«Ақмаржанды» сағынған халық аудандық мәдениет үйіне лық толды

Қазақстан эстрадасының жарық жұлдызы Заттыбек Көпбосынұлының  концерті болады деп хабарландыру беріліп, билеттер сатылымға шыққан сәттен өнерсүйер қауым мерекелік күнді асыға күтті.

Аудан әкімінің орынбасары Құрманғазы Садуақасовтың қатысуымен, аудандық мәдениет бөлімінің басшысы Жанат Таженова, «Юбилейный» мәдениет үйінің директоры Мұрат Нағашыбай аудан төріне келген қонақ Заттыбек Көпбосынұлын «Домбыра сазы» ұлт аспаптар ансамблімен, қазақтың салты шашумен қарсы алды.

Сахна төріне шыққан сүйікті әншілеріне құрмет қошемет білдіріп, әндерін бірге қосыла шырқаған халық мерекелік көңіл күйде екі сағаттық кештің куәсі болды. Бұл жолғы концерттік бағдарламасында туған ел, махаббат тақырыптарын қамтитын жаңа және ертеректен тыңдармандардың жүрек төрінен орын алған әндер шырқалды.

Орамал тон болмайды, жол болмады дегендей кеш барысында аудан әкімінің орынбасары Құрманғазы Әжіғалиұлы аудан әкімінің атынан Заттыбек Көпбосынұлының иығына шапан жауып, алғыс хатын табыс етті. Сондай-ақ, киелі сахна төрінен Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Бақытжан Сәуекенов ақ батасын берді. Көктемнің алғашқы мерекесі Халықаралық әйелдер күні қарсаңында ұйымдастырылған мекерекелік концерт нәзік жанды арулар мен ақ жаулықты аналарымызға тамаша мерекелік сый болды.

Кеш соңынан Заттыбек Көпбосынұлы барша көрермендерге, концертті ұйымдастыруға атсалысқан азаматтарға алғысын білдіріп, өзі алғаш рет келіп отырған Меңдіқара елінің бауырмалдығы мен қонақжайлығына тәнті болғанын жасырмады. Тамаша ән кеші өнер сүйер қауымның сүйікті әніне айналған «Ақмаржан» әнімен тамаша нотада аяқталды. Бұл кешке аудан аумағы мен көршілес Ұзынкөл ауданының да халқы атсалысты.

Нұржамал Шаймерденова:

– Мен бүгін осы концертке арнайы Ұзынкөл ауданынын Обаған ауылынан келіп отырмын. Жыл сайын Заттыбек Көпбосынұлының Қостанай қаласында өтетін концертінен қалмауға тырысамын. Бүгінгі мереке қарсаңындағы концерт өте тамаша өтті, халықтың көңіл-күйі тамаша.

Жұмагүл Қалиева:

– Біз қазақ өнерінің жанашыры ретінде отбасымызбен бүгінгі концертке келіп отырмыз. Біздерге мереке сыйлап, ауданымызға қонақ болып келіп жатқан өнер иесіне алғысымыз шексіз. Келе жатқан көктем мерекесі құтты болсын!

Қымбат НАҒАШЫБАЙ

Редактор

Recent Posts

В Боровской школе-гимназии им.Г.Жумабаева имелся факт работы кухонного работника с подозрением на туберкулез

Об этом корреспондентам районной газеты «Меңдіқара үні» стало известно от родителей, чьи дети учатся в…

4 дня ago

Для паводковых мероприятий из местного бюджета Мендыкаринского района в 2026 году выделено около пяти миллионов тенге

Спасатели района уверены: заблаговременная подготовка - ключ к успешному противостоянию стихии. (далее…)

6 дней ago

Мендыкаринец Никита Романов гармонично совмещает государственную службу и творчество через объектив смартфона

Заниматься мобилографией Никита начал в 2024 году, когда пришел работать на государственную службу. (далее…)

2 недели ago

Меңдіқара ауданының тілдерді оқыту орталығында «Үздік оқытушы – 2026» байқауы ұйымдастырылды

Байқауға орталықтың сегіз оқытушысы қатысып, өз білімдері мен тәжірибелерін ортаға салды. (далее…)

2 недели ago

Меңдіқара ауданының жас спортшысы Олеся Костина республикалық жарысқа жолдама алды

Ауқымды спорттық шараға облыстың 18 командасынан барлығы 246 жас шаңғышы қатысып, өзара бақ сыңасты. (далее…)

2 недели ago

В Мендыкаринском районе случаев заболевания корью не зарегистрировано

Об этом корреспондентам районной газеты рассказал главный санитарный врач Мендыкаринского района Ералы Смагулов. (далее…)

2 недели ago

This website uses cookies.