Categories: Новости

Ауыл мектебіне ІТ-кабинет орнатылды

Абай атамыз «Адам адамнан тек білімі мен ақыл-ойы арқылы озады», – деген екен. Осы бір даналық сөз әлі күнге өз мәнін жоғалтқан емес.

Білім-әрбір азаматтың әлеуметтік хал-ахуалының жақсаруының, еліміздің жан-жақты дамуының кепілі. Сондықтан біздің Сосна орта мектебінде оқушыларға сапалы білім, саналы тәрбие беру бағытында түзу, қарқынды жұмыстар жүргізіліп келеді.

Мектеп ұстаздары өз білімдерін жетілдіру жұмысынан шаршамайды, оқыту үдерісінде жаңа, заман талаптарына сай оқыту мен тәрбиелеудің жаңа әдіс-тәсілдерін қолдануда. Ұстаздар еліміздің болашағы бізден білім алып жатқан балаларға байланысты екендігін естен шығармайды.

Сосна білім ордасы жаңаша еуропалық үлгідегі жөндеуден өткен, сынып кабинеттері оқыту үдерісіне қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген.

Мектебімізді бүгінгі күні қуаныш кернеп тұрғандай, өйткені мектебіміздің ең жақын досы, жанашыры Еркін Бұқанов 1 500 000 теңгені құрайтын қаражатқа «IT-кабинет» сыйлады. Сонымен қатар ол мектепте өтетін іс-шараларға белсене араласады, біздің білім ордамыздың үлкен жанашыры.

Еркін Сайранұлы мектепте жыл сайын өтетін күрделі және ағымды жөндеу жұмыстарын, мектептің техникалық құрал-жабдықтар жағдайын естен шығармай тегін қамтамасыз етуді өз міндетіне алған.

Мектеп асханасынан ол кісінің қолдауымен 64 оқушы тегін тамақтанады. Көп балалы немесе әлеуметтік қорғауға алынбаған отбасы балаларына киім-кешек, мектепке қажетті құрал-жабдықтар, қаржылай көмек көрсетуді ұмытпайды.

Сосна орта мектебінің ұжымы шын жүректен Сізге өз алғысын жолдайды, сіздің еңбек жолыңыз және игі істеріңіз біздің шәкірттерімізге үлгі тұтарлық, яғни өмір сүруге және еңбектенуге үйрететіндей.

Мектептің ең жақын досы Еркін Сайранұлына мықты денсаулық, отбасылық береке, мол табыс тілейміз.

Сосна ОМ ұжымы,
Харьков селосы.

Редактор

Recent Posts

Жительница села Степановка превратила свой двор в настоящий цветочный оазис

Последние пять лет во дворе у семьи Шестаковых гармонично уживаются более двух десятков видов растений.…

22 часа ago

Правило «пяти метров» в этом году стало ключевым требованием для жителей Мендыкаринского района

Отныне каждый собственник - будь то владелец частного дома, магазина или квартиры в многоэтажке -…

1 день ago

Меңдіқарада ескерткіш жаңартылып, жаңа спорт алаңы ашылды

Қаратал ауылында ел тарихына тағзым етіп, өскелең ұрпаққа жағдай жасауға бағытталған қос нысан ел игілігіне…

2 дня ago

С начала года на территории Медыкары произошло 12 пожаров в жилом секторе

Несмотря на активную профилактическую работу, статистика показывает, что не все жители осознают серьезность угрозы. (далее…)

5 дней ago

В Мендыкаре продолжается работа по очистке населенных пунктов от ветхих и аварийных строений

Ликвидация «заброшек» - это не просто вопрос эстетики, а важный шаг в реализации экологической программы…

7 дней ago

Меңдіқарада ұлттық ойынға деген қызығушылық артып келеді

Меңдіқара ауданында асық ату мен бес асық спорты қарқынды дамып келеді. (далее…)

1 неделя ago

This website uses cookies.