Бақытты ананың өмірі – көпке үлгі

Қарашаның он бірі күні Нағима әжеміз 112 жасқа толар еді, әттең, көпті көрген кейуана осыдан екі ай бұрын өмірден озды

Бүгінгі мақаламыз ғасырдан артық өмір сүріп, талай өмірдің өткелдерінен өткен Нағима әжеміз жайлы. Ол жайдарлы мінезді, ақжарқын, адамгершілігі мол жан болатын.

Нағима Серғалиеваның есімі аудан тұрғындарына таныс. Ол мың тоғыз жүз сегізінші жылы Меңдіқара ауданы Қарағай ауылының топырағында  дүниеге келген.  Ардақты әкесі Жақыпты «байдың баласы» деген желеумен  кәмпескелеп, атқа мінерлер кісен тағып алып кеткен. Нәубәтті күндерді анасы Қазина  екеуі бірге көрген екен. Анасы әрқашан қызын еңбекке, ісмерлікке баулыған.

Он алты жасында Нұрыш Мінайдаров деген азаматтың етегінен ұстап, тұрмыс құрды. Бір шаңырақтың түтінін түтеткен келін атанып, Алланың берген ұл-қыздарын дүниеге әкелді. Осы кезде бүгінгі күнде тарихқа айналған қан майдан басталды. Жолдасы Нұрыш Отанды қорғау үшін соғысқа аттанды.  Өрімдей жас келіншектің басына тағы қайғы-қасірет, қиындық түсті. Бұл кезде елдің барлық азаматтары шайқасқа аттанып, қыз-келіншектер бастарына түскен қиындыққа мойымай, ердің жұмысын атқаруға тура келді. Таңның атысынан кешке дейін өзі сияқты замандастарымен бірге шаруға араласып, талай еңбекке білектің күшін салды.

Нағима әжеміз бала жасынан зерек, білімге құштар болған. Ауылдағы сауат ашу мектебінде мұғалім болып қызмет атқарған.  Білім аламын деген жандардың басын қосып, әріп танытқан. Зор еңбегі бағаланып Сталиннен мақтау қағаз да алған. Қилы заманның қиындығын көріп, бала-шағасы үшін еш берілмеді. Балаларын жеткізу оңайға соқпады. Тағдырдың жазуымен екінші рет тұрмыс құрды. Жалпы, жеті баланы дүниеге әкелді. Балаларының болашағы үшін халыққа әріп танытты, сауыншы да болды. Құдай берген перзенттерін жетелеп жүріп өсірді, қатарларынан кем қылмады.

Әжеміздің бойында ақындық қасиетіде болған. Ол әкесінен дарыған өнер болса  керек. Жүректен шыққан жыр-шумақтарының тағлымы мол, мазмұны терең. Немерелері мен шөберелері үшін әжелерінің көкейінен шыққан жыр-шумағы мен жүрекжарды тілектері асыл мұра болып қалды.

Жиен-немересі Орал Нұрабаевтың айтуынша:

– Әжеміз ғасырдан артық өмір сүрді. Әжеміздің өнегесі мен ғибраты мол әңгімесі, айтқан ақылы біздің есімізде. Жеті баласын ешкімнен кем қалдырмай жеткізіп, жетелеп жүріп өсірді. Балаларының ғана қамын ойламай, немере-шөберелердің де жағдайын жасауға қол үшін берді. Өнерлі болды. Ешқашан қол қусырып отырған емес. Әркез еңбекке араласты. Өмірінің соңына дейін ешкімге ауыртпашылық түсірген емес. Қиындықты бастан өткерген әжеміз балалары мен немерелерінің ортасында бақытты еді. Жүз он екі жасқа қараған шағында өмірден озды. Әжеміз біздің мәңгі есімізде.

Қиындықты бастан өткеріп, бақытты күнге қол жеткізген қайсар ана әрқашан туыс-туғаны мен жақындарынан ақылын аямаған. Алысты жақындатып, туғандарының әркез басын қосып отырған көрінеді. Шаңырақтың берекесін келтіріп, ақылшысы болған. Мәуелі бәйтеректей тамырын кеңге жайып ұрпағының арасында бақытты болатын. Ешкімнің ала жібін аттамай, ғұмыр кешті. Артынан өшпес мұра қалдырды. «Көп жасаған қария, ақылы мол дария» атты жарыққа шыққан кітабы соның кепілі. Кітапта ғасырдан артық ғұмыр кешкен анамыздың өлеңдері, жақындарына деген тілектері мен өмірбаяны айшықталған.

Ғұмырында зейнет пен бейнетті көрген асыл әжеміз жиырма екі немере, жиырма үш шөбере сүйді. Немерелері мен шөберелері бүгінде әжелерінің есімін мақтанышпен айтып, сағынышпен еске алады.

Тұрсынай Мұхтарқызы

Редактор

Recent Posts

Из педагогов – в автомеханики: житель Боровского Азат Байманов сменил профессию и нашел в этом свое призвание

Азат Байманов, проработав 17 лет учителем физической культуры и спорта, принял решение кардинально сменить сферу…

5 дней ago

На месте заброшенного лагеря «Солнечный» в Мендыкаринском районе построят новую базу отдыха

На территории бывшего пионерского лагеря планируют создать современный круглогодичный центр отдыха для детей и семейного…

1 неделя ago

Многодетная семья из села Харьковское Мендыкаринского района получила ключи от нового дома

Этот значимый подарок для Нурдаулета Чажабаева и Альфии Рахметовой, воспитывающих пятерых детей, стал возможен благодаря…

2 недели ago

Меңдіқара ауданында Жастар ресурстық орталығының еріктілері жалғызбасты қарттар мен көмекке мұқтаж тұрғындарға қолдау көрсетіп келеді.…

3 недели ago

В Боровском установили арт-объект в виде книги у входа в центральную районную библиотеку

Всю эту красоту - от идеи до воплощения - новый руководитель библиотечной системы Кайыржан Тлесбаев…

4 недели ago

Меңдіқара ауданында ағаш отырғызу жұмыстары жүйелі түрде жалғасуда

Қостанай облысында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық тұжырымдамасы аясында «Менің аулам – менің бағым» облыстық жобасы жүзеге…

4 недели ago

This website uses cookies.