20 қараша – Халықаралық педиатрлар күні

Педиатр дәрігері – ең айтулы мамандықтардың бірі болса, балаларды емдеу – болашақты сақтаумен бірдей. Бұл мамандық иелерінің жауапкершілігі мол, атқаратын жұмысы ауқымыды.

Ах халатты абзал жандардың мерекесіне орай, алғаш еңбек жолын Меңдіқара аудандық ауруханасында бастаған жас маман – Альмира Жаңбырбаеваны қалың оқырманмен таныстырғанды жөн санадық. Бала кезінен дәрігер болуды армандаған Альмира, бүгінде аңсаған арманына қол жеткізіп қана қоймай, балғындардың өміріне араша түсуде.

Мектепті ойдағыдай аяқтаған жас бойжеткен арманы жетелеп Қарағанды медициналық университетінің студенті атанып, педиатр мамандығын таңдады. Жеті жыл аталмыш оқу ордасында білім алып, қолына дипломын алды. Оқуын аяқтай сала Меңдіқара ауданына аудандық орталық ауруханасына жұмысқа тұрды. Алғаш еңбек жолын бастау, оңайға соқпағаны анық. Дегенмен, әріптестері жаңа келген жас маманға үлкен қолдау білдірген екен.

– Бос жұмыс орындары жәрмеңкесінде Меңдіқара ауданына педиатр маманы керек екенін естіп, еш ойланбастан осы ауданда еңбек етуді ұйғардым. Табиғаты сұлу, жандары жайсаң жандары бар ауданда алғаш еңбек жолымды бастадым. Әріптестерімде, аудандық әкімшілікте үлкен қолдау білдірді. Бағдарлама арқылы баспанаға қол жеткізіп, көтерме ақыға да қол жеткіздім. Бүгінде еңбегімді балалардың денсаулығына арнап, абыроймен еңбек еткім келеді. Дәрігер болу бала кезгі арманым болатын, – дейді жас маман.

Жүзінен мейірім мен жылулық ескен Альмира Қанағатқызы бүгінде қызығы мен шыжығы қатар жүретін саланың қыр-сырын игерген білікті маман. Алдына ем іздеп келген кішкентай бүлдіршіндердің жанына араша түсіп, еңбегін адалдықпен атқаруда.  Қиналған сәби мен көмек сұрап келген ата-аналардың қиындығын кең пейіл жүрегімен сезініп, ауруына шипасын силап, көңілге сәуле сыйлауда. Ол жұмысын шын сүйетін, ақ халатты абзал жан. Таңнан кешке дейін, жанына шипа іздеген науқастарының көңілен шығып, ем-домын жасап көптің алғысына да бөленіп үлгерді. Бұл жас маманның жұмысына деген сүйіспеншілігінің нәтижесі болса керек.

Бүгінде ауданымыздың игілігі үшін қалтқысыз еңбек еткен жас маман, үш бірдей перзенттің анасы, сүйікті жар, ибалы келін. Еңбегі мен қатар отбасының берекесін келтіріп отырған жан. Жолдасы Әсет екеуі сыйластығы жарасқан жанұялардың біріне айналды. Отағасы жарының зор еңбегін қолдап, әркез демеу болуға тырысатындығында жасырмады.

– Жолдасым екеуіміз студенттік кезден қиындықтың барлығын бірге көріп келеміз. Жұмысымда білікті дәрігер болсам, отбасымда нәзік жанды әйелмін. Дәрігердің жұмысын білесіздер, біз сағат тіліне қарамай еңбек етеміз. Мен үшін отбасымның қолдауы, басты орында. Қолдаушым да, қорғаушым да – отбасым, – дейді Альмира Жаңбырбаева.

Адам денсаулығының мықты болуы – медицина саласында еңбек етіп жүрген дәрігерлердің қолында. Осы орайда үлкен мамандықтың иесі атанып, зор еңбектің жүгін арқалаған жас маманның еңбегіне сәттілік, отбасына береке- бірлік тілейміз.

Тұрсынай Мұхтарқызы

Редактор

Recent Posts

Квест, игры, палаточный лагерь: как прошел туристический выезд в Мендыкаринский район

В нем приняли участие семьи и молодежь Костанайской области, передает «Наш Костанай» (далее…)

3 дня ago

В текущем году на ремонт дорог в Мендыкаринском районе бюджетных средств не предусмотрено

Об этом корреспондентам районной газеты сообщил главный коммунальщик района Арман Хасенов (далее…)

5 дней ago

Боровчанин Алмат Калимжанов открыл первую в районе автоматизированную мойку для легковых машин

Этот проект, реализованный за счет собственных средств, стал не только инновацией для населенного пункта, но…

5 дней ago

Учащаяся Боровской школы-гимназии им. А.Чутаева Карина Миронюк вошла в число 100 лучших учеников Казахстана

Из Костанайской области пятеро школьников были приглашены в Астану для участия в традиционной экскурсии в…

2 недели ago

На мусульманском кладбище в с.Боровское провели работу по ее расширению и ограждению

Эта инициатива, продиктованная насущной необходимостью, была поддержана нашим земляком, почетным гражданином Мендыкаринского района Бахытом Абдыкаримовым.…

4 недели ago

Военно-патриотический клуб «Арлан» Мендыкаринского района примет участие в областном финале военно-спортивной игры «Жас ұлан»

Это событие станет важным этапом в жизни клуба и возможностью продемонстрировать результаты многолетней работы. (далее…)

1 месяц ago

This website uses cookies.