Ауданымыздың белсенділеріне Елбасы атынан Алғыс хаттар табысталды

2021 жылғы 10 қаңтарда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының және  мәслихат депутаттарының сайлауы өткені баршаға мәлім

Қазақстандықтар ел тағдыры үшін аса маңызды оқиғаға қатысып, “Nur Otan” партиясына толық қолдау білдіріп, үлкен және нәтижелі жұмыс атқарды.

Сайлауалды жұмыстар кезеңінде партия мүшелері,  жастар қатарындағы партия белсенділері қажырлы еңбек етті. Елімізде жүріп жатқан пандемияға  байланысты көптеген іс-шаралар онлайн форматта өткізілді. Барлық санитарлық қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, халықпен тікелей кездесулерде ұйымдастырылды. “Есіктен есікке” акциялары, экспромт-кездесулер, кандидаттардың сенімді тұлғаларының қатысуымен канвассинг түріндегі кездесулер ұйымдастырылды. Партияның  сайлауалды бағдарламасын  халыққа түсіндіру жұмыстары да кеңінен өтті. “Jas Otan” жастар қанаты жастар арасында ауқымды үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.

Өткен апта сайлауалды жұмыстарда белсенділік танытқан жандар үшін жемісті болды.  “Nur Otan” партиясы  Меңдіқара аудандық филиалында мәслихаттар мен Қазақстан Республикасы  Парламенті Мәжілісінің сайлауын дайындау және өткізу бойынша сайлау процесіне белсенді қатысушыларға құрмет көрсетіліп, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Алғыс хатын табыстау рәсімі барлық санитарлық талаптарды сақтай отыра салтанатты түрде өткізілді.

Сайлау науқаныда қажырлы еңбек атқарып, үлкен марапатқа ие болған жандарға “Nur Otan” партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Алла Тишбаева партия мүшелері мен марапат  иелеріне өзінің шексіз ризашылығын білдіріп, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің атынан Алхыс хаттарды табыс етті.

– Үлкен еңбектің нәтижесін бүгін көріп отырмыз. Қыруар жұмыс атқарылды. Ел болып сайлауалды жұмыстарды бірлесе атқарып, жеңіске жеттік десем артық айтпаған болармын. Бүгінгі марапат –  атқарған еңбектің көрсеткіші, жақсы нәтижесі. Барлық белсенді жандарға ризашылығымды білдіремін. Бізге қарап бой түзеп келе жатқан жас ұрпаққа, сайлауалды жұмыстарда толассыз еңбек атқарған еріктілерге алғыс білдіремін. Ертеңгі күнде де бірге жұмыс атқаратынымызға сенім артамын, -деді Алла Өзбекқызы.

Марапат иелері де шексіз ризашылықтарын білдіріп, қуаныштарын жасырмады. Алдағы күнде міндеттелген ортақ істі аса жауапкершілікпен атқаратындықтарын айтып өтті.

Барлық марапат иелерін құттықтай отыра, жеңіске қосқан сүбелі үлестеріңіз еселене берсін дейміз.

Тұрсынай Мұхтарқызы

Редактор

Recent Posts

Из педагогов – в автомеханики: житель Боровского Азат Байманов сменил профессию и нашел в этом свое призвание

Азат Байманов, проработав 17 лет учителем физической культуры и спорта, принял решение кардинально сменить сферу…

5 дней ago

На месте заброшенного лагеря «Солнечный» в Мендыкаринском районе построят новую базу отдыха

На территории бывшего пионерского лагеря планируют создать современный круглогодичный центр отдыха для детей и семейного…

7 дней ago

Многодетная семья из села Харьковское Мендыкаринского района получила ключи от нового дома

Этот значимый подарок для Нурдаулета Чажабаева и Альфии Рахметовой, воспитывающих пятерых детей, стал возможен благодаря…

2 недели ago

Меңдіқара ауданында Жастар ресурстық орталығының еріктілері жалғызбасты қарттар мен көмекке мұқтаж тұрғындарға қолдау көрсетіп келеді.…

3 недели ago

В Боровском установили арт-объект в виде книги у входа в центральную районную библиотеку

Всю эту красоту - от идеи до воплощения - новый руководитель библиотечной системы Кайыржан Тлесбаев…

4 недели ago

Меңдіқара ауданында ағаш отырғызу жұмыстары жүйелі түрде жалғасуда

Қостанай облысында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық тұжырымдамасы аясында «Менің аулам – менің бағым» облыстық жобасы жүзеге…

4 недели ago

This website uses cookies.