Ауданымызға жыл сайын жоғарғы оқу орындарының түлектері қадам басуда
Әсіресе, ұстаздар қауымының қатары толығу үстінде. Биылғы жылы да білім беру саласына «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында бір топ жас түлек ат басын тіреді.
Соның ішінде Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетін «Серпін» бағдарламасы аясында тәмамдаған екі бірдей жас маман Ломоносов орта мектебіне қабылданды.
Әбденбай Шәміл тарих пәнінің маманы, Әбдіқұл Жомарт математика пәнінің ұстазы.
Жас ұстаздар жуыр арада мемлекеттік бағдарламамен баспаналы болып, ауылдық жерде тұрақтап қалуға да қарсы емес екендерін жеткізді.
– Жалпы Меңдіқара ауданы бізді сұлу табиғатымен, бауырмал, қонақжай халқымен бірден өзіне баурап алды. Бүгінгі алғаш еңбек жолымызды бастап отырған мектептің директоры Сәуле Советқызы мен мектеп ұжымы да алыстан қоныс аударып, жаңа ортаға келіп отырған біздерді жылы қарсы алып, қолдан келген көмектерін беріп отыр. Біз мемлекеттік бағдарламамен тегін білім алып, ендігі кезекте «Дипломмен ауылға» бағдарламасы арқылы мемлекет тарапынан үй алуға мүмкіндік берілгелі жатыр, біздің міндет енді кезекте табжылмай еңбек ету деп білеміз – дейді, жас мамандар.
Бұрындары ауылдық жерде жұмыс істеуден бас тартып, қалалық жерде қалуды қалаған жастар қазіргі таңда еш ойланбастан ауылға жол тартуда. Мұның бірден бір себебі мемлекет тарапынан жасалып жатқан көмек пен қолдаудың арқасы деп білеміз.
Мәліметтерге көз жүгіртсек соңғы жылдары ауыл-аймақтағы маман тапшылығы да азайып келеді. Ауылда жұмыс істеймін деген әрбір жас маманға «Дипломмен ауылға» бағдарламасы төңірегінде мемлекет тарапынан қайтарымсыз көтерме ақы мен баспана алуға пайызсыз несте де қарастырылып отыр.
Ауылдық елді мекендерге білікті маман тартудың бірден-бір жолы – «Дипломмен – ауылға» бағдарламасын жаңғырту.
Жастардың жігерін жанып, ынтасын арттыратын бұл мемлекеттік бағдарлама Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың назарынан да тыс қалмады. Мемлекет басшысы биылғы Қазақстан халқына Жолдауында алдағы жылдан бастап бағдарламаны қаржыландыруды көбейтіп, еселей түсүді тапсырған болатын.
Қымбат НАҒАШЫБАЙ
Об этом корреспондентам районной газеты «Меңдіқара үні» стало известно от родителей, чьи дети учатся в…
Спасатели района уверены: заблаговременная подготовка - ключ к успешному противостоянию стихии. (далее…)
Заниматься мобилографией Никита начал в 2024 году, когда пришел работать на государственную службу. (далее…)
Байқауға орталықтың сегіз оқытушысы қатысып, өз білімдері мен тәжірибелерін ортаға салды. (далее…)
Ауқымды спорттық шараға облыстың 18 командасынан барлығы 246 жас шаңғышы қатысып, өзара бақ сыңасты. (далее…)
Об этом корреспондентам районной газеты рассказал главный санитарный врач Мендыкаринского района Ералы Смагулов. (далее…)
This website uses cookies.