Індеттің алдын-алу мақсатында жарияланған сақтық шараларының бірі, жаппай карантин орнату болып отыр.
Коронавирустің таралуына қарсы күрес шараларын күшейту кезегінде елімізде мектеп оқушылары оқу жылының үшінші тоқсанын ерте аяқтап, көктемгі демалысқа мерзімінен бұрын шыққан болатын. Сақтық ережелерін орындау мақсатында 16 наурыз бен 5 сәуір аралығындағы демалысты балалар карантинде өткізді. Ал, 6 сәуірден бастап еліміздің бірқатар мектептері Қазақстан Республикасының Білім министрлігінің бұйрығына сай оқу жылының қорытынды төртінші тоқсанын қашықтықтан білім беру технологиясымен бастап отыр.
Осы орайда аудандық білім бөлімінің басшысы Қалыбек Жүгінісовтің берген мәліметіне сүйенсек біздің Меңдіқара ауданы бойынша үш мектеп 6 сәуірден бастап қашықтықтан білім беру үстінде. Олардың қатарында Ғ.Жұмабаев атындағы мектеп-гимназиясы, А.Шотаев атындағы мектеп-гимназиясы және Первомай орта мектебі бар. Қорыта айтқанда бүгінгі күні ауданымыз бойынша 1279 оқушы 4 тоқсанды қашықтықтан оқу үстінде.
Жалпы еліміз бойынша орыс тіліндегі білім алушылар үшін «El arna» каналынан, мемлекеттік тілде білім алушылар үшін «Balapan» каналынан сондай-ақ, алыс аймақта орналасқан елді-мекендер үшін «QAZAQ radiosy» – да мектеп бағдарламасына орай 1-11 сынып оқушылары үшін бейне және аудио сабақтар берілу үстінде. 13 сәуірден бастап «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасынан да бейне сабақтар көрсетіле бастады. Сондай-ақ, телесабақтарды телеарналардың ресми сайты мен мобильді қосымшасынан онлайн көруге болады, мобильді қосымша сервистері арқылы тегін жүктеу мүмкіндігі қарастырылған.
– Ауданымыздың мектептері қашықтықтан оқуды жақсы дайындықпен бастап кетті. Бүгінде мұғалімдер мен оқушылар бағдарламаны смартфондары мен компьютер, ноутбуктеріне жүктеп алып, ата-аналар да балаларына қолдау білдіруден қалыс қалмауда. Мәселен, бүгінгі күні оқушылар BilimLand онлайн-мектебі, Daryn.online білім беру платформасы арқылы мұғаліммен кері байланыс жасауды тез арада меңгеріп алды десек болады.
Оның сыртында Kundelik.kz және WhatsApp мессенджерлері арқылы бір сынып болып жұмыс жасау үстінде. WhatsApp – та әр пән бойынша ашылған топта жаңа сабақтың тақырыбы түсіндіріліп оқушылардың мұғалімге қойылған сұрақтарына жауап беріліп жатыр. Бұған оқушылардың ата-аналары үн қосуда. Балаларымен бірге отырып, білмегендерін үйреніп алады. Басында менің де алаңдағаным рас, бірақ екі аптаға жуық сабақты жақсы меңгеріп, қашықтықтан оқудың да тиімді тұстарын байқап келеміз. Айтарлықтай қиындық болған жоқ. Жалпы ата-аналарға айтарым, елдегі жағдайға біз де өз тарапымыздан қолдан келгенше түсіністікпен қарап, қолдау көрсете білейік. Түсінбегенімізді сұрап дегендей. Қазір техниканың дамыған заманы ғой. Дегенмен кем-кеттік жерлері болуы мүмкін, соның бәрін түсініктікпен қабылдауымыз қажет. Әрі мынадай жағдайда ең бастысы, үйде болып, өзіміздің және балаларымыздың денсаулығын ойлағанымыз абзал, — дейді үш баласын қашықтықтан оқытып отырған ана Ақмарал Нұрғалиева.
Қымбат НАҒАШЫБАЙ
Заниматься мобилографией Никита начал в 2024 году, когда пришел работать на государственную службу. (далее…)
Байқауға орталықтың сегіз оқытушысы қатысып, өз білімдері мен тәжірибелерін ортаға салды. (далее…)
Ауқымды спорттық шараға облыстың 18 командасынан барлығы 246 жас шаңғышы қатысып, өзара бақ сыңасты. (далее…)
Об этом корреспондентам районной газеты рассказал главный санитарный врач Мендыкаринского района Ералы Смагулов. (далее…)
Аудандық Жастар ресурстық орталығының жанынан құрылған «Жүректен жүрекке» еріктілер штабы жыл сайын қыс мезгілінде дәстүрлі…
Ұзынкөл ауданында 2010-2012 жылы туылған жасөспірімдер арасында асық ату және бес асық спортынан Қостанай облысының…
This website uses cookies.