Қарқын Агрофирамасы үздік жұмысшыларды марапаттады

Дәстүрлі ауылшаруашылық қызметкерлерінің мерекесін «Қарқын Агрофирмасы» ЖШС-гі кең көлемде атап өтті.

Аталмыш іс-шараға аудан әкімі Нұрлан Қатарбеков бастаған бір топ құрметті қонақтар ат салысты. Мереке қонақтарына аса құрметпен ас атасы наннан ауыз тию рәсімі жасалды.

Алғашқы құтықтау сөзімен сахна төрінен барша ауылшаруашылық қызметкерлерін аудан әкімі Нұрлан Жеңісұлы құттықтап, бүгінгі атқарып жатқан адал еңбектерін жоғары бағалап өтті. Сондай-ақ, ауданымыз бен облыс көлемінде атқарылып жатқан игі істердің атқарылуында «Қарқын Агрофирмасының» зор үлесі бар екендігіне де тоқталды.

Дәл осы күні салтанатты түрде жоғары көрсеткішті жұмысшылар Дархан Жельдебаев, Алексей Чужик, Болат Торсанов аудан әкімінің қолынан грамотамен марапатталды. Ал, «Жылдың үздік механизаторы» номинациясы Ербол Нұрхановқа табысталыды.

Сондай-ақ, еңбек ардагерлері Николай Бельский, Александра Леготина, Арсалда Шектыбаева, Нина Бровко, Надежда Соснина, Анатолий Веселый, Владимир Холодов, Мария Козаченко, Валентина Арцыбасова, Анатолий Шабанов аудан әкімінің құрметіне бөленді.

Қостанай облысы бойынша «Туркуаз Машинери» фирмасының директоры Рахат Жиенкулов, «Боровской» аграрлық несие корпорациясының өкілі Гүлмира Жунусова сахна төрінен сөз алып, мереке иелерін құттықтады.

Осы ретте «Үздік өндіріс маманы» анықталып, Андрей Богдан марапатқа ие болды. «Жылдың үздік малшысы» номинациясын шаруашылық ардагері Сәлімжан Құдабаев және Қостанай облысы бойынша «Первая Агрохимическая Компания» ЖШС-нің директоры Тимур Тухтаров табыстады. Бұл номинацияға Байболсын Шаншаров лайық деп танылды.

«Жылдың үздік жүргізушісі» номинациясын М.Қарабаев атындағы оңалту орталығының бас дәрігері Марат Шалов табыс етті. Аталмыш номинация иегері Алексей Чужик атанды.

Іс-шараны қорытындылай келе «Қарқын -Агрофирмасының» директоры Еркін Бұқанов сөз алып, барша еңбеккерлерді мерекемен құттықтап, адал еңбектеріне алғысын білдірді. Дәстүрлі түрде мерейтой иелерін қаржылай және Алғыс хатпен марапаттады.

Бұл ретте Ирина Соловей, Еркен Арстангалиев, Акан Кульмаков, Есмырза Жумабаев мадақталды.

Еркін Сайранұлы «2019 жылда әкімшілік-басқарманың үздік қызметкерін» анықтады. Осындай номинацияға Ботагөз Досанова ие болды. Жылдан-жылға дәстүрге айналған көліктін кілті биылғы жыл Қайрат Досановқа табыс етілді.

Салтанатты шараны жақсы көңіл-күймен, мерекені Қостанай қаласының «Мирас» мәдениет үйінің өнерпаздары жалғастырды. Нағыз еңбек адамдары үшін тамаша концерттік бағдарлама мерекелік дастархан жайылды.

Қымбат НАҒАШЫБАЙ

Редактор

Recent Posts

Меңдіқарада қарияларға құрмет көрсетілді

Өмір жолында талай белесті бағындырып, кейінгі буынға ақыл-кеңесін айтып, өнегелі ғұмыр кешіп келе жатқан…

2 дня ago

Учитель начальных классов из Мендыкаринского района Ирина Кобзарь удостоена грамоты акима области

Чествование состоялось во Дворце молодежи «Жастар». На него пригласили более 300 человек со всей области.…

2 дня ago

Супруги Дмитрий и Ольга Кондратьевы из Мендыкары имеют за плечами 20 лет опыта работы в сфере образования

Сегодня Дмитрий Анатольевич преподаёт физическую культуру в Первомайской общеобразовательной школе, а Ольга Александровна - учитель…

3 дня ago

Мендыкаринец Иван Баганов продолжает пчелиное дело своего отца

Два года назад ушел из жизни Анатолий Иванович Баганов, но дело всей его жизни не…

5 дней ago

В Мендыкаринском районе дан старт подключению объектов соц.сферы к системе теплоснабжения

О том, как проходит подготовка к предстоящим холодам, рассказал руководитель отдела ЖКХ, пассажирского транспорта и…

6 дней ago

Правило «пяти метров» в этом году стало ключевым требованием для жителей Мендыкаринского района

Отныне каждый собственник - будь то владелец частного дома, магазина или квартиры в многоэтажки -…

7 дней ago

This website uses cookies.