Балалардың жазғы демалыс кезеңін тиімді әрі қызықты етіп өткізулеріне аудандық Балалар мен жасөспірімдер шығармашылық мектебінің үлесі зор
Үш айға ұласқан демалыс мерзімінде аталмыш мектепте түрлі үйірмелер жұмыс істеді. Оның ішінде спорттық ойын-сауық алаңы түске дейін жән екінші ауысымда әр бала өз қызығушылықтары бойынша сурет салу, шығармашылыққа бет бұру, қолөнер шеберлігі сынды бөлімдерде ой өрістерін толықтырды.
Балалардың бос уақытын қызықты етіп өткізулеріне қосымша білім беру мекемесінің ұстаздары М.В. Греля, Л.К. Гулакова, Г.Д. Тайкенованың
Еңбегін атап өтуге болады. Шығармашылық пен өнер саласынан бөлек оқушылар ауданымыздың тарихы тұнған ескерткіш тақталар мен және киелі орындармен де танысу мүмкіндігіне ие болыды. Бұл әрбір баланың жүрегіне патриоттық сезім ұялатып, өз туған жеріне деген махаббатын оятуға деген бірден-бір сабақ болғаны анық.
Сондай-ақ, демалыс алаңы балалар үшін тек қана көңіл көтеріп, ойын-ойнаудан бөлек өзара достық қарым-қатынас орнатып, ортақ тіл табыса білуге де тәрбиелейтін орта екенін ескергеніміз жөн-дейді, мектеп ұстаздары.
Балалар мен жасөспірімдер шығармашылық үйінің ауқымды әрі нәтижелі жұмысы жоғары бағаланып, қосымша білім беру ұйымдарының педагогтерінің Республикалық тамыз кеңесінде шығармашылық үйінің жетекшісі Перузат Сарсенбекқызы Кушанова білім Министрінің грамотасымен марапатталды.
Қымбат НАҒАШЫБАЙ
Азат Байманов, проработав 17 лет учителем физической культуры и спорта, принял решение кардинально сменить сферу…
На территории бывшего пионерского лагеря планируют создать современный круглогодичный центр отдыха для детей и семейного…
Этот значимый подарок для Нурдаулета Чажабаева и Альфии Рахметовой, воспитывающих пятерых детей, стал возможен благодаря…
Всю эту красоту - от идеи до воплощения - новый руководитель библиотечной системы Кайыржан Тлесбаев…
Қостанай облысында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық тұжырымдамасы аясында «Менің аулам – менің бағым» облыстық жобасы жүзеге…
This website uses cookies.