Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігімен Республикалық мектеп спорт федирациясының қолдауымен 21-22 қыркүйек аралығында Қостанай қаласында Республикалық І жастар ойындары жобасы өтті
Мектеп оқушылары арасындағы командалық іріктеу ойынына біздің Меңдіқара ауданының намысын қорғап, мықты ойыншылардан құралған команда ат салысты.
Қомандалық ойында жақсы ойын көрсеткен Ломоносов орта мектебінің 10 сынып оқушысы Алмат Жоломанов және Ғ.Жұмабаев атындағы мектеп гимназиясының оқушысы Арайлым Айсаева барлық қарсыластарын жеңіп, Қостанай облысының чемпионы атанды.
Жеңімпаздар мақтау грамоталарымен, медальдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Іріктеу кезеңінен өткен командалардың қатарынан орын алған біздің ойыншыларымыз да алдағы көктемде Көкшетау қаласында өтетін Республикалық жастар ойындарына жолдама алды.
Осы орайда мықты ойыншылар дайындап, сайысқа қосып отырған бапкерлері Рысбай Үмбетов пен Мұрат Жоломановтың да еңбектері зор. Намысты қолдан бермей, көк байрағымызды биікте қалықтата білген жас спортшыларымызға тек жеңісті сәттер тілейміз!
Аграрный сезон 2026 года стал для ТОО «Олжа Агро Боровское» настоящим испытанием на прочность. (далее…)
Последние пять лет во дворе у семьи Шестаковых гармонично уживаются более двух десятков видов растений.…
Отныне каждый собственник - будь то владелец частного дома, магазина или квартиры в многоэтажке -…
Қаратал ауылында ел тарихына тағзым етіп, өскелең ұрпаққа жағдай жасауға бағытталған қос нысан ел игілігіне…
Несмотря на активную профилактическую работу, статистика показывает, что не все жители осознают серьезность угрозы. (далее…)
Ликвидация «заброшек» - это не просто вопрос эстетики, а важный шаг в реализации экологической программы…
This website uses cookies.