Аудандық мәдениет үйінің әншісі Ғалымжан Маутановтың жеке ән кеші өтті

Қарашаның 14 жұлдызында аудандық мәдениет үйінің төрінде «Юбилейный» мәдениет үйінің әншісі Ғалымжан Маутановтың жеке ән кеші ұйымдастырылды.

Ғалымжан Маутанов 1961 жылы Қостанай облысы, Майталап ауылында дүниеге келген. Меңдіқара өңіріне 1982 жылы қоныс аударып, аудандық мәдениет үйінде 2006 жылдан бері адал қызмет жасап келеді.  Өмірінің көп бөлігін өнер мен туған жерінің мәдениетінің дамуына өз үлесін қосу үшін қиындыққа қарамай тек алға жүре білген жігерлі, дарынды жандардың бірі.

Мерекелік кешке аудан әкімі Ғабит Бекбаев қатысып, өз құттықтау тілегін білдіріп, Ғалымжан Маутановпен бірге сахна төрінде ән шырқады.

– Ғалымжанның шығармашылық кеші өте жоғары деңгейде өтуде. Бүгінгі ретро концерт орта жастағы адамдар үшін керемет кеш деп білемін. Себебі, жас кездеріңізде тыңдаған әндеріңізді сүйікті әншілеріңізден тыңдау жастық шақты еске алуға үлкен мүмкіндік. Ғалымжан Тауқашұлы Меңдіқара өніріңдегі өнердің дамуына өз үлесін айрықша қосып, 1990 жылдардың қиындығына қарамай, Борки ауылдық клубын біраз жетістіктерге жеткізген жандардың бірі. Ғалымжан Тауқашұлының өнер жолына сәттілік тілей отыра, өнеріңіз өрге жүрсін деп тілеймін, – дейді аудан әкімі Ғабит Бекбаев.

Мерекелік жиында Ғалымжан Тауқашұлын қолдау мақсатында өнердегі әріптестері Азат Тобылұлы, «Березка» вокалдық тобы, «Подвиг» халықтық хоры, Ғалымжан ағамыздың қарындасы Тоғажан мен күйеуі Олег Медведевтар сахна төрінде ән шырқап, көрермен көңілін көтерді.

Музыкалық бағдарламада Ғалымжан Маутановтың қазақ, орыс, өзбек және үнді тілдеріндегі үздік әндері шырқалды. Әртістің жарқын сахналық бейнелері, әндердің тамаша орындалуы көрермендерің көңілінен шықты. Концертте Ғалымжан ағамыздың жақындары, достары, әріптестері қатысып, сахна төріне гүл шоқтары мен өз сыйлықтарын табыстады.

Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Жанат Таженова Ғалымжан Маутановқа көп жылғы адал еңбегі үшін алғыс хатын табыс етті.

– Бүгінгі жеке ән кешімнің негізгі тақырыбы ретро стилінде өткізу еді. Яғни, мені тыңдайтын көрермендер легі орта жастағы адамдар. Сол орта жастағы адамдардың жастық шағында тыңдаған әндерін өзімнің орындауымда тыңдармандарыма сыйлап, көңілдерін көтеру басты мақсатым болды. Бүгінгі кеште шырқаған әндерім көрермендердің көңілдерінен шыққаның көріп, риза болып отырмын. Өзімнің шығармашылық жолымда мен аудан әкімі Ғабит Бекбаев пен бүгінгі кештің ұйымдастырылуына өз көмегін көрсеткен барша әріптестеріме, жақындарыма өз алғысымды білдіремін, – дейді Ғалымжан Маутанов.

Ақжан Байтұрсынова,

суретті түсірген автор

Редактор

Recent Posts

Меңдіқарада ескерткіш жаңартылып, жаңа спорт алаңы ашылды

Қаратал ауылында ел тарихына тағзым етіп, өскелең ұрпаққа жағдай жасауға бағытталған қос нысан ел игілігіне…

15 часов ago

С начала года на территории Медыкары произошло 12 пожаров в жилом секторе

Несмотря на активную профилактическую работу, статистика показывает, что не все жители осознают серьезность угрозы. (далее…)

4 дня ago

В Мендыкаре продолжается работа по очистке населенных пунктов от ветхих и аварийных строений

Ликвидация «заброшек» - это не просто вопрос эстетики, а важный шаг в реализации экологической программы…

6 дней ago

Меңдіқарада ұлттық ойынға деген қызығушылық артып келеді

Меңдіқара ауданында асық ату мен бес асық спорты қарқынды дамып келеді. (далее…)

6 дней ago

У Светланы Поляковой из Мендыкаринского района 40-летний стаж работы парикмахером

Тяга к прекрасному заложена в каждом из нас. Неслучайно 9 сентября во всем мире отмечают…

7 дней ago

Меңдіқарада жас дзюдошылар белдесті

Боровское ауылында 2011–2012 жылдары туған жасөспірімдер мен қыздар арасында дзюдодан ашық облыстық турнир өтті. (далее…)

1 неделя ago

This website uses cookies.