Ата Заң құрдастары

Ануар мен Дамира үшін қос мереке

30 тамыз, дәл осы күні 1995 жылы республикалық референдумда елдің басты Ата Заңы қабылданды.

Бұл күн Ануар мен Дамира Смаиловтар үшін қос мереке. Өйткені олар Ата Заң күнімен құрдас жандар.

Ануар мен Дамира Меңдіқара ауданының тумалары, екеуі де білімді, еңбекке құштар. Қолдарына диплом алған күннен туған жердің төсінде еңбек етіп келеді. Отағасы аудандық білім бөлімінің спорт саласы бойынша әдіскері. Ал, жолдасы Дамира «Жас Әлем» балабақшасының тәрбиешісі. Өз қызметтеріне сүйіспеншілікпен әрі зор жауапкершілікпен қарайтын жастардын алар асуы әлі алда. Бүгінде жас отбасында Нұрсая, Әмірхан есімді бүлдіршіндер ата-анасының көз қуанышы болып өсіп келеді.

-Тәуелсіздік пен Конституцияны егіз ұғым деп білеміз. Осы Ата Заңымыз бен Егемендігіміздің арқасында еліміз өсіп-өркендеп келеді. Елімізде әсіресе жастарға мол мүмкіндіктер қарастырылып, жан-жақты дамуына жағдай жасалып отыр. Бұл мерекесінің біз үшін алар орны ерекше, біріншіден біз аталмыш күн бекітілен жылы дүниеге келген болсақ, енді жыл сайын бірге туған күнімізді тойлап келеміз.  Былтырғы жылы «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында баспаналы болдық.  Биылғы жыл Елбасымыздың жарлығымен «Жастар жылы» болып бекітілгенін де айта кеткіміз келеді  ал, біздің отбасымыз үшін бұл жыл тіптен ерекеше болғалы тұр. Тұңғышымыз мектеп табалдырығын аттағалы отыр, ұлымыз Әмірхан алғаш рет балабақшаға барады.  Барша меңдіқаралықтарды келе жатқан атаулы мерекемен құттықтап, еңбектеріне  табыс тілейміз. Еліміздің өркен жайып, алға басуына баршамыз үлес қосайық, – дейді жастар.

Біз де туған жердің түлектері, еліміздің жас шаңырағы бола білген Ануар мен Дамираға сәттілік тіледік!

Қымбат НАҒАШЫБАЙ

Редактор

Recent Posts

Из педагогов – в автомеханики: житель Боровского Азат Байманов сменил профессию и нашел в этом свое призвание

Азат Байманов, проработав 17 лет учителем физической культуры и спорта, принял решение кардинально сменить сферу…

2 дня ago

На месте заброшенного лагеря «Солнечный» в Мендыкаринском районе построят новую базу отдыха

На территории бывшего пионерского лагеря планируют создать современный круглогодичный центр отдыха для детей и семейного…

4 дня ago

Многодетная семья из села Харьковское Мендыкаринского района получила ключи от нового дома

Этот значимый подарок для Нурдаулета Чажабаева и Альфии Рахметовой, воспитывающих пятерых детей, стал возможен благодаря…

1 неделя ago

Меңдіқара ауданында Жастар ресурстық орталығының еріктілері жалғызбасты қарттар мен көмекке мұқтаж тұрғындарға қолдау көрсетіп келеді.…

3 недели ago

В Боровском установили арт-объект в виде книги у входа в центральную районную библиотеку

Всю эту красоту - от идеи до воплощения - новый руководитель библиотечной системы Кайыржан Тлесбаев…

3 недели ago

Меңдіқара ауданында ағаш отырғызу жұмыстары жүйелі түрде жалғасуда

Қостанай облысында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық тұжырымдамасы аясында «Менің аулам – менің бағым» облыстық жобасы жүзеге…

3 недели ago

This website uses cookies.