбаев ағайдың еңбегіне де елі разы.

Мен туған ауылымды жақсы көремін, болашақта білімім мен еңбегімді туған еліме арнайтын боламын деген сенімдемін.

Аяулым Басанова,

Ғ.Жұмабаев атындағы Боровской мектеп гимназиясының 8 «Ә» сынып оқушысы

Редактор

Recent Posts

Глава Мендыкаринского района Габит Бекбаев провел отчетную встречу с населением Первомайского сельского округа и села Боровское

Аким района проинформировал жителей о социально-экономическом развитии района за текущий год. Вместе с ним держали…

3 недели ago

С начала года в Мендыкаринском районе зарегистрировано 10 случаев интернет-мошенничества

Общая сумма ущерба, нанесенного мошенниками жителям района за текущий год, превысила 22 миллиона тенге. (далее…)

3 недели ago

Сотрудники полиции Мендыкаринского райлна в рамках ОПМ «Пиротехника»  проводят рейдовые мероприятия по торговым точкам

Данные мероприятия проводятся с целью незаконного оборота пиротехнической продукции на территории Мендыкаринского района. (далее…)

3 недели ago

Меңдіқара аудандық Мансап орталығының жұмыс қорытындысы жайлы сұхбат жүргізген болатынбыз

Бүгінгі таңда еңбек нарығын цифрландыру, Мансап орталықтарының жұмысын реформалау, нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті…

3 недели ago

В селе Тенизовское Мендыкаринского района предстоит большая работа по устранению накопившихся проблем

Отсутствие промышленности, сотрудника почты, пастбищ, малое количество школьников, плачевное состояние дорог - и это далеко…

3 недели ago

This website uses cookies.