Categories: Новости

Ауыл мектебінің жас ұстазы – Аида

Аида Қиялова биылғы жаңа оқу жылында ұстаздық жолға алғаш қадам басқан жас маман

Жоғарғы оқу орынын үздік аяқтаған ол бүгінгі күні өзі түлеп ұшқан Ғ.Жұмабаев атындағы Боровской мектеп-гимназиясында математика пәнінен сабақ береді.

Жас ұстазды Нұргүл Жұмаділқызы басқарып отырған мектеп ұжымы да жылы қабылдап, жол көрсетіп, қолдау білдіріп отыр.

Аида бірінші сыныптың табалдырығын Балықты негізгі мектебінен аттағалы бала күнінен математика пәнін сүйіп оқып, болашақ мамандығын да осы саладан таңдағанына өзіне сабақ берген әрбір ұстаздың еңбегі жатқандығын айтады. Ғ.Жұмабаев атындағы Боровской мектеп-гимназиясында жоғары сынып оқып жүрген кездері математика пәнінен түрлі олимпиядаларда бақ сынап, жүлделі орындардан да көрінеді. Мектепті тәмәмдап алдында мамандық таңдау сәті туғанда Аида еш ойланбастан математика пәнінің ұстазы болып, өзіне дәріс берген ұстаздарының жолын жалғастырамын деген шешімге келгендігін жасырмады.

Жас мамандардың  ауылдық жерде еңбек етіп, туған жердің көркеюіне үлес қосуларына Елбасымыздың «Дипломмен ауылға» бағдарламасының да маңызы зор. Қолына диплом алған әрбір жас маман аталмыш бағдарлама аясында баспаналы болып, қайтарымсыз көтермеақыға ие болып, алаңсыз еңбек етуге мүмкіндік алуда.

Жас ұстаз Аида да бағдарламаға қатысып алдағы уақытта баспана алуды жоспарлап отыр.

Бүгінгі таңда еліміз жастардың тегін жоғары білім алуын,  жұмысқа тұрып, баспаналы болуы үшін түрлі бағдарламалар мен жеңілдіктер қарастырып отыр. Мұндай мүмкіндікке әрбір жас маман  ие бола алатыны да қуантады. Жастардың яғни, біздердің тарапымыздан алдымызға нақты міндет-мақсат қойып,  аянбай еңбек ету ғана керек деп ойлаймын. Сондықтан өзім сияқты жас мамандарға ауылдық жерде еңбек жолын бастау тіпті тамаша екендігін айтқым келеді,- дейді Аида.

Біз де жас ұстаздың қадамына сәттілік тілейміз!

Қымбат НАҒАШЫБАЙ

Редактор

Recent Posts

На покос травы в Боровском из местного бюджета впервые выделили 2 млн тенге

Об этом рассказал аким села Боровское Жасулан Турагулов. (далее…)

1 день ago

Брусчатка, новые скамейки, урны: что сделано и что предстоит сделать в парке Победы в Боровском

Это лишь часть масштабных работ, которые проводятся в районе в рамках программы «Таза Қазақстан». (далее…)

1 день ago

В Боровском назрела необходимость привести дорожную инфраструктуру в соответствие с госстандартами

В поле зрения корреспондентов районной газеты попали около 30 дорожных знаков, которые требуют срочной замены.…

2 дня ago

Меңдіқарада жазғы аудандық спартакиада алауын жақты

 Меңдіқара ауданында дәстүрге айналған жазғы спартакиада биыл да жоғары деңгейде ұйымдастырылып, бұқаралық спорттың мерекесіне…

2 недели ago

Меңдіқарада «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары анықталды

Меңдіқара ауданында ұлттық құндылықтарды ұлықтап, отбасы институтын нығайтуға бағытталған дәстүрлі «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының аудандық…

2 недели ago

Туған жерге тамырын терең жайған еңбек адамы

    Кей адамдар үшін туған жер – балалық шақтың естелігі ғана. (далее…)

2 недели ago

This website uses cookies.