«Жеті рухани қазық» шешімі таныстырылды
Бұл жиынға құрметті мәдениет қызметкері Сәуекенов Бақытжан Дәуренұлы да шақырылды.
Өткен аптада Меңдіқара ауданының “Зұлқарнайұлы Мұса қажы” мешітінің бас имамы Қошан Еркебұлан Жаңбырбайұлы аудан орталығының Ғ.Жұмабаев атындағы мектеп-гимназиясының ұлағатты ұстаздарымен және 8-11-сыныптарымен кездесу өткізді.
Кездесудегі негізгі тақырып 23-қазанда Нұр-Сұлтан қаласында өткен Республикалық 3-ші имамдар форуымында қабылданған құжатпен таныстырып өту болды. Соның ішінде оқушылар мен ұстаздарға «Жеті рухани қазық» шешімі кеңірек таныстырылып өтті. Бұл кешегі аталарымыз салып берген қазақ хандығының негізгі заңы болған Әз-Тәуке ханның «Жеті жарғысымен», «Есім ханның ескі жолы», «Қасым ханның қасқа жолдарымен» үндескен құжат еді. Мінеки, бабалардан сара жол болып келе жатқан ата-заң ол шариғат негіздерінен болып келетін еді. Бүгінгі ұрпағымызға аманат болып қалған имандылық, отаншылдық, білімділік, ауызбіршілік, еңбекқорлық, мәдениеттілік, әділдікті бүгінгі егеменді елдің болашақ әр жас ұрпағы мен білімді азаматтары біліп жүрсе ол нұр үстіне нұр емеспе!? Келешекте мұндай кездесулер жалғасын таба беретініне бек сенім артамыз. Сөз соңында айтарымыз ертеңін білмеген елдің болашағы жоқ дегендей тектіліктің өзегі болып келген бабалардың ұстанымы болған Ислам діні-бүгінгі тәуелсіз елімізге жайыла берсін дегіміз келеді. Бүгінгі ұрпағымыз тәуелсіз еліміздің иманды, ибалы азамат-азаматшалары болып өсіп-өне беруіне бір жаратушы йеміз жар болғай. Әмин!
Меңдіқара ауданының “Зұлқарнайұлы Мұса қажы” мешіті
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31