Заңнамаға енгізілген өзгерістер туралы
Осы жылдың басында қолданыстағы кейбір заңдарға өзгерістер енгізілді.
Мәселен, зорлау орташа ауырдан ауыр қылмыс санатына ауысты. Жаңа заңға сай, кісі зорлап, жәбірленушіге қатер төндіргендерге 5 жылдан 8 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген, бұрын бұл қылмыс үшін мерзім 3-5 жылға дейін тағайындалған. Балаларды зорлағандарға 20 жылға дейін немесе өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасы беріледі.
Мас күйде көлік жүргізген үшін жаза да күшейтілді. Ішімдік ішіп рөлге отырған жүргізуші 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынады, сондай-ақ 7 жылға жүргізу құқығынан айырылуы мүмкін. Көлік жүргізу куәлігінсіз жолға шыққандар 10 тәулікке жабылады. Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған, алкогольдік, есірткілік немесе уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын осындай адамның басқаруына беру немесе көлік құралын осындай адамның басқаруына жол беру 5 жылға дейін бас бостандығын айыруды көздейді. Сонымен қатар көлік басқару құқығынан өмір бойына айырылады.
Кісіге соққы жұмсағаны үшін – 10 АЕК немесе 10 тәулікке қамауға алу қарастырылған. Егер бұл әрекет қайталанса, айыпталушы 15 күнге қамалады.
Елімізде есірткі заттарын сату және таратқаны үшін жаза күшейтілді – кінәсі дәледенсе, 6 жыл бас бостандығынан айыру көзделген.
Қылмыстық кодексте мал ұрлығы арнайы бап ретінде қарастырылды. Жаза 3000 АЕК басталып, аса ірі көлемде және қылмыстық топ болып жасағандарға 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған.
Ендігі уақытта шетелдіктер ел аумағында 30 күн тіркеусіз жүре алады. Бұрынғы миграциялық карта болмайды. Ел аумағында жүру мерзімі асып кетсе, үш күн ішінде уақытша тіркеу құжатын алуы тиіс. Оны орындамаса, ескерту беріліп, айыппұл қарастырылады немесе елден шығарылады.
Мендіқара ауданының прокуратурасы
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31