Categories: Новости

Бейне конференц байланысы режимінде Тіл жанашырлары ашық талқылауға ат салысты

Қазақстан Республикасы Президентінің  латын негізді қазақ тілі әліпбиін жетілдіруге қатысты тапсырмасына сәйкес Республикалық ашық талқылау  өткізілген болатын.

Аталған іс-шара облысымызда бейне конференц байланысы  режимінде  қалалар мен аудандар  әкімдіктерінің қатысуымен  ағымдағы   жылдың  14  ақпан  күні өткізілді. Ашық  талқылауға мәдениет  және  тілдерді  дамыту  бөлімдерінің  басшылары, білім бөлімінің өкілдері, Тіл жаңашырлары, оқу орындарының тіл мамандары мен оқытушылары, Тілдерді  оқыту орталықтарының басшылары мен мамандары және бұқаралық  ақпарат құралдарының  қатысты. Біздің ауданымыздың атынан да бір топ тіл жанашырлары тікелей эфирді бақылап өз ойларын ортаға слуға мүмкіндік алды.  Қазақ тілінің латын графикасы негізіндегі әліпбиін жетілдіру бойынша республикалық ашық талқылау өткізудің кіріспе сөзімен Қостанай облысы әкімдігі Тілдерді дамыту басқармасының басшысы Г.Мендекинова ашты.

Латын графикасы негізіндегі қазақ әліпбиінің А (акут) нұсқасымен «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығының оқытушысы  Жанна Темірболатқызы Жарасбаева таныстырды. Латын графикасы негізіндегі қазақ әліпбиінің Ә (умлаут) нұсқасымен «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығының әдіскері, гуманитарлық ғылымдар магистрі  Айнұр Нұрбекова таныстырды. Сөз кезегінде Латын графикасы негізіндегі қазақ әліпбиінің аралас (кирил-умлаут) нұсқасын «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығының оқытушысы, филология магистрі  Айнұр Миркемелова таныстырды.

Әр нұсқаны таныстырудан соң талқылау кезеңінде А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің профессоры Қалқаман Жақып, А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің профессоры Алмасбек Әбсадық, А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің, ф.ғ.к. Гүлжанат Жүрсіналина, Ө.Сұлтанғазин атындағы Қостанай  мемлекеттік педагогикалық институты филология департаментінің директоры, ф.ғ.к. Қарлығаш Нұрмұхаметова,  Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтының аға оқытушысы, филология ғылымдарының магистрі, доцент Ардақ Абдуллина әліпби  жобаларына  қатысты  пікірлері мен ұсыныстарын ортаға салды.

Қымбат НАҒАШЫБАЙ     

Редактор

Recent Posts

На месте заброшенного лагеря «Солнечный» в Мендыкаринском районе построят новую базу отдыха

На территории бывшего пионерского лагеря планируют создать современный круглогодичный центр отдыха для детей и семейного…

19 часов ago

Многодетная семья из села Харьковское Мендыкаринского района получила ключи от нового дома

Этот значимый подарок для Нурдаулета Чажабаева и Альфии Рахметовой, воспитывающих пятерых детей, стал возможен благодаря…

6 дней ago

Меңдіқара ауданында Жастар ресурстық орталығының еріктілері жалғызбасты қарттар мен көмекке мұқтаж тұрғындарға қолдау көрсетіп келеді.…

2 недели ago

В Боровском установили арт-объект в виде книги у входа в центральную районную библиотеку

Всю эту красоту - от идеи до воплощения - новый руководитель библиотечной системы Кайыржан Тлесбаев…

3 недели ago

Меңдіқара ауданында ағаш отырғызу жұмыстары жүйелі түрде жалғасуда

Қостанай облысында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық тұжырымдамасы аясында «Менің аулам – менің бағым» облыстық жобасы жүзеге…

3 недели ago

Жители Мендыкаринского района обсудили вопросы безопасности, медицины и соцзащиты

В рамках проекта «Заң мен тәртіп» («Закон и порядок») в Костанайской области продолжается «Караван правовой…

3 недели ago

This website uses cookies.