Categories: Новости

“Бақыттың бастауы – еңбекте”, – дейді Кужахметовтар жанұясы

Федоров ауданына қарасты елді-мекенде туып-өсіп, ер жеткенімен адал еңбегі Меңдіқара еліне сіңген Байбол Үменұлы Кужахметов бүгінде құрметті зейнеткерлікте.

1977 жылы Гүлнар апамыз екеуі енді ғана шаңырақ көтерген жас отбасы ретінде аудан орталығына табан тіреген екен. Сол жылдары Байбол ағай қолына әлі дипломын алмаған студент, алғашқыда қарапайым жұмысшы, кейін Харьков совхозында прораб болып еңбек етеді. Еңбекқорлық пен өзіне жүктелген жауапкершілігіне деген адалдығының арқасында алғашында  аудандық атқару комитетінің орынбасары, уақыт өте келе әкімшілік басшылығының орынбасары болып тағайындалып еңбегінің жемісін көрді. Талай жыл Меңдіқара ауданы әкімінің орынбасары қызметін де зор жауапкершілікпен атқарып, зейнеткерлікке қадам басты.

Өмірінің 42 жылын қарапайым жұмысшыдан мемелекеттік қызметкерлікке дейін арнаған ағамыз ел  үшін еңбек еткен әрбір сәтін ыстық естелікпен еске алып отырады. Әрқашан жақсы ісі жоғарыдан бағаланып, Байбол ағамыз облыстық, аудандық басшыларының марапатына кенде болмады. Бұл өлшеусіз еңбегінің жемісі екені сөзсіз. Дегенменен зейнеткерлік жасқа келгенде ескерусіз қалып қалған сәттер көңілге кірбің әкелерін де тілге тиек етті.

Гүлнар апамыз мамандығы бойынша есепші, талай жыл сатушы болып еңбек еткен кісі. Бүгінде сауда саласында.

Еңбекке бас иетін, адалдықты ту ете білетін осындай тамаша жанұяда дүниеге келген тұңғыштары Жұлдызай мен ұлдары Рүстем де өте тәрбиелі, білімді жандар. Әке көреген оқ жонар, шеше көрген тоң пішер дегендей ата-анасынан алған үлгі-өнегелерін өмірлік ұстанымдары етеді.

Бүгінде екеуі де еңбектерін Нұр-Сұлтан  қаласында жағастыруда. Жұлдызай пополковник, Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің қызметкері. Рүстем Қазақстан Республикасы  Парламентінде жауапты қызметте.

Балаларымыздың соңынан ерген, өміріміздің жалғасы болар немерелер біз үшін өмірдің мәні мен сәні – дейді, Байбол ағай мен Гүлнар апай. Атасы мен әжесінің көз қуаныштары Дастан мен Дания да есейіп келеді. Балаларының әрбір демалысын мерекеге айналдыратын ата-әжесі жуырда ғана астанада қонақ болып қайтқан екен.

Еңбекке адалдық таныта білген, бала-шағасына еңбегімен үлгі болған жандар жайында айта білу біздің парызымыз.

Қымбат НАҒАШЫБАЙ

Редактор

Recent Posts

Молодежный ресурсный центр Мендыкаринского района признан лучшим по Костанайской области

С этим заслуженным признанием коллектив МРЦ поздравил глава района Габит Бекбаев. (далее…)

1 неделя ago

В Боровском колледже им К.Доненбаевой открылась учебная лаборатория по специальности «Пожарное дело»

Это важное событие совпало с годом празднования 90 - летнего юбилея колледжа и с Годом…

2 недели ago

На шиномонтажных сервисах Мендыкаринского района в минувший понедельник наблюдался ажиотаж

Причиной такой ситуации послужила непогода, которая застала водителей врасплох. (далее…)

4 недели ago

Милана Джафарова признана лучшим интервьюером сельскохозяйственной переписи по Мендыкаринскому району

20 октября, завершился второй этап масштабной сельскохозяйственной переписи, охвативший 4969 личных подсобных хозяйств в селах…

1 месяц ago

В райцентре открылась кофейня, аналогичных которой в Мендыкаринском районе нет

Данный бизнес молодая пара Серик Авгумбаев и Светлана Юшкевич реализовали за счет собственных средств. (далее…)

1 месяц ago

Қостанай облысы тұрғындары сапалы байланыс пен интернетке қашан қол жеткізеді?

Цифрлық технологиялар қарқынды дамып жатқанына қарамастан, Қостанай облысында мыңдаған тұрғын әлі күнге дейін тұрақты байланыс…

1 месяц ago

This website uses cookies.