Дарыны мен білімін ұштастыра білген оқушыларымыз «Елбасы медаліне» иелік етті

Өскелең ұрпақты тәрбиелеу және үйлесімді дамыту бағдарламасының бірі және бірегейі – «Елбасы медалі»

Бұл бағдарлама жастарды қолдау және ынталандыру жүйесі болып табылады.

Жоба Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы аясында әзірленді. «Елбасы медалі» – жастарды кешенді дамытуға бағытталған ұлттық деңгейдегі бағдарлама. Ол жеті бағыттан тұрады. Бағдарламаға 14 пен 29 аралығындағы таланты да, талапты жастар қатыса алады.

Аталмыш жобада бағын сынап, жақсы жетістіктерге қол жеткізген дарынды, да білімді жастар біздің ауданнан да табылды. Олар бүгінде «Елбасы медалінің» иегерллері атанды.

Ахметқазы Шотаев атындағы Боровской мектеп-гимназиясының 11-сынып оқушысы Бекзат Журтуков пен Жангелді орта мектебінің 9-сынып оқушысы Руслана Вольская аталмыш марапатқа қол жеткізіп, аудан мерейін асқақтатты. Олар талай байқаулардың жеңімпазы атанып, талай бәйгеден оза шапқан оқушылар. Бұл жолы да намысты қолдан жібермеді. Республикалық байқау комиссиясы жұмысының қорытындысы бойынша қола жүлде олардың қанжығасына байланды.

Бекзат көп балалы отбасынан шыққан білімді де, дарынды бала. «Алтын белгі» үміткері. Талай аудандық, облыстық байқаулардың жүлдегері. Ал, Руслана болашағынан зор үміт күттірер шәкірттердің қатарынан. Көптеген олимпиадалардың белсенді қатысушысы және жеңімпазы. Спорттық жарыстарда да аса белсенділік танытып, жақсы көрсеткіштерге қол жеткізуде.

Ауданымыздың парасатты жастарын наурыз айының 12-сі күні аудан әкімінің орынбасары Марлен Сандыбеков марапаттады. Ол жиналған қауымның алдында жастарды үлкен жетістіктермен құттықтай отыра, естелік сыйлықтар табыс етті.

Оқушылар да өз тарапынан ұстаздары мен үміт артқан жандарға зор алғыстарын білдірді.

– «Елбасы медалі» біз сияқты талапты да, дарынды жастардың жан-жақты дамуына үлкен мүмкіндік береді. Елбасының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан игі жобаның жастарға берері мол. Бұл біз үшін үлкен марапат. Үлкен жеңіс деп ойлаймын. Алдағы күндерде де бізге сенім артқан ұстаздарымыз, жақындарымыздың үмітін ақтап, ауданымыздың абыройын асқақтатуға өз үлдесімді қосқым келеді ,-дейді Бекзат Журтуков.

Үлкен додада бақтары мен білімдерін сынаған талапты жастарымызды құттықтай отыра, болашақтарың жарқын болсын дейміз.

Тұрсынай Мұхтарқызы

Редактор

Recent Posts

46 мендыкаринских ребят проходят срочную воинскую службу в рядах Вооруженных силах РК

С началом призывной кампании 17 марта, еще четверо мендыкаринцев пополнили ряды защитников Отечества. (далее…)

1 неделя ago

Меңдіқара ауданында көктемгі су тасқынына байланысты жағдай тұрақты

Көктем мезгілінің жақындауына байланысты су тасқыны қаупі жыл сайын өзекті мәселелердің бірі болып табылады. (далее…)

1 неделя ago

Меңдіқаралық тұрғын Гүлжан Нұрмұхамбетова – өз шаңырағының шырағы

«Ана бір қолымен бесікті тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді», - деп бекер айтылмаса керек. (далее…)

4 недели ago

Меңдіқаралық боксшы Амина Сапарбаева Қазақстан чемпионатының жүлдегері

25 ақпан мен 2 наурыз аралығында Қызылорда қаласында 2012 жылы туған қыздар арасында  бокстан Қазақстан…

4 недели ago

Власти и жители Мендыкаринского района в борьбе по недопущению паводка

Совместными усилиями проводится работа по вывозу снега, расчистке улиц и отвода воды от жилых домов.…

4 недели ago

Елена Карповна Ткаченко, из Мендыкары в свои 96 лет не упускает возможность сделать свой выбор во благо будущего страны

В Мендыкаринском районе Елена Карповна личность известная 96-летняя мендыкаринка оставила большой след в истории района.…

4 недели ago

This website uses cookies.