Алдын алу шаралары аудан мектептерінде көрініс тапты

Өткен аптада аудан бойынша «Аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу» тақырыбында жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысы өткен болатын. Ғ. Жұмабаев атындағы Боровской мектеп-гимназиясында да дәл осындай тақырыпта ата-аналардың алдынды құзырлы орган өкілдері мен мектеп әкімшілігі сөз алды.

Алғашқы болып сөз алған мектеп директоры Нұргүл Утеулина балалардың жан-жақты қаіпсіздігін алға тарта отыра, тақырып аясында түсіндірме жүргізді. Аудандық прокуратура қызметкері Анар Оспанова жиын барысынды кәмелеттік жасқа толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу және кез-келген заң бұзушылық аясында заң алдындағы ата-ананың жауапкершілігі турасында баяндама жасады.

Ата-ана мен мектеп арасындағы ынтымықтастық байланыстың негізінде тәрбиеленген тұлға тақырыбында қамқоршылық кеңесінің төрағасы Бағлан Мухамбетова кекеңінен сөз қозғады. Бұл жерде ата-ана мен бала және мектеп арасындағы тығыз қарым-қатынастың орнатылуы, сондай-ақ, отбасындағы тәрбиенің рөлі алға тартылды. Әлеуметтік желідегі өмір тақырыбын арнайы әзірленген видеоролик арқылы аша отыра, тақырыпты өрбіткен мектептің әлеуметтік ұстазы Еркебұлан Шынтеміров жиылған қауымға құнды мағлұмат бере білді.

Мектептегі аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу шаралары жайында мектеп психологі Жұлдыз Мергенова өз баяндамасын жасай отыра, ата-аналарға терең ой салды. Бүгінгі күннің басты мәселесіне айналып отырған «Мұздан баланы сақтау» тақырыбын төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкері Аслан Маратұлы талқыға салды. Бұл жерде күз және көктем айларында балалардың ашық көл-өзен беттеріне өз бетінше бармауын жіті қадағалауларын ата-аналарға нақтылап тапсырды. Бұл дегеніміз өмір қауіпсіздігі екендігін ашып айтты.

Жиын барысында бала өміріне тікелей жауап беруші болып табылатын ата-аналар өздеріне жүктеліп отырған мәселеге бей-жай қарамау керек екендігіне түсіністік танытып, өмір қауіпсіздігі турасында құнды мағлұматпен танысты.

Қымбат НАҒАШЫБАЙ

Редактор

Recent Posts

Многодетная семья из села Харьковское Мендыкаринского района получила ключи от нового дома

Этот значимый подарок для Нурдаулета Чажабаева и Альфии Рахметовой, воспитывающих пятерых детей, стал возможен благодаря…

3 дня ago

Меңдіқара ауданында Жастар ресурстық орталығының еріктілері жалғызбасты қарттар мен көмекке мұқтаж тұрғындарға қолдау көрсетіп келеді.…

2 недели ago

В Боровском установили арт-объект в виде книги у входа в центральную районную библиотеку

Всю эту красоту - от идеи до воплощения - новый руководитель библиотечной системы Кайыржан Тлесбаев…

2 недели ago

Меңдіқара ауданында ағаш отырғызу жұмыстары жүйелі түрде жалғасуда

Қостанай облысында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық тұжырымдамасы аясында «Менің аулам – менің бағым» облыстық жобасы жүзеге…

2 недели ago

Жители Мендыкаринского района обсудили вопросы безопасности, медицины и соцзащиты

В рамках проекта «Заң мен тәртіп» («Закон и порядок») в Костанайской области продолжается «Караван правовой…

3 недели ago

Боровчанин Артем Харченко стал обладателем уникальной «шестерки» с 40 летним пробегом

Для Артема настоящий драйв заключается в запахе бензина, звуке карбюраторного двигателя и аутентичности советской классики.…

3 недели ago

This website uses cookies.