«Асабалар алаңы» жобасында айтыс!

Үш жыл бұрын аудан төрінде жаңа жобаның тұсауы кесіліп, өнер сүйер қауым «Асабалар алаңы» атты іс-шараның куәсі болған еді.

Міне, бүгінде аталмыш жоба өз жалғасын жаңа форматта тапқалы отыр. Осы орайда жоба жетекшісі, аудандық Мәдениет үйінің өнерпазы Мұрат Нағашыбайға жолығып, алдағы өткізілгелі тұрған жобаның жаңалығы жайында біліп қайтқан болатынбыз.

– Биылғы жобаның ерекшелігіне тоқталып өтсеңіз.

– «Асабалар алаңы» жобасын облыстық деңгейде алғаш рет 2016 жылы өткізген болатынбыз. Араға үш-төрт салып  жалғасын тауып жатыр. Алғаш рет өткізген кезде  10 асаба өнер көрсетіп, берілген тапсырмаларды орындап, тойға қатысты мәселелерді көтерген болатынбыз. Оған  аудан тұрғындары мен алыс-жақыннан арнайы келген өнер сүйер қауым куә болды. Ал, биыл «Асабалар алаңы» жобасында аймақтық ақындар мен асабалардың айтысын өткізгенді жөн көріп отырмыз.

– Неліктен ақын мен асабаның арасындағы айтыс жасауды ұйғардыңыздар?

– Елбасымыздың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша айтыс, жыр, терме байқаулары, дәстүрлі ән кештері еліміздің түкпір-түкпірінде болып жатыр. Ал, айтыс қазақтың төл өнері, халықты рухани азықтандыратын, елдің кем-кетігін айтатын, жақсылығын жариялайтын да осы айтыс. Біздің облыстың аудан, қалаларында республикалық, аймақтық көптеген ақындардың айтысы өтуде. Меңдіқара ауданында айтыс өнері кенжелеп келеді. Соңғы рет аудан төрінде 2017  жылы «Жас тұлпар» облыстық оқушылар арасындағы айтыс өтті. Жалпы айтыс елде жиі болып тұру керек, төл өнеріміздің кейінгі ұрпаққа насихатталуы қажет деген ойдамын. Сол үшін «Асабалар алаңы» жобасын айтысқа арнап өткізгелі отырмыз.

– Неге ақындар мен асабалар айтысады және тақырып «Той-тәрбие бастауы» деп алынып отыр. Сонда ақындар той тақырыбында айтыса ма?

– Мұндай айтыс біздің елімізде болып жатыр. «Жұлдыздар айтысады» деген тақырыпта болды. Әншілер, әзілкештер ақындармен айтысып шоу жасады. Жақында телевизиялық отбасылық айтыс өтті. Сол сияқты бізде айтыстың жаңаша түрлерін қосып, ақындар мен асабалардың айтысын жасап жатырмыз. Өздеріңіз біліп отырған «Асабалар алаңы» жобасында болғандықтан асабаларды айтысқа қостық. Жалпы сегіз өнерпаз қатысады. Төрт ақын, төрт асаба айтыс жасайды. Бұл аймақтық болғандықтан облыстың аудан, қалаларына жарнама бергеніміз жоқ. Ақындық қабілеті бар асабаларды іріктеп алдық. Асабалардың ішінде алдыңғы толқын ағаларымызда, кейінгі жастарда өнер көрсетеді. Ал, ақындарымыз Салтанат Өтелбаева, Мамай Ізтілеу үлкен додаларға түсіп, жүлделі болып жүрген танымал ақындар. Медет Байзақов, жерлесіміз Дінмұхамет Құсайынов сынды жас ақындар да бар. Жалпы «Той-тәрбие бастауы» деген қазақтың сөзі  тойда ақ тілек, ақыл сөз, мағыналы әңгіме, әсерлі ән, астарлы әзіл, қарияларымыздан берекелі бата болу дегенді білдіреді.  Қазіргі таңда қазақтың тойларына көп өзгеріс еніп кетті. Кейінгі тойларда оймен емес, шоумен жүргізетін асабалардыда көріп жүрсіздер. Тойдың осындай артықшылығын, кем-кетігін жырға қосып айтатын болады.

– Өзіңізден қорытынды сөз.

– Алғаш рет «Асабалар алаңы» жобасын өткізгенде осы ауданның ел ағалары, жеке кәсіпкерлері, киелі өнерге бас иетін  ел азаматтарының демеушілігімен, қолдауымен өткізген болатынмын. Ал, осы жолы аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің қолдауымен, Мәдениет үйінің ұйымдастыруымен өткізгелі отырмыз. Жеңімпаздарға арнайы сыйлықтар тағайындалып, жүлделі орындар беріледі. Өнер сүйер қауымды 21қараша күні сағат 15:00-де аудандық «Юбилейный» Мәдениет үйінде өтетін өнер додасын тамашалауға шақырамыз.

Редактор

Recent Posts

Жительница села Степановка превратила свой двор в настоящий цветочный оазис

Последние пять лет во дворе у семьи Шестаковых гармонично уживаются более двух десятков видов растений.…

22 часа ago

Правило «пяти метров» в этом году стало ключевым требованием для жителей Мендыкаринского района

Отныне каждый собственник - будь то владелец частного дома, магазина или квартиры в многоэтажке -…

1 день ago

Меңдіқарада ескерткіш жаңартылып, жаңа спорт алаңы ашылды

Қаратал ауылында ел тарихына тағзым етіп, өскелең ұрпаққа жағдай жасауға бағытталған қос нысан ел игілігіне…

2 дня ago

С начала года на территории Медыкары произошло 12 пожаров в жилом секторе

Несмотря на активную профилактическую работу, статистика показывает, что не все жители осознают серьезность угрозы. (далее…)

5 дней ago

В Мендыкаре продолжается работа по очистке населенных пунктов от ветхих и аварийных строений

Ликвидация «заброшек» - это не просто вопрос эстетики, а важный шаг в реализации экологической программы…

1 неделя ago

Меңдіқарада ұлттық ойынға деген қызығушылық артып келеді

Меңдіқара ауданында асық ату мен бес асық спорты қарқынды дамып келеді. (далее…)

1 неделя ago

This website uses cookies.