Categories: Новости

2 қазан Халықаралық әлеуметтік педагогтар күні, бұл күн биылғы жылы 11 рет аталып өткелі отыр

Ақпарат көздеріне сүйенсек аталмыш мереке 2009 жылы Копенгагенде әлеуметтік педагогтердің Халықаралық  конференциясында қабылданған екен.

Айтулы мамандықтың атқарар міндеті де арқалар жүгі де ауыр екені белгілі. Дегенменен әлеуметтік педагог қызметін нәзік жанды арулар атқарып келетінін жиі естіп те көріп те келеміз. Ал, біздің ауданымыздың жалпы он үш мектепте қызмет етіп келе жатқан әлеуметтік педагогтың ішінде ер азаматтар да өз қызметіне жауапкершілік танытып отыр – дейді, аудандық білім бөлімінің мамандары.

Дулат Тастемиров А. Шотаев атындағы Боровской гимназия – мектебінде биылғы жаңа оқу жылында қабылданған маман. Дулат өзіне жүктелген әлеуметтік педагог қызметіне белсенділікпен, аса зор жауапкершілікпенен қарайтындығын жасырмайды. Арқалық қаласынан Меңдіқара жеріне отбасымен қоныс  аударған ол аудан табиғаты мен қонақжай, қарапайым халқы өзін бірден баурап алғандығын айтты.

– Өзім бірнеше жыл қатарынан Арқалық қаласына қарасты балалар демалыс орнында жетекші болып жұмыс істегендіктен, аталмыш мамандық менің жаныма жақын. Әлеуметтік педагогтың жұмысы бала құқығын қорғау, оның әрбір мәселесімен жетік танысу және оны шешу жолында жұмыс атқару. Кәмелетке толмаған жасөспірімдердің қылмысының сан-салалығы олардың күнделікті қылмысынан көрініс табуда. Оларды жаңа рухта, жаңа көзқараста тәрбиелеу қоғамының міндетінің бірі болып табылды. Жасөспірімдердің тағдыры мемлекетіміздің алдында, бүкіл қоғамының, мектеп, ата-ана, ұстаздардың келешек ұрпаққа білім беру, өз құқығын білуге үйрету, кері әрекеттерін алдын-алу қажет. Бұл біздің міндетіміздің бір бөлігі болып табылады. Ал, тәртібі нашар оқушылар мен кеңестер өткізу, комиссия отырысы мен рейдтер жүргізу өз алдына жасалатын жұмыс. Сондықтан әлеуметтік педагог қызметі ер адамға да оңайға соқпайтын жұмыс екенін айтқым келеді – дейді, Дулат.

Қымбат НАҒАШЫБАЙ

Редактор

Recent Posts

Из педагогов – в автомеханики: житель Боровского Азат Байманов сменил профессию и нашел в этом свое призвание

Азат Байманов, проработав 17 лет учителем физической культуры и спорта, принял решение кардинально сменить сферу…

2 дня ago

На месте заброшенного лагеря «Солнечный» в Мендыкаринском районе построят новую базу отдыха

На территории бывшего пионерского лагеря планируют создать современный круглогодичный центр отдыха для детей и семейного…

4 дня ago

Многодетная семья из села Харьковское Мендыкаринского района получила ключи от нового дома

Этот значимый подарок для Нурдаулета Чажабаева и Альфии Рахметовой, воспитывающих пятерых детей, стал возможен благодаря…

1 неделя ago

Меңдіқара ауданында Жастар ресурстық орталығының еріктілері жалғызбасты қарттар мен көмекке мұқтаж тұрғындарға қолдау көрсетіп келеді.…

3 недели ago

В Боровском установили арт-объект в виде книги у входа в центральную районную библиотеку

Всю эту красоту - от идеи до воплощения - новый руководитель библиотечной системы Кайыржан Тлесбаев…

3 недели ago

Меңдіқара ауданында ағаш отырғызу жұмыстары жүйелі түрде жалғасуда

Қостанай облысында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық тұжырымдамасы аясында «Менің аулам – менің бағым» облыстық жобасы жүзеге…

3 недели ago

This website uses cookies.