Балалар сый мен сыйқырға толы кешке куә болды

Меңдіқара төрінде сән салтанаты жарасқан аудан әкімінің жаңа жылдық шыршасы өтті

Арнайы ұйымдастырылған мерекелік шараға тұрмысы төмен, әлеуметтік аз қамтамасыз етілген, көп балалы отбасылардың  білім, өнер, спортта жетістіктерге қол жеткізген талантты балалары қатысты.

Балаларды жаңа жылдық мерекемен  аудан әкімі Нұрлан Қатарбеков құттықтап, ізгі ниетін білдірді. Сондай-ақ, мемлекетіміздің жарқын болашағының бір кірпіші болып қаланатын бүлдіршіндерге деген зор сенім артып, әр саладағы жетістіктеріне деген қуанышын жеткізді Жаңа жыл қарсаңында осынау тамаша кешке жиылған барша балаға зор денсаулық, бақыт тіледі. Жаңа жылға қатысқан әрбір бала сыйлық ретінде аудан әкімінің қолынан қоржын толы тәтті мен смартфонға ие болды.

Балалардың ел ағасына деген ақ ниетімен алғыс сөзін  Ғаббас Жұмабаев атындағы Боровской мектеп-гимназиясының оқушысы Артур Хорченко жеткізді.

Жаңа жыл кешінің сәнін келтірген Аяз ата мен Ақшақарға балалар өз өнерлерін көрсетіп, орта думанға толды. Арнайы театрландырылған көріністер мен мерекелік ойын-сауық балалардың көңілін көтеріп, ерекше сезімге бөледі.

– Биылғы жаңа жыл біз үшін тосын сыйға толы болады деп ойлаймыз. Аудан әкімінің шыршасына шақырту алғанда өте ерекше қанышты болдық. Бүгін осы жаңа жыл кешіне келген сәттен біз үшін тосын сыйларға куә болып, ертегі әлмеінде жүргендей әсер алдық. Осындай біз тамашалаған мерекені барлық балалар да көрсе екен дейміз. Аудан әкімінің қолынан сыйлық алған сәтте сондай бақытты сезімде болдық. Біздерге осындай ерекше жаңа жыл кешін ұйымдастырып жатқан аудан әкіміне алғысымыз шексіз  – дейді, балғындар.

Қымбат НАҒАШЫБАЙ

Редактор

Recent Posts

Многодетная семья из села Харьковское Мендыкаринского района получила ключи от нового дома

Этот значимый подарок для Нурдаулета Чажабаева и Альфии Рахметовой, воспитывающих пятерых детей, стал возможен благодаря…

3 дня ago

Меңдіқара ауданында Жастар ресурстық орталығының еріктілері жалғызбасты қарттар мен көмекке мұқтаж тұрғындарға қолдау көрсетіп келеді.…

2 недели ago

В Боровском установили арт-объект в виде книги у входа в центральную районную библиотеку

Всю эту красоту - от идеи до воплощения - новый руководитель библиотечной системы Кайыржан Тлесбаев…

3 недели ago

Меңдіқара ауданында ағаш отырғызу жұмыстары жүйелі түрде жалғасуда

Қостанай облысында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық тұжырымдамасы аясында «Менің аулам – менің бағым» облыстық жобасы жүзеге…

3 недели ago

Жители Мендыкаринского района обсудили вопросы безопасности, медицины и соцзащиты

В рамках проекта «Заң мен тәртіп» («Закон и порядок») в Костанайской области продолжается «Караван правовой…

3 недели ago

Боровчанин Артем Харченко стал обладателем уникальной «шестерки» с 40 летним пробегом

Для Артема настоящий драйв заключается в запахе бензина, звуке карбюраторного двигателя и аутентичности советской классики.…

3 недели ago

This website uses cookies.