Бақыт та, байлық та – немерелер …

Есет ағай мен Бөпежан апай талай жыл адал еңбек етіп, бүгінде еңбектерінің жемісін көріп, немере қызығына бөленіп отырған бақытты қариялар.

Есет ақсақал жастайынан бүгінде Ұзынкөл ауданы, сол кездері Ленин ауданынан еңбек жолын бастап, аудандық партия комитетінде қызмет жасаған.

Кейін 1973 жылдан бастап Меңдіқара елінде өз қызметін жалғастырып, аудандық және «Заря» колхозында партия ұйымының хатшылығын да абыроймен атқарғандығына елі куә. Өмірлік серігі Бөпежан апамыз да қырық жылдан астам уақыт бастауыш сынып ұстазы болған кісі. Еңбек ете жүріп бала тәрбиесі мен үй шаруасына да ерекше көңіл бөлген екен.

Есет ағай жалпы мамандығына байланысты жиырма төрт жылдан астам уақыт Долбушка, Лесной негізгі мектептерінде директор қызметін атқарып, зейнеткерлікке шыққанымен бүгінде аудандық ардагерлер кеңесінің жұмысын атқаруда. Екі жылдан астам уақыт өзіне зор сеніммен жүктелген қоғамдық жұмыстың да нәтижелі екенін айта кеткен жөн болар.

Бүгінде Халықаралық қарттар күніне орай аудандық ардагерлер кеңесінде қызу жұмыс атқарылуда. Ауданымызда төрт мыңнан астам зейнеткер, үш  Ұлы Отан соғысының ардагері және он тыл ардагері тіркелген, мереке қарсаңында осы кісілерді құттықтау және сый-құрмет көрсету үшін іс-шаралар жоспары жасалып жатыр. Қашанда үлкенді сыйлау, қарияны құрметтеу дәстүрі – қазақ халқының ата салты екені белгілі. Елімізде қарт адам­дарға деген ықылас жыл сайын артып, мемлекет тарапынан оларға көрсе­тілетін көмектің көлемі де ұлғайып келеді.

Алдағы күндері облыс орталығында өтетін облыстық ардагерлер кеңесінің отырысына қатысамын. Ол жерде Ұлы жеңістің 75 жылдығына орай жұмыс жоспары қаралатын болады, дейді- Есет ақсақал өз сөзінде.

Ағай мен апай екі ұлы мен қызынан ерген немерелерін өмірдегі бақытпен байлыққа теңейді. Бүгінде қара шаңырақта өздерімен бірге кенже ұлдары мен келіндері тұрады. Қолдарындағы немерелері Даяна мен Даниял ата-әжесінің тәрбиесімен, мейіріміне бөленіп өсіп келеді.

Біз де мереке қарсаңында Есет ағай мен Бөпежан апайға ұзақ ғұмыр, қазыналы қарттық тіледік. Осындай еңбекке бас иген қарттарымыздан жас ұрпақ қашанда үлгі-өнеге алса игі.

Қымбат НАҒАШЫБАЙ

Редактор

Recent Posts

На покос травы в Боровском из местного бюджета впервые выделили 2 млн тенге

Об этом рассказал аким села Боровское Жасулан Турагулов. (далее…)

8 часов ago

Брусчатка, новые скамейки, урны: что сделано и что предстоит сделать в парке Победы в Боровском

Это лишь часть масштабных работ, которые проводятся в районе в рамках программы «Таза Қазақстан». (далее…)

14 часов ago

В Боровском назрела необходимость привести дорожную инфраструктуру в соответствие с госстандартами

В поле зрения корреспондентов районной газеты попали около 30 дорожных знаков, которые требуют срочной замены.…

2 дня ago

Меңдіқарада жазғы аудандық спартакиада алауын жақты

 Меңдіқара ауданында дәстүрге айналған жазғы спартакиада биыл да жоғары деңгейде ұйымдастырылып, бұқаралық спорттың мерекесіне…

1 неделя ago

Меңдіқарада «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары анықталды

Меңдіқара ауданында ұлттық құндылықтарды ұлықтап, отбасы институтын нығайтуға бағытталған дәстүрлі «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының аудандық…

1 неделя ago

Туған жерге тамырын терең жайған еңбек адамы

    Кей адамдар үшін туған жер – балалық шақтың естелігі ғана. (далее…)

2 недели ago

This website uses cookies.