21 мамыр – Мәдениет және өнер қызмет­керлерінің күні

Осынау мәртебелі мамандық иелерінің  атқарар жұмысы да, көрсетер нәтижесі де, халық назарына ұсынар жаңалығы да қашанда мол.

Бүгінгі таңда Елімізде мәдениет саласын дамыту мен мемлекеттік тіл мәселесіне ерекше көңіл бөліп келеді. Мереке қарсаңында  әңгімемізді аудандық «Юбилейный» мәдениет үйінің  директорының міндетін атқарушы Мұрат Нағашыбаймен өрбіткен болатынбыз.

Өзіңіз басқарып отырған мәдениет ошағының атқарып отырған жұмысына тоқталсаңыз. Сондай-ақ, елімізде орын алған төтенше жағдай барысында мәдениет үйінің онлайн жұмыс нәтижелерімен бөліссеңіз. 

– Елбасымыздың «Рухани жаңғыру, болашаққа бағдар» бағдарламасы қазақ елінің дамуына, рухани өркендеуіне айқара жол ашты деуге болады. Біздің ауданымызда да осы бағдарлама аясында көптеген іс-шаралар атқарылуда. Атап айтар болсақ былтырғы жылы  «Асабалар алаңы» жобасында ақындар мен асабалар айтысын өткіздік. Биылғы 2020 жылдың басында Алтын орданың 750 жылдығына арналған «Ұлы дала үні» атты қазақ ұлт аспаптар фестивалі өтті. Өзіңіз айтып отырғандай төтенше жағдай барысында онлайн жұмыс жасау арқылы Ұлы Жеңістің -75 жылдығына арналған патриоттық әндер сайысын, Абай Құнанбаевтың -175 жылдығына орай көркемсөз конкурсын  және «Аталар айтқан ақ бата» байқауын  онлайн түрде өткіздік. Сонымен қатар мәдениет үйінің өнерпаздары халыққа онлайн концерттерін берді. Алдағы уқытта ауданымыздың 90 жылдық мерейтойына байланысты ұйымдастырылғалы отырған облыстық термешілер сайысы болатынын хабардар етеміз.

– Мәдениет үйінің қызмет сапасын жақсартуда қандай шаралар атқарылуда? Мәдениет үйінің белді өнер ұжымдарын атап өтсеңіз.

– Қазіргі уақытта техниканың дамыған заманы, осы заман талабына сай түрлі форматта жобалар, байқаулар өтуде. Әр өнерпаз өзінің көрерменін жоғалтып алмау үшін, көпшіліктің көңілінен шығатын жұмыстар атқаруда. Мәдениет үйінің қызметкерлері әдістемелік білімдерін жетілдіру мақсатында облыстық шеберлік сабақтарына қатысып, білім деңгейлерін арттыруда. Өзге аудандармен тәжірибе алмасып отырамыз. Мәдениет үйінде «Ақ әжелер» тобы, Тобыл-Нұржамал Болатовтар, «Березка» тобы, «Гармония», «Жастар» вокалдық топтары, «Жұлдыз» бишілер тобы,  ұлт аспаптар ансамблі сияқты өнерлі, мақтанышпен айта алатын ұжымдарымыз бар.

– Мәдениет үйіне жас мамандарды тарту жағы қалай болып жатыр? Қызметке жаңадан орналасқан жастардың ұжыммен, оқушылармен жұмыс жасау белсенділігі қалай?

– «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша «Жастар» вокалдық тобы мен  «Домбыра сазы» ұлт аспаптар ансамблінің құрамы кеңейтілді. Биылғы жылы бағдарлама аясында ұжымымызға талантты жас маман қосылды. Байдос Қожасағиев термеші, домбырашы, болашақта өз жұмысының шебері болады деп сенім артамын. Өнер адамы ізденіспен еңбек жолында жүруі керек. Ал, еңбек тек жетістікке жетелейді.

– Сөз соңынан әріптестеріңізге деген игі тілегіңіз.

–  Бүгінгі төл мереке Мәдениет және өнер қызметкерлері күнімен әріптестерімді және барлық өнерпаздарды құттықтаймын! Еңбектеріне табыс және шығармашылықтарына шабыт тілеймін.

Қымбат АБУХАРИС

Редактор

Recent Posts

В районном центре Мендыкаринского района установили современный пешеходный переход

Такого вида новые технологии в с. Боровское должны были установить в количестве 2 штук. Но ввиду непредвиденных обстоятельств,…

2 дня ago

Дорожники приступили к ремонту одной из основных улиц в селе Боровское раньше срока

ТОО «АБЗ плюс» будет производить замену дорожного полотна еще на двух улицах районного центра: Ауэзова…

7 дней ago

Замор рыбы произошел на одном из водоемов села Боровское Мендыкаринского района

Массовую гибель рыбы можно было наблюдать на берегу озера Зоново, которое находится в самом центре…

1 неделя ago

В Мендыкаринском районе разрушен подъезд к мосту

За весь период паводка благодаря оперативным действиям МИО обошлось без жертв и причинения имущественного ущерба…

2 недели ago

В   Мендыкаринском районе ожидается средний ремонт 21 улицы

На эти нужды выделена сумма в 1 млрд 174 млн тенге. (далее…)

3 недели ago

Максим Жалмагамбетов: «Зайнутдинов способен заиграть в чемпионате Италии»

Бахтиер Зайнутдинов на данный момент является лидером и самым дорогим игроком сборной Казахстана по футболу.…

3 недели ago

This website uses cookies.