Досмағұл Сүймековтің естелік портреті туған елі Меңдіқара төріне қойылды

Досмағұл Сүймеков – Кәләм Байназарұлының бір кездегі шәкірті

1940 жылы Қаратал совхозына қарасты Қаражар елінде дүниеге келген. Меңдіқара педагогикалық училищесіне 14 жаснда оқуға түсіп оны ойдағыдай аяқтаған. Кейін Қостанай пединститутының физика-математика факультетін тәмамдап 1963 жылы училищеге қайта оралған.

Іскер, елгезек жан қатардағы мұғалімдіктен 1974 жылы алдымен педучилище директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары, 1976 жылдан ширек ғасырға жуық Рудный педагогикалық училищенің директоры болып жемісті еңбек етті.  Ыбырай Алтынсариннің еңбектері мен идеяларын жастарға насихаттаушы. Облыс көлеміндегі білікті ұстаздарды даярлаушы ретінде танылған үздік қызметкер.

Досмағұл Еслямұлының естелік тақтасының ашылу салтанатына өмірлік жары Рысбике Қасымқызы, ұл-қызы және туған қарындасы Күләш Еслямқызы қатысты. Сондай-ақ, ұстаз руһына тағзым ету мақсатында Рудный әлеуметтік-гуманитарлык коллкджінің директоры Жомарт Құсайын бастаған студеттер мен ұстаздар қауымы арнайы келді. Іс-шараға Боровской селосының әкімі Серік Мүсәпіров және аудандық білім бері бөлімінің өкілдері мен бірқатар мектеп директорлары атсалысты.

Салтанатты түрде естелік портретті ашу рәсімінен соң сөз алған Жомарт Қоңырбайұлы ұстаз әрі ағартушы Досмағұл Еслямұлы жайында жақсы естеліктерімен бөлісті. Осы ретте Досмағұл Сүймековтің шәкіртері мен әріптес замандастары сөз алды.

Ауқымды шара Ахметқазы Шотаев атындағы орта мектепте жалғасын тапты, бұл жерде қонақтар Досмағұл Сүймековтің өмірі мен еңбек жолы турасында өрбіген дөңгелек үстелге қатысты.

Педагог, Қазақ ССР ағарту ісінің үздігі, Қазақстан Республикасының ағарту ісінің құрметті қызметкері, Рудный қаласының құрметті азаматы Досмағұл Сүймековтің қашанда есімі ел есінде.

Қымбат НАҒАШЫБАЙ

Редактор

Recent Posts

На месте заброшенного лагеря «Солнечный» в Мендыкаринском районе построят новую базу отдыха

На территории бывшего пионерского лагеря планируют создать современный круглогодичный центр отдыха для детей и семейного…

21 час ago

Многодетная семья из села Харьковское Мендыкаринского района получила ключи от нового дома

Этот значимый подарок для Нурдаулета Чажабаева и Альфии Рахметовой, воспитывающих пятерых детей, стал возможен благодаря…

6 дней ago

Меңдіқара ауданында Жастар ресурстық орталығының еріктілері жалғызбасты қарттар мен көмекке мұқтаж тұрғындарға қолдау көрсетіп келеді.…

2 недели ago

В Боровском установили арт-объект в виде книги у входа в центральную районную библиотеку

Всю эту красоту - от идеи до воплощения - новый руководитель библиотечной системы Кайыржан Тлесбаев…

3 недели ago

Меңдіқара ауданында ағаш отырғызу жұмыстары жүйелі түрде жалғасуда

Қостанай облысында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық тұжырымдамасы аясында «Менің аулам – менің бағым» облыстық жобасы жүзеге…

3 недели ago

Жители Мендыкаринского района обсудили вопросы безопасности, медицины и соцзащиты

В рамках проекта «Заң мен тәртіп» («Закон и порядок») в Костанайской области продолжается «Караван правовой…

3 недели ago

This website uses cookies.