“Біз біргеміз” жобасы аясында аудандық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен кезекті онлайын сұхбат өтті

Онлайн кездесуді Мұрат Нағашыбай жүргізді. Сұхбаттың қонағы Меңдіқара ауданының тумасы, жас өнерпаз, айтыс ақыны Дінмұхамет Құсаинов болды.

– Дінмұхамет онлайн сұхбат беруге, уақыт бөліп отырғаныңызға алғыс айтамыз. Жалпы өзіңді таныстырып  туған жерің, мамандығың жайында айтып өтсең.

– Менің туған жерім осы Меңдіқара ауданы, осы елде туып-өсіп Ғаббас Жұмабаев атындағы орта мектептен білім алғам. Қазіргі уақытта қаласының А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінде тіл мамандығы бойынша үшінші курс студентімін.

– Ақындық  қабілетің кімнен дарыған, өзіңді танитындар өнері нағашыларынан, –  деп айтады.

– Нағашылар деп айтып жатырсыз,  мен өзім үш жасыма дейін сөйлемеген екенмін. Үйдегілер уайымдап, содан әжем бұл баланы нағашыларына апарып қойдың шегімен буындыру керек депті. Ол кезде аздап есімді білемін,  менің  мұны естігеннен зәрем кетті. Әкем нағашыларыма апарып аталмыш рәсімді орындаған екен. Содан соң тілім шығып, сөйлеп кетіппін.  Бұл оқиғаға адамдар сенбеуі де мүмкін. Болған оқиға, дегенменен қазақ халқының ырымы қырын кетпеген халық қой.  Ал қазіргі күні нағашыларыма қыдырып барғанда маған арнау айтқызып жатады, сол кезде сіздер болмағанда бүгінде екі сөздің басын құрай алмас едім, – деп нағашыларымды мақтап қоямын. Анам Қарлығаш та ән салады, домбырамен терме орындаушы,  аудандық мәдениет үйінің өнерпазы.  Жалпы өнер нағашыларымнан тараған деп ойлаймын өз басым.

– Әрине, кез келген өнер адамында еліктеушілік болады. Онсыз өнер адамы болу мүмкін емес. Мектеп қабырғасында оқып жүргенде –ақ, айтысқа келуіңе тоқтала кетсең.

– Бұл айтысқа келудің өзіндік қызығы болды, ол  кезде мен Айбек Қалиев, Ринат Зайтов ағаларымыздың айтыстарын интернеттен жүктеп алып тыңдап жүретінмін. Бір күндері Абай оқулары сайысы  болды, соған дайындалып байқауға қатыстым. Ауылдардан, ауданнан келген қатысушылар патриоттық өлеңдер оқыды, соңында мен шықтым. Мен өзімше ақындық қабілетіммен  аудандағы келеңсіз жағдайларды айтып, проблемаларды өлеңдетіп жырға қостым. Содан бастап айтысқа қадам бастым.

– Жалпы айтыс еліміздегі төтенше жағдайға байланысты бүгінде онлайн түрінде жүріп жатыр. Осындай онлайн айтысқа шақырту, ұсыныстар болды ма?

– Ия болды. Ол онлайн айтыс деген оңай емес. Оған көп дайындық керек. Айтыстың қандай түрі болмасын дайындықты қажет етеді. Шабытта болу керек.

– Еліміздегі төтенше жағдайға байланысты барлық оқу орындары онлайн білім беруге ауысып жатыр. Өзің де біліміңді үйде онлайн түрде жалғастырып отырған студенттердің қатарынансың. Онлайн оқудың ерекшелігі бар ма екен?

– Негізі оқу орнында оқыған жақсы ғой. Басында ойлағанбыз, жақсы болды үйде жатып оқимыз, – деп. Дегенменен талап күшейді, көптеген тапсырмалар бар.  Бұйырса оқу орнына барып оқитын  күнге де жетеміз деген ойдамын.

– Кез келген ақынның өзінің қойын дәптері болады. Жалпы тапсырыспен өлең жазасың ба?

– Өзіммен замандас жастардан сұраныс болып жатса әрине, жазып беремін.  Ал, әнге сөз жазудың жауапкершілігі зор,  кім білсін уақыты келгенде бір дәрежелерге жеткенде оны да көре жатармыз.

Рахмет! Бұл ақындық деген ізденісті, кітап оқығанды, еңбектенгенді талап ететін үлкен өнер. Сондықтан ақындық қабілетің дами берсін. Уақыт бөліп сұхбат бергеніңе рахмет!  Сұхбаттың толық онлайн нұсқасын  инстаграмм желісіндегі аудандық мәдениет үйінің

@culture _mendiqara парақшасынан тамашалай аласыздар.

Қымбат НАҒАШЫБАЙ

Редактор

Recent Posts

Спасатели Мендыкаринского района отмечены медалью и сертификатами от Демократической партии «Ақ Жол»

Медалями «Апатпен күрескені үшін» были удостоены старшие сержанты гражданской защиты Кайрат Султанов и Темирлан Кульмухамбетов.…

13 часов ago

В Мендыкаринском районе стартовал двухмесячник по санитарной очистке

Проводимое мероприятие в рамках общенациональной кампании «Таза Қазақстан», призван вернуть нашим населенным пунктам первозданный весенний…

6 дней ago

В Мендыкаринском районном филиале партии «AMANAT» отметили активных участников территориальной коалиции

Поводом для торжественного собрания стало чествование активных участников территориальной коалиции, чьи усилия сыграли ключевую роль…

6 дней ago

С начала пожароопасного периода в Денисовском районе зарегистрировано 5 случаев пожара

С наступлением весенне-летнего периода традиционно осложняется обстановка с пожарами. (далее…)

7 дней ago

Дорога в Загаринку: спустя 45 лет ожиданий в Мендыкаринском районе начнется ремонт

Жители приграничного села Загаринка, годами жаловавшееся на бездорожье, наконец дождались перемен. (далее…)

7 дней ago

Меңдіқара ауданында жас жол инспекторларының аудандық слеті өтті

Меңдіқара аудандық білім бөлімі мен полиция бөлімі бірлесіп, Первомай жалпы білім беретін мектебі базасында жас…

1 неделя ago

This website uses cookies.