20 қазан – аспазшылар күні!

Ас адамның арқауы

Аспаз – күнделікті ас әзірлеумен айналысатын мамандық иесі екенін білгенімізбен, оның қоғамда алар орыны мен еңбегі жайында көп айтыла бермейді.

Ас адамның арқауы – деген нақыл сөздің-ақ астарында қаншама ой тұнып тұрғаны белгілі. Осы орайда  20 қазан – дүниежүзілік аспазшылар күніне орай біз сіздерді өз мамандықтарының майталмандары, асхана төрінде 10 және 20 жылдық еңбек өтілдері бар аспазшылармен таныстырып, олардың орасаң зор еңбектері жайында айтқымыз келеді.

Сондай қарапайым еңбек адамының бірі – Людмила Закарлюкина, Гүлбике Науанова, Гүлжан Тажибаева. Аспазшылардың бірі 10 ендігісі  20 жылға жуық уақыт аспазшы болып жұмыс істеп келеді. Бүгінде олар аудандық «Балауса» балабақшасында тәрбие алып жүрген 140 баланы құнарлы әрі пайдалы ас мәзірімен қамтамасыз етіп келеді. Кішіпейіл, көпшіл аспазшылар осы уақыт ішінде ата-аналар мен басшылық тарапынан сөгіс алып көрмепті. Бұл да болса еңбектерінің жемісі деп білеміз. Таңның атысы, күннің батысы балабақша асханасынан табылады. Ертемен келіп, күнделікті қоймашы, диета мейірбикесінің белгілеп берген ас мәзірін балалар жиналғанша даярлап, таңғы, түскі, бесінді астарын уақытында таратып отырады. Өз жұмыстарына жауапкершілікпен қарайтын ұйымшыл ұжым жыл сайын аспаздық саласы бойынша білімдерін де толықтырып отырады екен. Бүгінде Людмила Ивановна мен Гүлбике Мұхамбетқалиқызы бесінші разрядты қорғап отыр, ал, әріптестері Гүлжан Жұмабекқызы үшінші разрядтағы аспазшы. Асхананың ыдыс-аяғының тазалығына жауап беретін көмекші Шолпан Басанова да өзіне жүктелген міндетке бей-жай қарамайды.

– Біздің жұмысымыз тікелей санитарлық-гигиеналық тазалықты сақтау, құнарлы әрі санитарлы нормаларға сай ас әзірлеу. Сондықтан өзіміздің жұмысымызды абыроймен атқарып келеміз – дейді, асхана қызметкерлері.

Қоғамға пайдасы зор, қашанда сұранысқа ие мамандықтың бірі болып қала беретін аспаздық саласы екеніне ешкім шүбә келтіре қоймас. Аталмыш мамандық иелері заман талабына сай бизнес саласында да ерекше орын алуда. Біз де бүгінгі маман иелерін дүнедүзілік аспазшылар күнімен құттықтаймыз!

Қымбат НАҒАШЫБАЙ

Редактор

Recent Posts

Многодетная семья из села Харьковское Мендыкаринского района получила ключи от нового дома

Этот значимый подарок для Нурдаулета Чажабаева и Альфии Рахметовой, воспитывающих пятерых детей, стал возможен благодаря…

5 дней ago

Меңдіқара ауданында Жастар ресурстық орталығының еріктілері жалғызбасты қарттар мен көмекке мұқтаж тұрғындарға қолдау көрсетіп келеді.…

2 недели ago

В Боровском установили арт-объект в виде книги у входа в центральную районную библиотеку

Всю эту красоту - от идеи до воплощения - новый руководитель библиотечной системы Кайыржан Тлесбаев…

3 недели ago

Меңдіқара ауданында ағаш отырғызу жұмыстары жүйелі түрде жалғасуда

Қостанай облысында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық тұжырымдамасы аясында «Менің аулам – менің бағым» облыстық жобасы жүзеге…

3 недели ago

Жители Мендыкаринского района обсудили вопросы безопасности, медицины и соцзащиты

В рамках проекта «Заң мен тәртіп» («Закон и порядок») в Костанайской области продолжается «Караван правовой…

3 недели ago

Боровчанин Артем Харченко стал обладателем уникальной «шестерки» с 40 летним пробегом

Для Артема настоящий драйв заключается в запахе бензина, звуке карбюраторного двигателя и аутентичности советской классики.…

4 недели ago

This website uses cookies.