Ауыл көркі еңбек

Бұл киелі, қасиетті өлкеде қазақтың тұңғыш дәрігері Мұхамеджан Қарабаев дүниеге келген десек  Введен ауылдық округі ойға оралады.

Бүгінде Введин ауылдық округіне Загаринка, Каменка ауылдарын қосқанда  1443 тұрғын яғни, 298 шаңырақ қарасты. Округте 7 ЖШС, 28 шаруашылық қожалығы, 14 жеке шаруашылық бар. Жалпы білім беретін 2 мектеп жұмыс істейді. Сондай-ақ, ауылдық кітапхана, Введен орта мектебінің қабырғасынан орын алған мұражай ауыл тарихынан сыр шертетін мәдени рынға айналған. Ауыл халқының салауатты өмір салтын қалыптастырып, спортқа ден қоюлары үшін орталық «Достық» стадионын 2015 жылы қайта жөндеуден өткізілген. Мұнда волейбол, баскетбол алаңдары жабдықталып, спортпен шұғылданамын деген тұрғындар үшін үйірмелер жұмыс жасайды.

Округке қарасты аумақ халқы үшін «Қазпошта»АҚ бөлімшесі қызмет көрсетеді. Введинка ауылдық округінің орталығында фельдшерлік амбулаториялық пункт пен Загаринка селосында медициналық пункт те бар.

Жалпы округті 2017 жылдан бастап Асхат Татимбеков басқарып, әкімдік қызметті атқарып келеді. Асхат Келдімбайұлы 1980 жылы Борьки ауылында қарапайым отбасында дүниеге келген. Отбасында бірге туған  апасы мен бауыры бар. Ата-анасы Борьки орта мектебінде қарапайым жұмысшы болып еңбек еткен жандар. Екі баланың әкесі.

– Мен, 1998 жылы Борьки орта мектебін бітіріп ҚР ІІБ Повладар заң колледжіне оқуға түстім. Кейін А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің сырттай бөлімін тәмамдадым. 2000-2012 жылдар аралығында Меңдіқара аудандық ішкі істер бөлімінде қызмет еттім. Кейін 2013 жылдан бастап М.Қарабаев атындағы Қостанай облыстық оңалту орталығында заңгер болып қызмет жасадым. 2017 жылы Введен ауылдық округінің әкімі болып тағайындалдым, деді – әңгіме барысында өзін таныстырып өткен Асхат Келдімбайұлы.

– Әрине, ауыл әкімінің жұмысы жан-жақты. Күнделікті жұмыс барысында түрлі жағдайдағы мәселелердің шешімін тауып, халықтың тыныс-тіршілін бақылап, жағдайын жасауға тырысамыз. Дегенменен, жұмыс барысында жақсы тілек пен алғыстан бөлек ескерту мен шағымдар да түсіп жатады. Әр ауылдың тілегі жақсы жол мен жарықтандырылған көше екені белгілі. Біз де осы жолда жұмыс істеп келеміз. Мәселені қаржыға байланысты шешіп отырамыз. Әлі де жұмыс жасалатын болады. Биылғы жылдың мамыр айында Введен ауылының мемлекеттік мекемелеріне кең жолақты интернет іске қосылды. Бұл да бір шешімін тапқан мәселе деп санаймын. 2019 жылы ауылымыздың 3 тұрғыны «Еңбек» бағдарламасы бойынша білімдерін жетілдіріп, несие рәсімдеп өз аладрына мал шаруашылығымен айналысу мүмкіндігіне ие болды. Ауыл мектептерінің жөндеу жұмыстары мен қыс-көктем мезгіліндегі жол мәселесіне жергілікті ауылшаруашылығын өндірушілер қол ұшын беріп, демеушілік танытып отырады. Округ аумағы мен көршілес екі округті күнделікті нан өнімімен қамтамасыз етіп отырған Ю.Н. Федулов деген  жеке кәсіпкеріміз бар. Күнделікті наубайханадан  150-160 бөлке нан өнімін пісіріп шығарады, бағасы да қолжетімді. Ауыл тұрғындарының жағдайы жақсы. Ең бастысы табжылмай еңбек ету керек, ауыл көркі еңбек деген ойдамын, дейді- ауыл әкімі Асхат Татимбеков. Бізде өз кезегімізде ауыл әкімінің еңбегі жемісті болғай дейміз.

Қымбат НАҒАШЫБАЙ

Редактор

Recent Posts

Из педагогов – в автомеханики: житель Боровского Азат Байманов сменил профессию и нашел в этом свое призвание

Азат Байманов, проработав 17 лет учителем физической культуры и спорта, принял решение кардинально сменить сферу…

5 дней ago

На месте заброшенного лагеря «Солнечный» в Мендыкаринском районе построят новую базу отдыха

На территории бывшего пионерского лагеря планируют создать современный круглогодичный центр отдыха для детей и семейного…

7 дней ago

Многодетная семья из села Харьковское Мендыкаринского района получила ключи от нового дома

Этот значимый подарок для Нурдаулета Чажабаева и Альфии Рахметовой, воспитывающих пятерых детей, стал возможен благодаря…

2 недели ago

Меңдіқара ауданында Жастар ресурстық орталығының еріктілері жалғызбасты қарттар мен көмекке мұқтаж тұрғындарға қолдау көрсетіп келеді.…

3 недели ago

В Боровском установили арт-объект в виде книги у входа в центральную районную библиотеку

Всю эту красоту - от идеи до воплощения - новый руководитель библиотечной системы Кайыржан Тлесбаев…

4 недели ago

Меңдіқара ауданында ағаш отырғызу жұмыстары жүйелі түрде жалғасуда

Қостанай облысында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық тұжырымдамасы аясында «Менің аулам – менің бағым» облыстық жобасы жүзеге…

4 недели ago

This website uses cookies.