Биыл төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік Комитетінің құрылғанына 25 жыл

Ең қауіпті қызметтердің бірі – құтқарушылар мен өрт сөндіруші мамандарының қызметі. Адам өмірін құтқарып, тілсіз жаумен күресетін мамандардың еңбектері ерлікпен тең.

Құтқарушылардың кәсіби мерекесі қарсаңында олардың жасап жүрген еңбектері жайлы жазып өткенді жөн санадық. Меңдіқара аудандық № 9-шы өрт сөндіру бөлімінде бүгінгі таңда 28 қызметкер  тілсіз жаумен күресіп қана қоймай, адам өмірінің арашасы болып жүр. Бұл олардың қызметі ғана емес, міндеті. Күн сайын жауапкершілікті арқалаған өрт сөндірушілер мен құтқарушылар алапат отқа қарсы шығып, өз өмірін кейінге қоя тұра, біреудің өмірі үшін күресуде.  Оларға тағылар сын да жетерлік. Дегенмен күні-түні халықтың қауіпсіздігі үшін еңбек ететін біздің өрт сөндірушілер, аудан тұрғындарының қауіпсіздігі үшін аянбай тер төгуде. Сақадай сай техника, жоғары деңгейдегі дайындық, үлкен еңбек. Бұл олардың күнделікті атқаратын жұмысы.

Аудандық өрт сөндіру бөлімінде қатаң талапты ұстана отырып өз жұмысын зор  еңбекпен атқарып келе жатқан жас мамандар да жетерлік. Осындай жас маманның бірі Талғат Сұңқарбеков. Талғат жас та болса өз мойнына жүктелген мамандықты үлкен абыроймен атқаруда. Аудан төріне мықты спортшы болып танылған жас маман, аудандық Алтын кітаптың да лауреаты болып үлгерді. Талай қоғамдық іс-шараладың белді мүшесі, спорттық жарыстардың жеңімпазы. Бұл мекемеде мақтанышпен айтатын қызметкерлер жетіп артылады. Жас буынға үлгі болған, осы салада талай жыл толассыз еңбек етіп келе жатқан маманның бірі  Василий Репин. Василий аталмыш мекемеде жүргізуші болып еңбек етуде.

Мекеме басшысы, білікті маман, Азаматтық Қорғау капитаны Қанат Жарылғасынов 14 жылдан астам уақыт  қиын салада қалтқысыз тер төгуде. Айтуынша өз өмірін қауіп-қатерге тігіп, өзгенің өміріне араша түсу оңай жұмыс емес көрінеді. Дегенмен бұл салада шыдамды және өз жұмысына адал адам ғана еңбек ете алады дейді. Осы сәтті пайдалана отыра барша әріптестерімді кәсіби мерекемен құттықтап, еңбектеріңіз жана берсін деген ақ тілегін де жеткізді.

Мереке қарсаңында жер-жерлерде «25 адамға өмір сыйла» атты республикалық акция өтуде. Аталмыш акция 12 қазан күні біздің ауданда да бастау алған болатын. Ауданымыздың өрт сөндірушілері аталмыш акцияға белсенді түрде ат салысып, қиналған жандардың өмірі үшін қан тапсырды. Адам өміріне үміт сыйлаған өрт сөндірушлердің бұл да бір жақсылығы. Қиындыққа тойтарыс беретін тарландар, қоғамның қауіпсіздігі үшін күнделікті бастарын қатерге тігіп өлшеусіз еңбек атқаруда. Бүгінгі күннің батырына айналған құтқарушы мамандарды  кәсіби мерекелерімен құттықтай отырып, еңбектеріне сәттілік тілейміз.

Тұрсынай Мұхтарқызы

Редактор

Recent Posts

На шиномонтажных сервисах Мендыкаринского района в минувший понедельник наблюдался ажиотаж

Причиной такой ситуации послужила непогода, которая застала водителей врасплох. (далее…)

23 часа ago

Милана Джафарова признана лучшим интервьюером сельскохозяйственной переписи по Мендыкаринскому району

20 октября, завершился второй этап масштабной сельскохозяйственной переписи, охвативший 4969 личных подсобных хозяйств в селах…

1 день ago

В райцентре открылась кофейня, аналогичных которой в Мендыкаринском районе нет

Данный бизнес молодая пара Серик Авгумбаев и Светлана Юшкевич реализовали за счет собственных средств. (далее…)

2 дня ago

В Сосновской школе Мендыкаринского района действует отряд юных помощников полиций

Направление играет ключевую роль в формировании правовой культуры, профилактике правонарушений среди несовершеннолетних и поддержании порядка…

1 неделя ago

В Мендыкаринском районе продолжается работа по установке датчиков дыма социально-уязвимым слоям населения

В первую очередь сотрудники отдела по ЧС устанавливают датчики угарного газа – многодетным семьям. (далее…)

2 недели ago

Меңдіқара ауданының тұрғыны Роза Сағындықызы өмірінің 30 жылын кітапхана саласына арнаған

Бұл мереке – қоғамның рухани байлығын арттырып, білім мен мәдениеттің дамуына өлшеусіз үлес қосып жүрген…

2 недели ago

This website uses cookies.