15 қазан – ауыл әйелдерінің Бүкіләлемдік күні. Бүгінгі таңда бұл мереке ерекше аталып өтуде

«Әке көрген – оқ жонар, шеше көрген – тон пішер» деген халық даналығы бекер айтылмаса керек. Әсіресе қыз баласының өмірінде анасының алар орыны ерекше. Біздің бүгінгі кейіпкерімізде тігін тігу мен тоқыма тоқуды анасынан үйренген көрінеді.

Көп балалы ана, аяулы жар, үлкен әулеттің берекесін келтіріп отырған ардақты келін – Данагүл Жарасова. Бала кезінен оймағы мен инесін серік еткен Данагүл, қол өнердің нағыз шебері. Бүгінгі таңда құрақ құрау, ою пішуді жүрек қалауымен жасауда. Қолы қалт етсе тоқыма тоқып, тігін тіккенді жөн санайды. Бұл өнерінен басқа да Данагүлдің тірлігі жетерлік. Жолдасы Берік екеуі мал өсіріп, бау-бақша отырғызуда. Үлкен еңбектің жүгін арқалаған жас отбасы бүгінгі таңда өз еңбектерінің жемісін көруде.

– Бала кезден тігін мен тоқыма өнеріне жақын болдым. Бүгінде бұл іс – сүйікті ісіме айналды. Көп балалы ана болғандықтан уақыт тапшы болып жатады. Құрақ құрау уақытты, шыдамдылықты талап етеді. Бірақ сүйікті ісіме уақыт табуға тырысамын. Бұл менің бала кезден жасап, анамнан үйренген ісім. Анам жеті баланы жалғыз өзі асырап жеткізді. Бізді жастайымыздан еңбекке үйретті. Үйімде анамнан үйренгенім, бүгінде енемнен үйреніп жатқаным  жетерлік. Бүгінгі таңда бала күтіміне байланысты үйде отырмын. Кенжетайым екі жаста, үйде қол қусырып бос отырғанша еңбек еткенді жөн санаймын. Жолдасым екеуіміз осы балалардың қамы үшін бау-бақша егіп, мал ұстаймыз. Балалардың болашағы үшін еңбектен қашпаймыз,- дейді біздің кейіпкеріміз.

Қазақ халқы қашанда қол өнерді бағалаған. Бұл өшпейтін мұра десек те қателеспейміз. Бүгінде замандас қыз-келіншектерге үлгі болып, ескі өнердің көзін ашқан Данагүлдің туындылары әр үйдің төрінен табылады. Соңынан ерген сіңілілерінің де жасауларын өз қолымен, заманауи үлгіде жасаған көрінеді. Жақындарының той-думандарынан Данагүлдің дорба, қоржындары табылып жатады.

Берекесі мен бірлігі жарасқан отбасы бүгінде қазақилықты дәріптеп, өз замандастарына үлгі болуда. Отағасы Берік үйдің кенжесі, бүгінде қара шаңыраққа иелік етіп жұбайы Данагүл екеуі аналарын бағып отыр. Аналары да балаларының жасаған еңбектеріне үлкен қолдау білдіріп, немерелерінің қызығын қызықтауда. Еңбектің жүгін арқалап, жемісін көріп отырған отбасы балалырын да еңбекке баулуда. Ұлдары әкесіне қолғабыс етсе, қыздары әр қашан аналарының жанынан табылады.

Өнері мен шаруасын қатар алып жүрген Данагүл бүгінде бір шаңырақтың түтінін түтеп, шырайын келтіріп отырған жан. Ерін сыйлаған есікте қалмайды деген қағидаға сүйеніп, отағасының жағдайын жасап, балаларына да әкесін сыйлауды үйретіп, енесінің алдында келіндік міндетін атқарып жүр. Жастық жалынның арқасында еңбектен де қашпайды. Әйел бір қолымен әлемді тербетсе, бір қолымен бесікті тербетеді деген осы шығар.  Өнердің кілтін тапқан Данагүлдің отбасына шаттық, молшылық, татулық тілейміз.

Тұрсынай Мұхтарқызы

Редактор

Recent Posts

Глава Мендыкаринского района Габит Бекбаев провел отчетную встречу с населением Первомайского сельского округа и села Боровское

Аким района проинформировал жителей о социально-экономическом развитии района за текущий год. Вместе с ним держали…

2 недели ago

С начала года в Мендыкаринском районе зарегистрировано 10 случаев интернет-мошенничества

Общая сумма ущерба, нанесенного мошенниками жителям района за текущий год, превысила 22 миллиона тенге. (далее…)

3 недели ago

Сотрудники полиции Мендыкаринского райлна в рамках ОПМ «Пиротехника»  проводят рейдовые мероприятия по торговым точкам

Данные мероприятия проводятся с целью незаконного оборота пиротехнической продукции на территории Мендыкаринского района. (далее…)

3 недели ago

Меңдіқара аудандық Мансап орталығының жұмыс қорытындысы жайлы сұхбат жүргізген болатынбыз

Бүгінгі таңда еңбек нарығын цифрландыру, Мансап орталықтарының жұмысын реформалау, нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті…

3 недели ago

В селе Тенизовское Мендыкаринского района предстоит большая работа по устранению накопившихся проблем

Отсутствие промышленности, сотрудника почты, пастбищ, малое количество школьников, плачевное состояние дорог - и это далеко…

3 недели ago

This website uses cookies.