Аудан жастары арасында қашықтықта өткен байкау

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру мақсатында ауданымызда көптеген іс-шаралар өткізілуде

Ағымдағы жылғы 20 наурыздан 16 сәуір аралығында  Меңдіқара ауданы әкімдігі тілдерді оқыту орталығының ұйымдастыруымен үш тілді жетік меңгерген қабілетті  аудан жастары  арасында «Тіл шебері-2021» аудандық сайысы қашықтан өткізілді. Сайыста үміткерлердің  жылдар бойы жинаған тәжірибелері ортаға салынып, білімдері сыналды.

Олар сайыс ережесіне сай  екі кезең бойынша тапсырма орындады. Бірінші кезеңде  тіл шеберлері берілген тапсырма бойынша эссе жазды. Яғни, олар «Тәуелсіздігімізге 30 жыл» және «Рухани жаңғыру» тақырыптарында және  түрлі маңызды басқада тақырыптарда шағын эссе жазды. Мұндағы ең басты шарт – мәтінді мағыналы әрі грамматикалық тұрғыда сауатты жазып беру болды. Сондай-ақ, тіл шеберлері тақырыптың мазмұнын аша білулері қажет болды. Екінші кезеңде мәтінге үш тілде ілеспе аударма жасады.

Сайысқа  жеті үміткер қатысты. Осы байқауда олар қазақ тілінің өміршеңдігі мен өзге тілге деген құрметтерін айқын аңғартты. Қазылар алқасының шешімімен бірінші орынды «Ломоносов жалпы білім беретін  мектебі» ММ ағылшын тілінің мұғалімі Динара Сактапергенова, екінші орынды «Ғаббас Жұмабаев атындағы Боровской мектеп – гимназиясы» ММ ағылшын тілінің мұғалімі Әлия Самиғатова, үшінші орынды «Ахметқазы Шотаев атындағы Боровской мектеп – гимназиясы» ММ ағылшын тілінің мұғалімі Қымбат Аманжолова иеленді. Сайыс соңында қатысушылар бағалы сыйлықтармен және грамоталармен марапатталды.

А. Бирманова

                              Тілдерді оқыту

орталығының басшысы

Редактор

Recent Posts

Чистота начинается с каждого из нас: Мендыкаринский район присоединился к Всемирному дню чистоты

В рамках общенациональной инициативы «Таза Қазақстан» и в преддверии World Cleanup Day - жители района…

3 дня ago

В Мендыкаринском районе урожайность пшеницы в ТОО «Олжа Агро Боровское» достигла 26 ц/га

Аграрный сезон 2026 года стал для ТОО «Олжа Агро Боровское» настоящим испытанием на прочность. (далее…)

4 дня ago

Жительница села Степановка превратила свой двор в настоящий цветочный оазис

Последние пять лет во дворе у семьи Шестаковых гармонично уживаются более двух десятков видов растений.…

2 недели ago

Правило «пяти метров» в этом году стало ключевым требованием для жителей Мендыкаринского района

Отныне каждый собственник - будь то владелец частного дома, магазина или квартиры в многоэтажке -…

2 недели ago

Меңдіқарада ескерткіш жаңартылып, жаңа спорт алаңы ашылды

Қаратал ауылында ел тарихына тағзым етіп, өскелең ұрпаққа жағдай жасауға бағытталған қос нысан ел игілігіне…

2 недели ago

С начала года на территории Медыкары произошло 12 пожаров в жилом секторе

Несмотря на активную профилактическую работу, статистика показывает, что не все жители осознают серьезность угрозы. (далее…)

2 недели ago

This website uses cookies.