Меңдіқара ауданының жас спортшысы Олеся Костина республикалық жарысқа жолдама алды

Ауқымды спорттық шараға облыстың 18 командасынан барлығы 246 жас шаңғышы қатысып, өзара бақ сыңасты.

Қостанай қаласында қазақтың ұлы ағартушысы, педагог, қоғам қайраткері Ыбырай Алтынсариннің 185 жылдық мерейтойына арналған оқушылардың облыстық қысқы Гимназиадасы аясында шаңғы жарысынан тартысты сайыс өтті.

Аталған жарыста Меңдіқара ауданы, Каменскорал жалпы білім беретін мектебінің 11-сынып оқушысы Олеся Костина жоғары нәтиже көрсетіп, ерекше көзге түсті.  Ол классикалық және еркін стиль бойынша екі қашықтықта да үздік өнер көрсетіп, екі сайыста да жеңіс тұғырынан көрінді. Осылайша жас спортшы өзінің табандылығы мен үздік дайындығын дәлелдеп, алтын жүлдені қанжығасына байлады.

Айта кету керек, Олеся бұған дейін өткен  жарыстарда күміс жүлдегер атанып жүрген болатын. Ал бұл жолғы жарыста үздіксіз жаттығу мен қайсарлықтың арқасында жеңістің ең биік сатысына көтерілді. Бұл – спортшының қажырлы еңбегі мен алға қойған мақсатына деген сенімінің айқын нәтижесі.

Жас спортшының жетістікке жетуіне жаттықтырушысы Вадим Полониктің қосқан үлесі зор. Бапкердің кәсіби шеберлігі мен жүйелі дайындығы шәкіртінің жоғары нәтиже көрсетуіне жол ашты.

Облыстық Гимназиададағы жарқын жеңісінің арқасында Олеся енді Қостанай облысының құрамына қабылданып, оқушылардың Республикалық қысқы Гимназиадасына жолдама алды. Бұл – жас спортшы үшін үлкен жетістік әрі жауапкершілік. Алдағы республикалық жарыста да оның облыс намысын абыроймен қорғап, жоғары нәтиже көрсететініне сеніміміз мол.

Осындай мақсатшыл, еңбекқор жастар – еліміздің спорт саласының жарқын болашағы. Олесяның бұл жетістігі өзге оқушыларға үлгі болып, салауатты өмір салтын насихаттауға үлкен серпін береді.

Ақжан Байтұрсынова

Суреттерді аудандық білім бөлімі ұсынды

Редактор

Recent Posts

В Боровском назрела необходимость привести дорожную инфраструктуру в соответствие с госстандартами

В поле зрения корреспондентов районной газеты попали около 30 дорожных знаков, которые требуют срочной замены.…

2 часа ago

Меңдіқарада жазғы аудандық спартакиада алауын жақты

 Меңдіқара ауданында дәстүрге айналған жазғы спартакиада биыл да жоғары деңгейде ұйымдастырылып, бұқаралық спорттың мерекесіне…

1 неделя ago

Меңдіқарада «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары анықталды

Меңдіқара ауданында ұлттық құндылықтарды ұлықтап, отбасы институтын нығайтуға бағытталған дәстүрлі «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының аудандық…

1 неделя ago

Туған жерге тамырын терең жайған еңбек адамы

    Кей адамдар үшін туған жер – балалық шақтың естелігі ғана. (далее…)

1 неделя ago

Ферма за фермой: Каменскуральская МТФ продемонстрировала свои возможности акиму области

23 июля Кумар Аксакалов с рабочей поездкой посетил Мендыкаринский район. (далее…)

2 недели ago

This website uses cookies.