Қасиетті Рамазан айында алғашқы ауызашар қоржындары таратылды

Күллі мұсылман қауымының асыға күтетін, мол сауапқа кенелетін, игілік пен жақсылыққа ұмтылып, сансыз қайырымдылық жасайтын мейірім айы Рамазан да келіп жетті

Қасиеттерді айлардың бірі әрі бірегейі –Рамазан айы. Рамазан айында бір ай ораза ұстап, адамдар жақсылық жасауға асығады. Айлардың сұлтаны келіп жетіп, жүрегі жайсаң жерлестеріміз де жақсылық жасауға асықты. Аудан төрінде Рамазан айының алғашқы күнінен игі істер бастау алып, жалғасын тауып келеді.

«Зұлқарнайұлы Мұса қажы» мешітінің бас имамы Еркебұлан Қошанның бастамасымен елдегі пандемия жағдайына байланысты мұқтаж жандарға, көп балалы және аз қамтылған 11 отбасыға азық-түлік салынған ауызашар қоржындары таратылды. Ауызашар қоржындарын тарату шарасы барысында Меңдіқара ауданының бас имамы барша жиналған қауымға Рамазан айының ерекшелігі, оразаның пайдасы жайлы әңгіме өрбітіп, келіп жеткен қасетті Рамазан айымен құттықтады.

Жыл сайын ауызашар рәсімі мешітте өткізіліп, ораза ұстаған ағайынға ауызашар мешітте берілетін. Биылғы жылы еліміздегі жағдайға байланысты жылдағы дәстүр өзгерді. Десе де, мешітке келген қайырымды жамағаттың арқасында ауызашар қоржындары таратылып, қайырымдылық жасалды.

Мешіт имамының айтуынша, мешітте ауызашар рәсімі өткізілмегенімен, ауызашар қоржындары санитарлық талаптарды сақтай отырып таратылуда. Алдағы уақытта да аптаның әр жұмасында қайырымдылық шарасы өз жалғасын табатын болады. Ал, ауызашардан ауыз тиген жандардың, қайырымды іске атсалысқан мейірімі шексіз ағайынға айтар алғыстары мен ризашылықтары мол.

-Қасиетті Рамазан айы келіп жетіп, баршамыз қуанышқа кенеліп жатырмыз. Барлық мұсылман бауырларымыздың сағына күтетін айларының бірі. Мейірмділік пен қайырымдылыққа толы Рамазан айында, менің де отбасыма жақсылық жасалды. Еліміздегі індетке байланысты бүгінгі таңда мешітте ауызашар берілмейді екен. Дегенмен, игі бастамалар қолға алынып қайырымдылық шаралары жасалып жатыр. Арамызда жаны жайсаң жақсылардың бары қуантады. Ауызашар қоржынын бас имамның бастауымен, жақсылардың қолдауымен қабыл алдым. Әркез отбасыма қолдау білдірген, тілекші болған жандарға үлкен алғысымды айтқым келеді,- деді жалғыз басты әке Серік Кәкімжанов.

Халқымыз «қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің» деп бекер айтпаса керек. Айлардың сұлтаны атанған құлшылық айында жақсылық жасап, мол сауапқа кенелген жүрегі кең, мейірімі шексіз жандарға алғыс айта отырып, барша мұсылман қауымды қайырымдылық шараға ат салысуға шақырамыз. Тамшыдан көл құралар демекші, мұқтаж жандарға ел болып көмек беруге асығайық.

Тұрсынай Мұхтарқызы

Редактор

Recent Posts

Чистота начинается с каждого из нас: Мендыкаринский район присоединился к Всемирному дню чистоты

В рамках общенациональной инициативы «Таза Қазақстан» и в преддверии World Cleanup Day - жители района…

5 дней ago

В Мендыкаринском районе урожайность пшеницы в ТОО «Олжа Агро Боровское» достигла 26 ц/га

Аграрный сезон 2026 года стал для ТОО «Олжа Агро Боровское» настоящим испытанием на прочность. (далее…)

6 дней ago

Жительница села Степановка превратила свой двор в настоящий цветочный оазис

Последние пять лет во дворе у семьи Шестаковых гармонично уживаются более двух десятков видов растений.…

2 недели ago

Правило «пяти метров» в этом году стало ключевым требованием для жителей Мендыкаринского района

Отныне каждый собственник - будь то владелец частного дома, магазина или квартиры в многоэтажке -…

2 недели ago

Меңдіқарада ескерткіш жаңартылып, жаңа спорт алаңы ашылды

Қаратал ауылында ел тарихына тағзым етіп, өскелең ұрпаққа жағдай жасауға бағытталған қос нысан ел игілігіне…

2 недели ago

С начала года на территории Медыкары произошло 12 пожаров в жилом секторе

Несмотря на активную профилактическую работу, статистика показывает, что не все жители осознают серьезность угрозы. (далее…)

3 недели ago

This website uses cookies.