Қазақстанның статистикалық органдарына – 100 жыл

8 қараша – Қазақстанда статистика күні. Аталмыш мереке 1920 жылдан бері тойланып келеді. Қазақ АКСР үкіметі Қазақстандағы біріңғай орталықтанған  статистика жүйесінің бастауы болған «ҚазАКСР-дегі статистика туралы ережені» қабылдағаннан осы күн еліміздің статистика саласы үшін тарихи дата ретінде белгіленді.

Мемлекеттік статистика – статистикалық ақпаратты өңдеу мен жинаудың орталықтандырылған жүйесі. Көп жылдар ішінде республиканың статистикалық органдарының жүйесі бірқатар құрылымдық қайта құрулардан өтті. Соңғы он жылдықта статистиканы реформалау процессі елдің қоғамдық-саяси өміріндегі терең өзгерістермен байланысты болды. Бүгінде бұл сала халықаралық стандарттарға сай жұмыс істейді.

Меңдіқара аудандық статистика бөлімі бүгінгі таңда жемісті еңбек етуде. Олардың күнделікті атқарар жұмысы орасан. «Білікті маман –баға жетпес кадр» деп бекер айтылмаса керекті.  Аталмыш бөлімге басшылық етіп, талай жыл ауданымыздың гүлденуіне үлес қосып жүрген Руслан Байсақалов өз жұмысын әрқашан адал атқаруда. Ол кез келген мәселенің шешімін тауып, ұжымымен бірге келелі еңбек етіп келеді. Әріптестерінің еңбегіне де дән риза.

– Жұмысымыздың күрделілігін біреу білсе, біреу біле бермейді. Жауапкершілікті талап ететін мамандықтың иелеріміз. Біз ел үшін, қоғам үшін еңбек етуге тиіспіз. Сауатты жұмыс атқару үшін, білікті мамандар керек. Біздің бөлімде ісіне адал, білікті мамандар еңбек атқаруда. Жас мамандарға тәлімгерлік көрсететін, ардагер мамандар да біздің бөлімде еңбек етті. Мереке қарсаңында өз әріптестерімнің жұмысына сәттілік, отбастарына амандық тілеймін. Біз қашанда ел үшін жұмыс жасауға дайынбыз, – деді бөлім басшысы Руслан Байсақалов.

Бұл бөлімде тәжірбиелі және өз мамандықтарының қыр-сырын меңгерген қызметкерлер жұмыс жасауда. Күлжан Ищанова, Ирина Цихмейстер, Татьяна Андреева, Виктор Ляликов сынды білімді де, білікті мамандарды атап айтпау мүмкін емес. Өз ісіне адал, жүргізушілік еңбекті абыроймен атқарып жүрген Александр Поликарповтың да еңбегі толассыз. Ұзақ жылдар күрделі мамандықты үлкен абыроймен атқарып, жас мамандарға өнеге көрсетер ардагер мамандардың да есімі бүгінде аудан көлеміне етене таныс. Ұлмекен Байсақалова, Елена Бобикова, Нина Настенко еңбектерін статистика саласына арнаған тәжірбиелі мамандар. Бұл кісілер еліміздің жетістіктерінің молаюына өз үлестерін қосып, талай жыл ел игілігі үшін еңбек ете білді.

Өз атымыздан қоғамға өз пайдаларын тигізіп, қиындығы мен ауыртпашылығы мол саланың мамандарын кәсіби мерекелерімен құттықтаймыз. Барша статистика саласының қызметкерлеріне табыс, қуаныш тілейміз.

Тұрсынай Мұхтарқызы

Редактор

Recent Posts

Чистота начинается с каждого из нас: Мендыкаринский район присоединился к Всемирному дню чистоты

В рамках общенациональной инициативы «Таза Қазақстан» и в преддверии World Cleanup Day - жители района…

2 дня ago

В Мендыкаринском районе урожайность пшеницы в ТОО «Олжа Агро Боровское» достигла 26 ц/га

Аграрный сезон 2026 года стал для ТОО «Олжа Агро Боровское» настоящим испытанием на прочность. (далее…)

3 дня ago

Жительница села Степановка превратила свой двор в настоящий цветочный оазис

Последние пять лет во дворе у семьи Шестаковых гармонично уживаются более двух десятков видов растений.…

2 недели ago

Правило «пяти метров» в этом году стало ключевым требованием для жителей Мендыкаринского района

Отныне каждый собственник - будь то владелец частного дома, магазина или квартиры в многоэтажке -…

2 недели ago

Меңдіқарада ескерткіш жаңартылып, жаңа спорт алаңы ашылды

Қаратал ауылында ел тарихына тағзым етіп, өскелең ұрпаққа жағдай жасауға бағытталған қос нысан ел игілігіне…

2 недели ago

С начала года на территории Медыкары произошло 12 пожаров в жилом секторе

Несмотря на активную профилактическую работу, статистика показывает, что не все жители осознают серьезность угрозы. (далее…)

2 недели ago

This website uses cookies.