Аудандық орталық аурухана қызметкерлеріне «Дәрігерлерді ардақтайық» жобасы аясында құрмет көрсетілді

Бүгінде аты шулы індет барша жанды ауыр күйге түсірді

Елімізде індеттің алдын алу жолында ауқымды шаралар жүргізіліп жатыр. Десе де, індеттің алдын алу және таралуын болдырмау жолында тер төгіп жүрген ақ халатты абзал жандардың еңбегі басым. Пандемия кезінде Меңдіқара аудандық орталық ауруханасының медицина қызметкерлері де еңбектің алдыңғы қатарынан көрініп, ауыр жүкті арқалаған болатын.

Басымыз ауырып, балтырымыз сыздаған уақытта дәрігердің көмегіне жүгінетініміз ешкімге жасырын емес. Олардың күнделікті атқарар еңбектері толассыз және аса үлкен құрметке лайық. Осы мақсатта «Дәрігерлерді ардақтайық» акциясы бастау алып, республика бойынша ақ халатты абзал жан дәрігерлердің еңбектері еленіп жатыр.

Сәуір айының 23-і күні Меңдіқара аудандық «Нұр Отан» партиясы филиалында науқас жандарды емдеуге септігін тигізіп, бастарын қатерге тіккен Меңдіқара орталық ауруханасының қызметкерлері құрметке бөленіп, мейірбан жандарға сый-сияпат көрсетілді. «Жас Отан» жастар қанатының мұрындық болуымен бастау алған акцияға Меңдіқара аудандық мәслихатының депуттары қолдау білдірді. Бұл күнде індетпен күресу жолында толассыз еңбек атқарып жүрген медицина қызметкерлеріне азық-түлік себеттері табысталды.

Аталмыш шараға аудандық «Нұр Отан» партиясы филиалы төрағасының бірінші орынбасары Алла Тишбаева, аудандық мәслихаттың хатшысы Жанат Байбулатова, аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері Рудава Жакина және жас депутаттар қатысты. Аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары «Дәрігерлерді ардақтайық» акциясының мақсатына тоқталып, барша дәрігерлер қауымына өз алғысын білдірді.

-Дүние жүзін жаулаған індет ең алдымен дәрігерлерге үлкен қауіп түсірді. Елімізге төнген қатермен күресуге ізгіліктің жаршысына айналған медицина мамандарының қосқан үлесі мол. Деніміздің саулығы мен басымыздың амандығы үшін күні-түні аянбай тер төккен барша жандарға шексіз алғыс білдіремін. Дәрігерлер әрқашан құрметке лайық,- деді Алла Өзбекқызы.

Дәрігерлерді құрметке бөлеп, қуаныш сыйлаған іс-шараның қонақтары мен ұйымдастырушылары медицина қызметкерлеріне шексіз ризашылықтарын білдіріп, еңбектеріне табыс пен береке тіледі.

Еңбек жолдарында абыройлы еңбек етіп, адам жанының сақшысына айналған ақ халатты абзал жандар да ұйымдастырушылар мен барша белсенді жандарға жылы лебіздерін білдіріп, ақ тілектерн айтып өтті.

Пандемия кезінде талай жанның өміріне араша түсіп, ерлікке пара-пар қызмет атқарып жүрген ақ халаттылардың еңбектері бағаланып, құрметке бөленгендері үшін бізде қуаныштымыз. Адам баласының тәні мен жанының емшісіне айналып, халықтың амандығы үшін қалтқысыз еңбек еткен дәрігерлерге мың алғыс дейміз.

Тұрсынай Мұхтарқызы

Редактор

Recent Posts

Крещенские купания в Мендыкаринском районе: единение вер и традиций

В ночь с 18 на 19 января жители Мендыкаринского района собрались у проруби, установленной напротив…

4 дня ago

Меңдіқара ауданындағы Ғаббас Жұмабаев атындағы Боровской мектеп-гимназиясында заманауи телестудия кабинеті жұмыс жасауда

2024-2025 оқу жылында Меңдіқара ауданы, Боровкое селосында орналасқан Ғаббас Жұмабаев атындағы Боровской мектеп-гимназиясы «Қазақстан халқы…

4 дня ago

Депутат областного маслихата Динара Ахметова оформила годовую подписку на районную газету «Меңдіқара үні» для 42 пенсионеров

В разгар подписной кампании Динара Маратовна решила поддержать социальный проект, сделав подарок для одиноко проживающих…

1 неделя ago

Меңдіқара ауданында еріктілер жұмысы жүйелі түрде дамып келеді

Меңдіқара ауданының Жастар ресурстық орталығы жанынан құрылған еріктілер қозғалысы жүйелі түрде жұмыс істеп, қоғам өмірінің…

1 неделя ago

С начала года с территории районного центра Мендыкаринского района вывезено около двух тысяч кубометров снега

В настоящее время все улицы села Боровского полностью расчищены от снега. Устранена колея на опасных…

1 неделя ago

This website uses cookies.