1963 жылдың 6 сәуір күні Кеңес Одағының жарлығымен «Тергеушілер күні» болып жарияланған болатын

Еліміз Тәуелсіздік алғаннан кейін де Қазақстанның  Ішкі істер органдарының тарихы – ел тарихының ажырамас бір бөлігіне айналды. Құқық қорғау органдары еліміздің ірге көтеріп, қаз тұра бастаған сәттен бастап, тәуелсіз туын көтерген бүгінгі күнімізге дейін өркениетті құқықтық мемлекетке жүктелетін міндеттерді атқарып келеді. Тергеушілер мемлекетімізде заңдылық пен құқық тәртібін нығайту ісіндегі барлық жауапкершілікті түсініп, азаматтардың қауіпсіздігі мен конституциялық құқығын қамтамасыз етуде оң нәтижелерге қол жеткізіп, қиын қызметін абыроймен атқаруда.

Осы орайда, азаматтардың қауіпсіздігі мен конституциялық құқығын қамтамасыз етуде оң нәтижелерге қол жеткізіп, қызметтік міндеттерін абыроймен атқарып, өздерінің адал еңбегімен, үлкен жетістіктерге қол жеткізген тергеу жөніндегі бөлімшенің қызметкерлері.  Меңдіқара аудандық полиция бөлімшесі бастығының тергеу жөніндегі орынбасары, тергеу бөлімінің бастығы, подполковник  Кадыржан Алибекович Давлетов еңбек жылдарын осы тергеу саласына арнаған жан. ҚР ІІМ Қостанай заң институтын аяқтап, 2004 жылдан бастап Қостанай АІІБ-не тергеуші болып қызметке келіп 15 жылға жуық өзіне жүктелген міндетті абыроймен атқарады. Табандылықпен, өз қызметіне деген зор жауапкершіліктің арқасында бүгінгі күні еңбек жолын Меңдіқара ауданында жалғастырып келеді.  Өзінің қарамағындағы қызметкерлерімен тергеу жұмыстарын бірге жасап, жеке құрам арасында беделді, жетекшілік  лауазымдарда жұмыс істей отырып жұмыстарды ұйымдастыруға көп көңіл бөледі. Бүгінгі күні тергеу бөлімшесінде екі тергеуші еңбек етуде, олар Азамат Мухтаров және Кирилл Пряхин. Олар өздеріне жүктелген тапсырманы уақытылы әрі белгіленген мерзімде орындауға дағдыланған. Қылмыстық істердің бетін ашып, жауап алумен қатар тергеушілік тәжірибелер де жүргізеді.

– Тергеуші дегеніміз қызмет саласында жетістікке жетумен қатар тергеу жүргізу барысында қылмыстық істі зерттеп қана қоймайды сондай-ақ, қылмыстық құқық пен қоса жиі банк ісі, азаматтық және әкімшілік заңнамаларды да оқып қолдануға тура келеді. Сондықтан болар тергеушілік саладан соң адвокат қызметін де атқаруға болады. Тергеуші органы  қашанда мәртебелі, беделді лауазым. Еңбек жолында өсу мен  жан-жақты мүмкіндіктер бар, жақсы жалақы одан бөлек қызметтік баспана да қарастырылған. Дегенменен, мамандықтың қиын тұсы да жоқ емес. Жұмыс кестесі күн-түн демей еңбектенуді  талап етеді. Демалыссыз жұмыс істейтін кездер де болады,  сондықтан заңға бағынып, тергеушілер бәріне де дайын болулары керек – дейді, бөлім басшысы Кадыржан Алибекович.

2020 жылы Азамат  Мухтаров көп жағдайлы қылмыстық іс бойынша тергеу жұмысын жүргізді. Бөтен адамның мүлкін ұрлау шарасы бойынша үш бірдей жергілікті тұрғын күдікті ретінде ұсталды. Тергеу барысында ұрланған мүліктің жартысы заңды иелеріне қайтарылды. Күдіктілер заңды түрде жазасын өтеді. Осыған ұқсас қылмыстық іс бойынша 2019 жылы Кирилл Пряхин жұмыс жүргізген болатын. Бұл тергеу жұмысында да күдіктілер өз істері бойынша жазаға тартылды. Айта кететін болсақ, кез келген қылмыстық істі ашу барысында азаматтық борыш ретінде азаматтардың нақты фактіде көрсету жасаулары қылмысты тез арада ашуға әрі қылмысқа қарсы күреске қосқан үлес болып табылады.

Қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу заңнамаларына еңгізілген өзгерістердің күшіне енуіне байланысты едігі жерде мал ұрлау фактілері ауыр қылмыс болып саналады – дейді, Кадыржан Давлетов.

Сөз соңынан Сіздерді төл мерекелеріңіз – Тергеушілер күнімен  құттықтаймыз! Тәуелсіз, егеменді  еліміздің  тұғыры  асқақтап,  жарқын  белестерден  көріне берсін. Қылмысқа  қарсы күресте  шыдамдылық, батылдылық пен күш-жігер, ал жеке өмірлеріңізде  отбасыларыңызға  бақыт, шаңырақтарыңызға  шаттық  тілейміз!

Қымбат НАҒАШЫБАЙ

Редактор

Recent Posts

В районном центре Мендыкаринского района установили современный пешеходный переход

Такого вида новые технологии в с. Боровское должны были установить в количестве 2 штук. Но ввиду непредвиденных обстоятельств,…

3 дня ago

Дорожники приступили к ремонту одной из основных улиц в селе Боровское раньше срока

ТОО «АБЗ плюс» будет производить замену дорожного полотна еще на двух улицах районного центра: Ауэзова…

1 неделя ago

Замор рыбы произошел на одном из водоемов села Боровское Мендыкаринского района

Массовую гибель рыбы можно было наблюдать на берегу озера Зоново, которое находится в самом центре…

1 неделя ago

В Мендыкаринском районе разрушен подъезд к мосту

За весь период паводка благодаря оперативным действиям МИО обошлось без жертв и причинения имущественного ущерба…

2 недели ago

В   Мендыкаринском районе ожидается средний ремонт 21 улицы

На эти нужды выделена сумма в 1 млрд 174 млн тенге. (далее…)

3 недели ago

Максим Жалмагамбетов: «Зайнутдинов способен заиграть в чемпионате Италии»

Бахтиер Зайнутдинов на данный момент является лидером и самым дорогим игроком сборной Казахстана по футболу.…

3 недели ago

This website uses cookies.