Categories: Новости

Қазақтың бас ақыны Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай биылғы жылы еліміздің әр аумағында маңызы зор іс-шаралар жүзеге асатын болады

Біздің Меңдіқара ауданына қарасты Оразалы Қозыбаев атындағы Қаратал орта мектебінің бастамасымен атаулы датаға орай бір топ мектеп оқушылары мен ұстаздар қауымынан құралған топ Абай Құнанбаевтың туған жері Семей қаласына қарасты Жидебай ауылына экскурсия жасап, тарихы тереңде жатқан елдімекенде болып қайтты.

Мектеп басшылығының бастамасына қолдау білдіріп, ұстаздар мен оқушыларға ата-аналар қауымымен қоса ауыл жанашырлары Қанат Токушев, Мақсұт Ережепов деген кісілер қаржылай көмек қолын созды. Қаратал-Қостанай-Астана-Семей-Жидебай бағытында басталған экскурсия Алматы шаһарымен жалғасын тапты –дейді, директорының тәрбие ісі жөнінідегі орынбасары Берік Бекмағамбетов.

– Біздің топтың құрамында мектебіміздің аға-тәлімгері Лаура Исмагулова, ұстаздар Ақбота Есенгенова, Саят Амиржанов және  9 сыныптың оқушылары Әскер Мәрден, Алсу Ахатай, Анел Исмагулова болды. Біз Қостанайдан Астана арқылы Семей қаласына поезд арқыры жеттік. Семейден Ұлы ақынның туған жері Жидебай ауылына дейін микроавтобуспен жол тарттық. Жидебай Семей қаласынан 180 шақырымдай қашықтықта екен. Діттеген жерімізге жеткенше жолаушылай Мұхтар Әуезовтың туған жері Бөрілі деген елге ат басын бұрдық. Бұл жерде де біраз тарихи мағлұматқа бай мұражайда болып, сол жердің қызметкерлері бізді құшақ жая қарсы алды. Жол бойы Еңілік-Кебектің махаббатының символын бейнелейтін кесенеге жолықтық, сол жердің тұрғындарының мәліметінше жолаушылар осы жерге тағзым ететін көрінеді. Біз де ат терлетіп жолымыз оңынан түсіп Жидебай еліне жеттік. Бұл жерде Абай Құнанбаев атындағы мемориалдық музейді аралап, толық кешенмен таныстық. Сондай-ақ, Абай атамыз өмірінің соңғы он жылын өткізген шаңырақта болып, атамыздың қолданған жеке заттарын көру бұйырды. Балалар мен қоса ұстаздар қауымы да бұл экскурсиядан ерекше әсер алып, тарих беттеріне шолу жасап қайтты-деді, өз сөзінде берік Мәрденұлы.

– Аталмыш тобымыз Семей өңірінен тура Алматыға жол тартты. Оған бірден-бір қолдау білдірген академик Оразақ Смағұловтың қызы Зәуре жерлесіміз болатын. Сұлулығы мен көркемдігіне көз тоймайтын Алматы қаласына келуіміздегі мақсат Ұлы Жеңістің 75 жылдығына қарсы  оқушыларға 28 панфиловшылар саябағын көрсету, осы елдің тыныштығы мен азаттығы жолында жан пида еткен азаматттардың рухына тағзым ету еді. Жалпы экскурсиямыздың мақсаты жас ұрпаққа ата-баба салып кеткен сара жолды етене таныстыру, бойдағы ұлттық рухты ояту еді. Ойға алған мақсатымыздың орындалғаны біздерді қуантты.

Елден келген балаларды Зәуре Оразаққызы шынайы ықыласпен қарсы алып  Алматының ең көрікті жерлері Медеу, Шыңбұлақ, Көктөбені аралатып қонақ қылды. Мерейлі жыл аясында киелі Қазақстанымызды аралап, тарихына тереңнен үңілу біздің мектеп үшін ерекше қуанышты жағдай болды, деп Берік Мәрденұлы өзінің алған әсерімен бөлісті.

Қаратал орта мектебіндегі Абай атамыздың 175 жылдығына араналған іс-шаралардың шымылдығын түруде экскурсия қатысушылары өз үлестерін қосып, мектеп ұжымымен және оқушылар қауымымен алған әсерлерімен бөлісті.

Қымбат НАҒАШЫБАЙ

Редактор

Recent Posts

В Боровской школе-гимназии им.Г.Жумабаева имелся факт работы кухонного работника с подозрением на туберкулез

Об этом корреспондентам районной газеты «Меңдіқара үні» стало известно от родителей, чьи дети учатся в…

4 дня ago

Для паводковых мероприятий из местного бюджета Мендыкаринского района в 2026 году выделено около пяти миллионов тенге

Спасатели района уверены: заблаговременная подготовка - ключ к успешному противостоянию стихии. (далее…)

6 дней ago

Мендыкаринец Никита Романов гармонично совмещает государственную службу и творчество через объектив смартфона

Заниматься мобилографией Никита начал в 2024 году, когда пришел работать на государственную службу. (далее…)

2 недели ago

Меңдіқара ауданының тілдерді оқыту орталығында «Үздік оқытушы – 2026» байқауы ұйымдастырылды

Байқауға орталықтың сегіз оқытушысы қатысып, өз білімдері мен тәжірибелерін ортаға салды. (далее…)

2 недели ago

Меңдіқара ауданының жас спортшысы Олеся Костина республикалық жарысқа жолдама алды

Ауқымды спорттық шараға облыстың 18 командасынан барлығы 246 жас шаңғышы қатысып, өзара бақ сыңасты. (далее…)

2 недели ago

В Мендыкаринском районе случаев заболевания корью не зарегистрировано

Об этом корреспондентам районной газеты рассказал главный санитарный врач Мендыкаринского района Ералы Смагулов. (далее…)

2 недели ago

This website uses cookies.