15 қараша тәуелсіз еліміздің тарихындағы ең айтулы күндердің бірі болып саналады

1993 жылдың 15 қарашасында Елбасының Жарлығымен ұлттық валюта теңге қаржы айналымына еңгізілді

Сөйтіп, тәуелсіз Қазақстан тарихының жаңа парағы ашылды. Бұл күн – Ұлттық валюта теңге күні және қаржы саласы қызметкерлерінің кәсіптік мерекесі.

Мерекеге орай қаржы саласында қажырлы еңбек етіп жүрген Меңдіқара аудандық «Халық банкі» филиалының ұжымы жайлы жазғанды жөн санадық. Бұл ұжымның күнделікті атқарар жұмысы өлшеусіз. Олар халыққа жаппай қызмет көрсетіп, ел үшін еңбек атқаруда.

Аталмыш мекемеде өз қызметіне адал, шын берілген мамандар еңбек етіп, еселі еңбектерімен өңіріміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына өз үлестерін қосып келеді. Әр маманның  тәжірибесі мол  және біліктілігі жоғары.

Аудандық филиалдың басшысы Ұлан Есенов, сан жылдар тізбегінде тәжірибесін шыңдай өскен, өмірін еңбек өрнектерімен өрген – білікті маман, абзал азамат.  Әркез өз құзырына берілген еңбекке аса жауапкершіліпен қарап, еңбек пен талапты ұштастырып келеді. Іскер маман қызмет барысында қатал талап қоя біліп, өз қызметін ықыласпен атқаруда.

– Қарамағымда тоғыз қызметкер еңбек атқарады. Әр маманның өзіне жүктелген міндеті бар. Әр қызметкер өз міндетін абыроймен атқаруға тырысуда. Арамызда сан жылдар қажырлы еңбек еткен, қызметіне мықты мамандар халық үшін аянбай тер төгіп келеді. Ақша мен жұмыс істеу жауапкершілік және белсенділікті талап етеді. Осы талапты ұстанып, ел үшін еңбек етудеміз. Қашанда халықтың көңілінен шығуды басты назарда ұстап, көптің алғысын да естіп жүрміз, – дейді білікті басшы Ұлан Хамзаұлы.

Талай жыл толассыз еңбек етіп, өз ісінің майталманына айналған қызметкерлер де баршылық. Соның бірі Галина Задорожная. Ол отыз бес жыл ғұмырын есеп-қисапқа арнап, бүгінде халықтың алғысы мен ризашылығына бөленуде. Әріптестерінің алдында беделді, жас мамандарға үлгі бола білген жан әлі де халық үшін еңбек етіп келеді.

Сан қилы тарихы бар мекеме қызметкерлері бүгінде заман мен талапқа сай жұмыс жасауда. Әр клиенттің тілін тауып, елдің көңілінен шығып жүрген мамандардың сапалы жұмысының арқасында өңіріміздің экономикасы қарқынды дамып келеді.

Ұлттық валюта – теңге күні қарсаңында қаржы саласының барша қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтаймыз. Сіздерге шын жүректен мықты денсаулық мол табыс тілейміз. Ел игілігі жолында жаңа жетістіктерге жете беріңіздер деген тілегімізді білдіреміз.

Тұрсынай Мұхтарқызы

Редактор

Recent Posts

Следующая, юбилейная XL областная Спартакиада пройдет в Мендыкаринском районе

В этом году команда нашего района приняла участие в XXXIX областной Спартакиаде в Аркалыке, заняв…

2 дня ago

Мендыкаринец преподнес в дар храму Боровского старинную икону Пресвятой Богородицы

Возвращение на малую родину спустя 30 лет для жителя Германии Владимира Долгаймера стало не просто…

3 дня ago

В Мендыкаринском районе вновь чествовали многодетных матерей

В торжественной обстановке жительницам района вручили государственные награды - подвески «Алтын алқа» и «Күміс алқа»,…

3 дня ago

Жители улицы Лесхоз жалуются на состояние дорожной инфраструктуры и требуют внимания властей

Жители улицы Лесхоз бьют тревогу из-за состояния дорожной инфраструктуры. (далее…)

4 дня ago

На покос травы в Боровском из местного бюджета впервые выделили 2 млн тенге

Об этом рассказал аким села Боровское Жасулан Турагулов. (далее…)

1 неделя ago

Брусчатка, новые скамейки, урны: что сделано и что предстоит сделать в парке Победы в Боровском

Это лишь часть масштабных работ, которые проводятся в районе в рамках программы «Таза Қазақстан». (далее…)

1 неделя ago

This website uses cookies.