Әр тұлғаның кісілік қасиетін дамытып, шығармашылық қабілеті мен дүниетанымын кеңейту жолында ұстаз еңбегі өте жоғары
Әсіресе, бастауыш сыныпта алған білімің – өмірлік азығың. Оқушының бойына терең білім мен тәрбиені, сенімділік пен төзімділікті, қайсарлық пен мейірімділік сынды қасиеттерді сіңірген ұстаздың орны ерекше екені сөзсіз. Біздің бүгінгі қаламымызға арқау болғалы отырған кейіпкеріміз дәл осындай жан. Ғаббас Жұмабаев мектеп-гимназиясының білікті ұстазы Махмутова Сауле Мырзашқызы бала жүрегіндегі кішкентай күй сандықты өзінің іскерлік, шығармашылық қабілетінің арқасында аша білген дарынды ұстаздың облыс, республика, халықаралық деңгейдегі талай сайыстарға қатысып, тек жүлделі орындарды иеленгенін көргенімізде, тынымсыз ұстаз екендігін мойындаймыз. Ал мына бір құрметтің орны тіптен ерекше. Республикалық “OZATTAR-білім саласы үздіктерінің» энциклопедиясы жинағына есімі еніп, білім саласының үздік қызметкері қатарынан көрініп, құрмет грамотасы мен «Озат педагог» төсбелгісінің иегері атанса, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диолог-Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты жолдауындағы білім саласын кеңінен насихаттау мақсатында өткен «Білім беру ісінің үздік педагогы-2020» байқауының жеңімпазы атанды. Бұл Сауле Мырзашқызының ұрпаққа өлшеусіз төккен терінің нәтижесі емес пе!
Осындай ұстаздан өнеге-білім алып, өмір теңізіне құлаш ұрған кез келген шәкірт өмір жолында тек жақсылықтың жаршысы болып, ұстазы сепкен дәнді өркендетіп, жемісін көрері хақ!
«Еленген еңбек өнімді» – бұл жанның ерекше қасиеті де осында жатыр. Әрбір жұмысын бар ынтасымен тыңғылықты етіп жасай білгін біздің мектебіміздің мақтанышы, бағыт берушісі. Еңбегіңіз жана берсін демекпіз!
Эльмира Дүйсенбаева, Ғ.Жұмабаев мектеп-гимназиясы
директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
Азат Байманов, проработав 17 лет учителем физической культуры и спорта, принял решение кардинально сменить сферу…
На территории бывшего пионерского лагеря планируют создать современный круглогодичный центр отдыха для детей и семейного…
Этот значимый подарок для Нурдаулета Чажабаева и Альфии Рахметовой, воспитывающих пятерых детей, стал возможен благодаря…
Всю эту красоту - от идеи до воплощения - новый руководитель библиотечной системы Кайыржан Тлесбаев…
Қостанай облысында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық тұжырымдамасы аясында «Менің аулам – менің бағым» облыстық жобасы жүзеге…
This website uses cookies.