Меңдіқара ауданында көктемгі су тасқынына байланысты жағдай тұрақты

Көктем мезгілінің жақындауына байланысты су тасқыны қаупі жыл сайын өзекті мәселелердің бірі болып табылады.

Әсіресе қардың қалың түсуі мен күннің күрт жылынуы өзен – көлдердің деңгейінің көтерілуіне әсер етіп, елді мекендерге қауіп төндіруі мүмкін. Осыған орай Мендіқара ауданында 2026 жылғы көктемгі су тасқыны кезеңіне дайындық жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде.

Аудан аумағында барлығы 7 гидротехникалық нысан бар. Оның 6 жергілікті атқарушы органдардың балансында болса, 1 нысан «Заря» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне тиесілі. Аталған нысандар жыл сайын тексерістен өткізіліп, олардың қауіпсіздігі бақылауда ұсталады. Қазіргі таңда бұл нысандарды тиісті мекемелердің балансына беру жұмыстары жүргізілуде.

«Қазгидромет» РМК  мәліметтеріне сәйкес, биылғы жылы қар қоры мен топырақтағы ылғал мөлшері өткен жылмен салыстырғанда жоғары. Қар жамылғысының қалыңдығы мен су қорының нормадан сауы көктемгі су тасқыны қаупінің жоғары болуы мүмкін екенін, көрсетеді.

Осыған байланысты аудан бойынша арнайы іс-шаралар жоспары бекітіліп, бірқатар инженерлік және алдын алу жұмыстары атқарылған. Атап айтқанда, жол бойындағы су өткізу құбырлары кеңейтіліп, тозығы жеткендері жаңартылған. Сонымен қатар, Ақсуат ауылында су басу қаупін азайту мақсатында қосымша қорғаныс бөгеті салынды. Бұл шаралар тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.

-Аудан аумағында жүргізілген бақылау және дайындық жұмыстарының нәтижесінде қазіргі уақытта су тасқыны бойынша қауіп тіркелген жоқ. Жағдай тұрақты, барлық көрсеткіштер қатаң бақылауда. Су тасқынының алдын алу бағытында кешенді іс-шаралар жүзеге асырылуда. Қар шығару жұмыстарымен қатар,  тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілуде, – дейді аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Андрей Арбузов

Су тасқынының алдын алу мақсатында жолдар мен арық – атыздар тазартылып, жол бойларындағы қар шығару жұмыстары қарқынды түрде жүргізілуде. Бүгінгі күнге дейін бірнеше мың текше метр қар арнайы полигондарға шығарылған. Сонымен қатар, төтенше жағдайларға қажетті техника, құм қаптары, жанар-жағармай қоры толық дайындалған.

Қорытындылай келе, көктемгі су тасқынына дайындық – тек мемлекеттік органдардың ғана емес, барша тұрғындардың ортақ міндеті. Уақытылы атқарылған алдын алу шаралары мен бірлескен әрекет төтенше жағдайлардың алдын алып, қауіпсіздікті қамтамасыз етуге болады.

Ақжан Байтұрсынова

Суретті түсірген А.ШАЯХМЕТОВ

Редактор

Recent Posts

Меңдіқарада қарияларға құрмет көрсетілді

Өмір жолында талай белесті бағындырып, кейінгі буынға ақыл-кеңесін айтып, өнегелі ғұмыр кешіп келе жатқан…

3 дня ago

Учитель начальных классов из Мендыкаринского района Ирина Кобзарь удостоена грамоты акима области

Чествование состоялось во Дворце молодежи «Жастар». На него пригласили более 300 человек со всей области.…

3 дня ago

Супруги Дмитрий и Ольга Кондратьевы из Мендыкары имеют за плечами 20 лет опыта работы в сфере образования

Сегодня Дмитрий Анатольевич преподаёт физическую культуру в Первомайской общеобразовательной школе, а Ольга Александровна - учитель…

4 дня ago

Мендыкаринец Иван Баганов продолжает пчелиное дело своего отца

Два года назад ушел из жизни Анатолий Иванович Баганов, но дело всей его жизни не…

6 дней ago

В Мендыкаринском районе дан старт подключению объектов соц.сферы к системе теплоснабжения

О том, как проходит подготовка к предстоящим холодам, рассказал руководитель отдела ЖКХ, пассажирского транспорта и…

7 дней ago

Правило «пяти метров» в этом году стало ключевым требованием для жителей Мендыкаринского района

Отныне каждый собственник - будь то владелец частного дома, магазина или квартиры в многоэтажки -…

1 неделя ago

This website uses cookies.