Categories: Новости

Абай Құнанбайұлы – балалардың тілімен

Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай Тілдерді оқыту орталығы мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының тәрбиеленушілерімен ағымдағы жылдың 20 ақпанынан 21 ақпан аралығында “Бала тілі бал” аудандық сайысын “Абай Құнанбайұлы – балалардың тілімен” тақырыбында өткізді.

Байқаудың мақсаты Ұлы ақын Абайдың шығармаларын болашақ ұрпақ бойына сіңіру, тәрбиеленушілердің үш тілге  деген қызығушылығын арттыру. Мектепке дейінгі даярлық топтарында Ұлы ақынның шығармалары және аударма мысалдарын арқау етіп, тәрбиешілер ашық сабақтар өткізді.

Қазылар алқасының шешімімен Бас жүлде Ғ.Жұмабаев атындағы Боровской мектеп-гимназиясының «Айгөлек» тобы, 1-ші орынды «Балауса» бөбекжай-балабақшасының «Жұлдыз» тобы және Первомай орта мектебінің «Аралар» тобы тең бөлісті, 2-ші орынды «Жас әлем», бөбекжай-балабақшасының «Қарлығаш» тобы, 3-ші орынды А. Шотаев атындағы Боровской мектеп-гимназиясының мектепке дейінгі даярлық тобы иеленді.

«Ізденімпаз топ» номинациясымен Ғ. Жұмабаев атындағы мектепке дейінгі даярлық тобы, «Тіл білгірлері» номинациясымен «Балауса» бөбекжай-балабақшасының «Алтын күн» тобы марапатталды. Байқауға қатысқан мектепке дейінгі даярлық топтарының барлығына бағалы сыйлықтар мен грамоталар табыс етілді.

Өз тілшіміз

Редактор

Recent Posts

На месте заброшенного лагеря «Солнечный» в Мендыкаринском районе построят новую базу отдыха

На территории бывшего пионерского лагеря планируют создать современный круглогодичный центр отдыха для детей и семейного…

1 день ago

Многодетная семья из села Харьковское Мендыкаринского района получила ключи от нового дома

Этот значимый подарок для Нурдаулета Чажабаева и Альфии Рахметовой, воспитывающих пятерых детей, стал возможен благодаря…

7 дней ago

Меңдіқара ауданында Жастар ресурстық орталығының еріктілері жалғызбасты қарттар мен көмекке мұқтаж тұрғындарға қолдау көрсетіп келеді.…

3 недели ago

В Боровском установили арт-объект в виде книги у входа в центральную районную библиотеку

Всю эту красоту - от идеи до воплощения - новый руководитель библиотечной системы Кайыржан Тлесбаев…

3 недели ago

Меңдіқара ауданында ағаш отырғызу жұмыстары жүйелі түрде жалғасуда

Қостанай облысында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық тұжырымдамасы аясында «Менің аулам – менің бағым» облыстық жобасы жүзеге…

3 недели ago

Жители Мендыкаринского района обсудили вопросы безопасности, медицины и соцзащиты

В рамках проекта «Заң мен тәртіп» («Закон и порядок») в Костанайской области продолжается «Караван правовой…

3 недели ago

This website uses cookies.