Ассаламуғалайкум құрметті Меңдіқара мұсылман жамағаты келе жатырған Рамазан айларыңызбен баршаңызды құттықтаймын! Биылғы ораза айы баршаңыздың шаңырақтарыңызға құт-берекетін әкеліп,аман-есен жетуіміз нәсіп болсын.Аллла Тағала баршаңыздың биылғы жылы ұстайтын оразаларыңызды қабыл етсін.
ҚМДБ-ның рамазан айының басталуы жөнінде Халықаралық астрономиялық зерттеу орталықтарының мәліметіне сүйеніп,сондай-ақ Мысыр,Түркия,Ресейдің,Өзбекстан және Қырғызстан мұсылмандары діни басқармаларының ұстанымдарын ескере келе,биыл рамазан айы 24 сәуір күні бастауға шешім қабылдады.Сонда шағбан айы 29 күн болып аяқталады,ал рамазан айы 30 күнге жалғасады.
Биыл 30 күн ауыз бекітеміз. Қасиетті Қадір түні – 19-мамырдан 20- мамырға қараған түн. Ал, 24-мамыр жексенбі күні Ораза айт мейрамы басталады.Айт намазы Меңдіқара аудандық мешітінде сағат 07:30-да оқылады.
Шариғат бойынша балиғатқа толған, ақыл-есі дұрыс әрбір мұсылманға рамазан айында күнде таң атқаннан күн батқанға дейін оразаны ниет етіп, ішіп-жеуден, төсек қатынасынан тыйылу парыз.
Хайыз және нифас кезінде әйелдер ораза ұстамайды. Жүкті немесе бала емізетін әйелдер ораза тұтқан кезде өзіне немесе баласына зиян келуден қорықса, сырқат кісі ауруының асқынуынан қауіптенсе, олардың ораза ұстамауларына болады. Бұлар оразаның қазасын Рамазан айынан кейін өтеп береді.
Рамазан айында жолаушыға да ораза ұстау міндет емес. Сапардан қайта оралғанда, қазасын өтейді.
Кәрілік немесе жазылмайтын ауру себебінен ораза ұстауға шамасы келмейтін адамдар оразаның әр күні үшін пидия береді.Пидия құны биылғы жылы-1700 теңге.
Пітір садақаның мөлшері – 370 теңге.
Ескерту!
Еліміздегі төтенше жағдайға байланысты тарауих намаздары мешіттерде оқылмайды (Отбасы мүшелері өздері жамағат болып оқыса болады).
Мешіттер,мейрамханалар мен тамақтану орындарында ауызашар уақытша берілмейді.
Меңдіқара аудандық Зұлқарнай Мұса қажы мешітінің бас имамы
Қошан Еркебұлан Жаңбырбайұлы
Причиной такой ситуации послужила непогода, которая застала водителей врасплох. (далее…)
20 октября, завершился второй этап масштабной сельскохозяйственной переписи, охвативший 4969 личных подсобных хозяйств в селах…
Данный бизнес молодая пара Серик Авгумбаев и Светлана Юшкевич реализовали за счет собственных средств. (далее…)
Цифрлық технологиялар қарқынды дамып жатқанына қарамастан, Қостанай облысында мыңдаған тұрғын әлі күнге дейін тұрақты байланыс…
Направление играет ключевую роль в формировании правовой культуры, профилактике правонарушений среди несовершеннолетних и поддержании порядка…
В первую очередь сотрудники отдела по ЧС устанавливают датчики угарного газа – многодетным семьям. (далее…)
This website uses cookies.