Categories: Новости

Алғашқы қоңырау сыңғыры

Өткен аптаның жексенбісі еліміздің барлық мектептерінде 1 қыркүйек мерекесіне орай алғашқы қоңырау соғылды

Біздің Ғ.Жұмабаев атындағы Боровской мектеп гимназиясының табалдырығын биылғы оқу жылында 38 бүлдіршін аттап отыр. Салтанатты жиынға арнайы ат салысқан аудан әкімінің міндетін атқарушы Құрманғазы Садуақасов мектеп ұжымы мен оқушыларды, барша ата-аналарды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, жүрек жарды лебізін білдірді. Құттықтау сөз кезегінде мектеп гимназиясының директоры Нұргүл Утеулина мектеп табалдырығын алғаш рет аттап отырған балаларды жылы қарсы алып, ұстаздық тілегін жеткізді. Сондай-ақ, мектеп ұжымы мен ата-аналарға жаңа оқу жылында тек жеңісті, жемісті сәттер тіледі.

Бұл күні 1 сынып оқушылары арнайы даярлаған мерекелік ән мен тақпақтарын тарту етсе, алғашқы ұстаздары оқушыларының алдағы уақытта тәрбиелі, озат оқушы болатындарына сенім артатындықтарын білдіріп, сәт сапар тіледі. Ата-аналар атынан құттықтау сөз  білім үздігі, ардагер ұстаз Қуаныш Сәуекеноваға берілді. Қуаныш апай мереке күні барша жиылған қауымға ақ батасын арнады.

Мерекенің басты символы алғашқы қоңырауды соғу рәсімі 11 сыныптың озат оқушылары Гүлдана Кадырбаева мен Сағдат Жадыраға және 1 сыныптың оқушылары Винура Серикбай мен Нурали Сексенбаевқа ұсынылыды.

Алғашқы қоңырау үнінен соң барша оқушылар «Саналы ұрпақ-жарқын болашақ кепілі» тақырыбындағы алғашқы сынып сағатына жол тартты.

Қымбат НАҒАШЫБАЙ

Редактор

Recent Posts

Из педагогов – в автомеханики: житель Боровского Азат Байманов сменил профессию и нашел в этом свое призвание

Азат Байманов, проработав 17 лет учителем физической культуры и спорта, принял решение кардинально сменить сферу…

2 дня ago

На месте заброшенного лагеря «Солнечный» в Мендыкаринском районе построят новую базу отдыха

На территории бывшего пионерского лагеря планируют создать современный круглогодичный центр отдыха для детей и семейного…

4 дня ago

Многодетная семья из села Харьковское Мендыкаринского района получила ключи от нового дома

Этот значимый подарок для Нурдаулета Чажабаева и Альфии Рахметовой, воспитывающих пятерых детей, стал возможен благодаря…

1 неделя ago

Меңдіқара ауданында Жастар ресурстық орталығының еріктілері жалғызбасты қарттар мен көмекке мұқтаж тұрғындарға қолдау көрсетіп келеді.…

3 недели ago

В Боровском установили арт-объект в виде книги у входа в центральную районную библиотеку

Всю эту красоту - от идеи до воплощения - новый руководитель библиотечной системы Кайыржан Тлесбаев…

3 недели ago

Меңдіқара ауданында ағаш отырғызу жұмыстары жүйелі түрде жалғасуда

Қостанай облысында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық тұжырымдамасы аясында «Менің аулам – менің бағым» облыстық жобасы жүзеге…

3 недели ago

This website uses cookies.