Бағдарлама аясында мектеп оқушылары тамаша әсерге бөленді

Оразалы Қозыбаев атындағы Қаратал жалпы білім беретін мектеп оқушылары мен мұғалімдері 1- мамыр мерекесі күні еліміздің рухани астанасы Түркістан қаласына рухани жаңғыру бағдарламасы аясында барып келді

Түркістан – күллі түркі халықтарына ортақ әлемге әйгілі қасиетті де киелі мекен. Бұл ең алдымен Ислам дінін таратушыларының бірі, сопылық ілімнің негізін қалаушы, ғұлама дегдар, әулие тарихшы, ақын, философ Қожа Ахмет Яссауи жерленген өңірден басталған саяхатымыздың мақсаты – балалардың бойына рухани патриоттық сана – сезімді қалыптастыру.

Осындай киелі жерлерді аралау саяхатымызды Арыстан баб кесенесінен бастадық. Арыстан баб кесенесі – көне Отырар жеріндегі сәулет өнері ескерткіші. Түркістан халқының арасында мұсылман дінін таратушы Қожа Ахмет Яссауидің ұстазы болған Арыстан баб ата қабірінің басына салынған. Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында қолға алынған «Қазақстанның киелі жерлері» картасын түзу аса – маңызды шара. Еліміздің киелі жерлері картасында Отырардың алатын орны ерекше. Ұлы Жібек жолының дархан даласына айналған өлке. Талай тартысқа куә болған Отырар деп, оқушылар мектеп қабырғасынан алған білімдерін, сол жерде алынған қосымша мәліметтермен толықтыра білді.

-Түркістан еліне сапарымыз осындай болады деген ойда болған жоқпын. Осыншама көп зиялы қауым өкілдері жатқаны жайлы, көптеген кесенелер жайлы елестете де алған жоқпын. Тек Түркістан дегенде Қожа Ахмет Яссауи кесенесі ғана есіме түсетін. Ал бүгін мұражайларға, түрлі кесенелерге барып тамаша әсерге бөлендік,- дейді мектеп оқушысы Мансұр Жамбыл.

Сапарымызды ары қарай Түркістан жеріне жалғастырдық. Атақты Әмір Темірдің пәрменімен салынған Қожа Ахмет Яссауидің кесенесі мен басқада жүздеген қазақ бабаларымыз жерленген кесенелерінде болды. Киелі орындарда балаларға тарихи – танымдық ақпараттар берілді. Оқушылар ер түріктің бесігі атанған қаланың бұдан өзге де қасиетті орындарда болып, тарихи жәдігерлермен жақынырақ танысып қайтты.

Лаура Исмагулова,

О. Қозыбаев атындағы Қаратал

жалпы білім беретін

мектебінің аға тәлімгері.

Редактор

Recent Posts

Чистота начинается с каждого из нас: Мендыкаринский район присоединился к Всемирному дню чистоты

В рамках общенациональной инициативы «Таза Қазақстан» и в преддверии World Cleanup Day - жители района…

3 дня ago

В Мендыкаринском районе урожайность пшеницы в ТОО «Олжа Агро Боровское» достигла 26 ц/га

Аграрный сезон 2026 года стал для ТОО «Олжа Агро Боровское» настоящим испытанием на прочность. (далее…)

4 дня ago

Жительница села Степановка превратила свой двор в настоящий цветочный оазис

Последние пять лет во дворе у семьи Шестаковых гармонично уживаются более двух десятков видов растений.…

2 недели ago

Правило «пяти метров» в этом году стало ключевым требованием для жителей Мендыкаринского района

Отныне каждый собственник - будь то владелец частного дома, магазина или квартиры в многоэтажке -…

2 недели ago

Меңдіқарада ескерткіш жаңартылып, жаңа спорт алаңы ашылды

Қаратал ауылында ел тарихына тағзым етіп, өскелең ұрпаққа жағдай жасауға бағытталған қос нысан ел игілігіне…

2 недели ago

С начала года на территории Медыкары произошло 12 пожаров в жилом секторе

Несмотря на активную профилактическую работу, статистика показывает, что не все жители осознают серьезность угрозы. (далее…)

2 недели ago

This website uses cookies.