Тобыл – Торғай, Қостанай өңірінің өнерпаздары додаға түсті
Айтыс, қазақтың төл өнері, рухани қазынасы, өткеннен бүгінге, атадан- балаға мирас болып келе жатқан ұрпақты тәрбиелейтін, елдің жаңалығы мен жақсылығы, кемшілігі мен көркемдігін жеткізетін бірден – бір дода.
Осындай дүбірлі дода біздің де ауданымызда болып өтті. Бұл айтыстың бұрынғы айтыстан өзгешесі ақындар мен асабалар арасында болды. Осыдан үш жыл бұрын бастау алған «Асабалар алаңы» жобасы «Той -тәрбие бастауы» атты тақырыпта жалғасын тапты. Мұндағы мақсат, өнер жолында жүрген асабалар мен ақындардың біліктілігі мен беделін арттыру. Ұлттық өнеріміз айтысты насихаттау. Бойында ақындық қабілеті бар асабаларды қолдау. Асабалардың сөз саптау шеберлігі мен той жүргізу бағытындағы тәрбиелік қалпын қалыптастыру – дейді, жоба жетекшісі Мұрат Нағашыбай.
Сонымен қатар, қазақтың тойы қазіргі күні қазақтың салт-дәстүр, жөн-жоралғысын насихаттап, оны дамытатын, ұрпаққа ұлағаттайтын бірден-бір рухани бас қосу деуге болады. Ұлттық тәрбиенің, салт-сананың түп-тамыры ең бірінші отбасындағы, әулеттегі ауылдағы ұлттық экономикалық болмыста екенін ескергеніміз жөн. Ертеректе қазақтың тойын қасқырдай қырағы, қырандай алғыр, сұңқардай өр, сыр мен сымбаты келіскен сегіз қырлы бір сырлы өнер иелері басқарып, үлгі болған. Ал қазіргі таңда той бағыты өзгеріп, той төрінде артықшылық пен исрапшылық көбейгендей. Және де дәл осы Меңдіқара ауданында соңғы 10-15 жылдың көлемінде айтыс болмағанында ескереді.
Сонымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, Жастар жылын қорытындылап өткен аймақтық айтысқа, аудан әкімінің атынан аудандық мәслихаттың хатшысы Арықов Қайрат Қуанышұлы сөз сөйлеп, құттықтауын білдірді. Тобыл – Торғай, Қостанай өңірінен сегіз өнерпаз қатысты. Сахнаға алғашқы болып шыққан Алтынсарин ауданының жас ақыны Әбдірахман Алпыс пен жерлесіміз Меңдіқара ауданының жас ақыны Дінмұхамет Құсайынов өзіндік айтыс жасады. Жас болса да алғашқы болып шығып сөз саптау шеберлігін танытып, орамды ой салала білді. Халыққа өтімді болған, әзілі жарасып, құрдастар қалжыңын көрсете білген Қостанай ауданының ақыны Медет Байзақов пен Торғайлық ақын Жасұлан Махат болды. Айтыстың ортасына келгенде халықтың делебесін қоздырып, құда-құдағи болуға шарттасып, дәстүрді дәріптей білген Алтынсарин ауданының ақыны, азулы асаба Біржан Жүзбай мен айтыскен ақын қызымыз Салтанат Өтелбаева ерекше өнер көрсетіп көрерменнің көңілінен шықты. Төртінші жұп болып шыққан Бейімбен Майлин ауданынан келген танымал айтыскер ақын Мамай Ізтілеу мен Рудный қаласының асабасы Еркін Нұржанда қатардан қалыс қалмай салиқалы сөз айтып, қазіргі тойлардың ащы сусыз өту керектігін тілге тиек етті.
Қазылар алқасында облыстық Қостанай таңы газетінің тілшісі, республикалық, облыстық дәстүрлі әншілер байқауының лауреаты, Облыстық Меценаттар клубы «Қазына» сыйлығының иегері Қыдырбек Қиысханұлы.
Ақындар мен асабалардың айтысы болғандықтан қазылар қатарына белгілі асаба, шәкірт дайындап, бағыт – бағдар беріп жүрген, өздеріңізге танымал өнер иесі, осы ауданның мәдениетінің өркен жаюына үлес қосып, дәл осы сахнада талай үлкен іс-шаралар ұйымдастырған, азулы асаба – Айсағалиев Жанұзақ Жүрсінұлы. «Жазба айтыс» жобасының жүлдегері, Қостанай облысы, Меценаттар клубы «Шабыт» сыйлығының иегері, Қостанай телеарнасының редакторы Қанғожин Асылан Жақсылықұлы төрелік жасады. Қазылар алқасының шешімі бойынша екінші айналымда Мамай Ізтілеум мен Салтанат Өтелбава, Біржан Жүзбай мен Еркін Нұржан айтыстып өнер көрсетті. Айтыс қорытындысы бойынша Дінмұхамет Құсайынов, Әбдірахман Алпыс, Жасұлан Махат, Медет Байзақов ақындарымыз жақсы өнер көрсеткені үшін аудан әкімінің атынан дипломмен марапатталып, 15000 теңгелік сертификатқа ие болды. Үшінші орынды Рудныйлық Еркін Нұржан алса, екінші орын Салтанат Өтелбаеваға бұйырды. Бейімбет Майлин ауданының ақыны Мамай Ізтілеу бірінші орынды қанжығасына байлады. Бас жүлдеге лайықты Алтынсарин ауданының атынан келген ақын, асаба Біржан Жүзбай алды. Сонымен қатар Меңдіқара ауданының атынан арнайы сыйлық қаржылай табысталды.
«Қалың орман» шаруашылығы демеушілік жасаған Кәмшат Дөненбаева атындағы сыйлықты айтыскер ақын Салтанат Өтелбаева алса, Ғ. Жұмабаев атындағы сыйлық жерлесіміз Дінмұхамет Құсайыновқа бұйырды, демеуші Жұмабаев Балтабай Қабжанұлы. Аудандық мешіттің бас имамы Еркебұлан Жаңбырбайұлы демеушілік жасаған Зұлқарнайұлы Мұсақажы мешітінің атындағы сыйлықты Медет Байзақов алды. Қарақоға ауылдық әкімі Тілеуқабыл Мәрденұлы мен Аманболат Кәкімжанұлы дайындаған Оразалы Қозыбаев атындағы сыйлық Жасұлан Махатқа берілді. Төлеген Тұрағұлов атындағы сыйлық Рудныйлық асаба Еркін Нұржанға табысталды, демеуші Тұрағұлов Мұрат Темірбекұлы.
Шалов Марат Тәңірбергенұлы демеушілік жасаған М. Қарабаев атындағы сыйлықты Алтынсарин ауданының ақыны Әбдірахман Алпыс еншіледі. Спандияр Көбеев атындағы сыйлықты ұрпақтары Мамай Ізтілеуге табыстады. Ал, жеңімпаз Біржан Жүзбай Тұрсынбай Батыр атындағы сыйлықты алды.
Аудан әкімінің қолдауымен, облыстық мәдениет басқармасының рұқсатымен, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мен мәдениет үйінің ұйымдастыруымен өткен «Асабалар алаңы» жобасы бойынша өткен «Той – тәрбие бастауы» ақындар мен асабалар арасындағы айтысты тамашалауға арнайы келген ауылдардан да көрермендер келгенін есере отырып алғыс білдіреміз – дейді, ұйымдастырушылар.
Қостанай облысы әкімдігі, мәдениет басқармасының «Облыстық көркем өнерпаздардың халық шығармашылығы мен кинобейнеқор орталығының» басшысы Қалқаев Дамир Елтайұлы арнайы келіп елге, ұйымдастырушыларға, ел ағаларына алғыс білдіріп, рахметін айта отырып, жоба жетекшісі әрі ұйымдастырушысы Мұрат Нағашыбайға мәдениет басқармасының атынан алғыс хат табыстады.
Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Тәженова Жанат Мұхиденқызы қорытынды сөз сөйлеп барлық ауылдар мен ауданнан келген көрерменге, айтыстың өтуіне демеушілік жасаған ел азаматтарына, ел ағаларына алғысын айтып ризашылығын білдірді. Өлеңге сүйсініп, өнерге бас иген, айтысты ардақтап, ақынды құрметтеп келген ағайын дән риза болып арқа, жарқа болып тарқасты.
Қымбат НАҒАШЫБАЙ
Қарашаның 14 жұлдызында аудандық мәдениет үйінің төрінде «Юбилейный» мәдениет үйінің әншісі Ғалымжан Маутановтың жеке ән…
Об этом рассказал начальник отделения криминальной полиции Мендыкаринского района Александр Желтоножко (далее…)
Касым-Жомарт Токаев выразил благодарность Владимиру Леонову за активное участие в проведении республиканского референдума по строительству…
Многожанровый фестиваль проходил в областном центре и собрал порядка ста участников (далее…)
Доступ к современным технологиям позволяет мендыкаринским школьникам расширить свои знания (далее…)
Қарашаның 7-ші жұлдызында аудан орталығында орналасқан Ғаббас Жұмабаев атындағы Боровской мектеп-гимназиясының төрінде ұлағатты ұстаз Қапар…
This website uses cookies.