Алғашқы болып жас маман Байдос Қожасағиев «Елге тарту» онлайын концертін берді. Байдос, ауданымызға жақында ғана келіп жұмысқа орналасқан термеші, талантты әнші. Сонымен қатар Ғалымжан Маутанов, «Березка» тобы, Қарлығаш Құсаинова, Адай, Азат ағайынды Батиновтар «Біз үйдеміз» атты онлайн концерттерін берді. Жоспар бойынша әр аптада өтіп жатқан концертпен бірге арнайы кездесулер ұймдастырылуда.
Жуырда жас ақын, студент Дінмұхамет Құсаиновпен «Туған елге арнау» атты онлайын сұхбат өткізіледі. Бұл сұхбатта жас талант иесінің өлеңдері оқылып, тыңдарман сұрақтарына жауап беріледі. Сәуір айының 27 күні Рамазан айына орайластырылып аудандық Зұлқарнайұлы Мұсақажы атындағы мешіттің бас имамы Қошан Еркебұлан Жаңбырбайұлымен онлайын сұхбат жүргізіледі және басқада сұрақтар бойынша мына инстаграмм желісіндегі culture_mendiqara парақшасына тіркеліп тамашалай аласыздар.
30 сәуір күні Марат Утегеновтің және 5 мамыр күні «Жастар» тобының онлайын концерті өтеді. Ауылдық клуб меңгерушілері де өзіндік жоспарын атқаруда. Қазақтың бас ақыны, Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай онлайын түрде байқаулар өткізіп, мәдени іс-шараларды жүргізуде.
– Өткізілген концерттер мен іс-шаралды және алдағы апталарда өтетін мерекелік бағдарламалардың хабарландыруларын инстаграмм желісінде culture_mendiqara парақшасынан тамашалай аласыздар,- дейді өз сөзінде аудандық «Юбилейный» мәдениет үйінің директоры Мұрат Жақсылықұлы.
Қымбат НАҒАШЫБАЙ
Заниматься мобилографией Никита начал в 2024 году, когда пришел работать на государственную службу. (далее…)
Байқауға орталықтың сегіз оқытушысы қатысып, өз білімдері мен тәжірибелерін ортаға салды. (далее…)
Ауқымды спорттық шараға облыстың 18 командасынан барлығы 246 жас шаңғышы қатысып, өзара бақ сыңасты. (далее…)
Об этом корреспондентам районной газеты рассказал главный санитарный врач Мендыкаринского района Ералы Смагулов. (далее…)
Аудандық Жастар ресурстық орталығының жанынан құрылған «Жүректен жүрекке» еріктілер штабы жыл сайын қыс мезгілінде дәстүрлі…
Ұзынкөл ауданында 2010-2012 жылы туылған жасөспірімдер арасында асық ату және бес асық спортынан Қостанай облысының…
This website uses cookies.