«Ел үлесі пәтерге»жобасының аясында Ыбыраевтар отбасы шаттыққа кенелді

Бұл жоба елімізде баспанаға мұқтаж жандарға, солардың қуанышына ортақтасу үшін орындалуда

Тамыз айының 7 күні Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 20 жылдық мерей тойына орай «Зекет» корпоративтік қорының бастамасымен Меңдіқара елінің тумасы, Алтынсарин ауданы «Алдиярұлы Жанұзақ» мешітінің Бас имамы Ыбырай Ерік Қожахметұлына «Ел үлесі пәтерге» жобасы шеңберінде баспана кілті табысталды.

Аудан төрінде орын алған қайырымы мен мол игілігі бар іс-шараға аудан әкімінің орынбасары Қалыбек Жұмашев, ардагерлер кеңесінің төрағасы Есет Көбеков, «Зұлқарнайұлы Мұса Қажы» мешітінің Бас имамы Еркебұлан Жаңбырбайұлы қатысып қуаныш иелеріне құтты қоныс тіледі.

Аталмыш шараның іске асуына себепші болып зор үлес қосқан Қостанай облысының Бас имамы Тәжімбет Бахытбек Қажы Нұрғабыл ұлы жиналған қауымға уағызын айтып, жерлесіміздің баспаналы болуына көмек қолын созған Жанат және Нұржан Ахметов сынды ел ағаларына Алғыс хат табыс етіп, жүзеге асырылып жатқан қайырымдылық шаралардың ең ауқымдысы «Ел үлесі пәтерге» жобасы екендігін және аталмыш акция аудан-қалаларда өз жалғасын тауып жатқандығын тілге тиек етті.

Өз кезегінде баспанаға ие болған жерлесіміз Ерік Қожахметұлы өз және жанұясының атынан «Ел үлесі пәтерге» жобасының ұйымдастырушыларына, барша әріптестеріне және аудан әкімдігіне, ізгілік жолында біріккен жамағатқа отбасының атынан ризашылығын және жүрек жарды лебізін білдіріп, зейнет жасына шыққанда бейнетімнің зейнетін осы баспанада, жақындарымның ортасында көрермін деген ниетін де айтып кетті.
Бүгінгі күнде шаттыққа бөленіп, жақсы жандардың игі ісінің арқасында баспаналы болған Ерік ағамызбен жұбайы Гүлбаршын жеңгеміз бес қызды дүниеге әкеліп, көпке үлгі бола білген отбасы.

Қыздарының алды тұрмыс құрып, бүгінгі таңда жиен-немерелерінің қызығын бірге қызықтауда.

Сыйластық пен адалдықты бірінші орынға қоя білген жанұяға қоныстарыңыз құтты болғай деген ақ тілегімізді білдіреміз .

Тұрсынай Дүйсембаева

Редактор

Recent Posts

Глава Мендыкаринского района Габит Бекбаев провел отчетную встречу с населением Первомайского сельского округа и села Боровское

Аким района проинформировал жителей о социально-экономическом развитии района за текущий год. Вместе с ним держали…

2 недели ago

С начала года в Мендыкаринском районе зарегистрировано 10 случаев интернет-мошенничества

Общая сумма ущерба, нанесенного мошенниками жителям района за текущий год, превысила 22 миллиона тенге. (далее…)

3 недели ago

Сотрудники полиции Мендыкаринского райлна в рамках ОПМ «Пиротехника»  проводят рейдовые мероприятия по торговым точкам

Данные мероприятия проводятся с целью незаконного оборота пиротехнической продукции на территории Мендыкаринского района. (далее…)

3 недели ago

Меңдіқара аудандық Мансап орталығының жұмыс қорытындысы жайлы сұхбат жүргізген болатынбыз

Бүгінгі таңда еңбек нарығын цифрландыру, Мансап орталықтарының жұмысын реформалау, нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті…

3 недели ago

В селе Тенизовское Мендыкаринского района предстоит большая работа по устранению накопившихся проблем

Отсутствие промышленности, сотрудника почты, пастбищ, малое количество школьников, плачевное состояние дорог - и это далеко…

3 недели ago

This website uses cookies.