Ел тірегі-Елбасы!

Тұңғыш Елбасы күні қарсаңында аудан әкімінің қатысуымен ауқымды іс-шаралар бастау алды.

Аудандық мәдениет үйінде өткен салтанатты жиынға жастар мен мемлекеттік қызметкерлер ат салысты.

Сахна төрінен барша меңдіқаралықтарды аталмыш мерекемен аудан әкімі Нұрлан Қатарбеков құттықтап, еліміздің өркендеуіне үлес қосып, еңбек етіп келе жатқан жандарды алғыс хатпен марапаттады. Олардың қатарында ішкі істер бөлімінің қызметкері Виктор Холодков, балалар мен жастар шығармашылығы үйінің басшысы Перузат Қошанова, Харьков ауылдық округінің мейірбикесі Гүлбану Самарова бар.

Құттықтау сөз кезегінде аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Есет Көбеков сөз алып, Тұңғыш Елбасымыздың ел мүддесі жолында жасаған еңбегіне тоқтала отыра, бүгінгі күні де ардагерлер мен жастарға мемлекет тарапынан жасалып отырған қамқорлыққа дән ризашылығын білдірді.

Мерекеге орай «Нұр Отан» партиясының Меңдіқара аудандық филиалының бірінші орынбасары Алла Тишбаева жастарға алғашқы партия билеттерін табыстады.

Мемлекеттік қызметқе қадам басқалы тұрған жас мамандар Анар Байдаулетова, Дарья Тимашова, Азамат Жұматаев, Жанар Хасенова ел алдында салтанатты түрде ант қабылдады.

Елбасы күніне орайластырылған іс-шара жастар жылын қорытындылауға арналған форумымен жалғасын тапты. Жыл бойы Жастар ресурстық орталығының жұмысының нәтижесі мен көрсеткіші жайында орталық директоры Алена Дикая баяндады. Биылғы жылда таланты мен еңбекқорлығының арқасында көзге түсіп, жақсы нәтижелерге қол жеткізген жастардың есімдері Меңдіқара ауданының Алтын кітабына еніп, алтын әріппен қаланды.

Алтын кітапқа мәдениет номинациясы бойынша жерлесіміз Дінмұхамбет Құсайынов, ұстаздық қызмет саласынан Мирас Жоламанов, спорт номинациясы бойынша Дидар Тулебаев, Сатбек Есенгильдин, жастар көшбасшысы номинациясымен Серік Авгумбаев енді. Алтын кітаптың жеңімпаздарын аудан әкімі Нұрлан Жеңісұлы құттықтап, сертификат табыс етті.

Жастардың құрметіне жас талант иелері Иса Мусинов, Амалия Ахмедова ән шырқап, жас ақын Дінмұхамбет Құсайынов өз арнауын тарту етті. Мереке барша меңдіқаралықтарға жақсы көңіл-күймен, жарқын сәттер сыйлады.

Қымбат НАҒАШЫБАЙ

Редактор

Recent Posts

Боровсчане, навели порядок на мусульманском кладбище

Мусульманское кладбище в селе Боровское - место памяти и уважения к ушедшим близким. (далее…)

1 час ago

Меңдіқарада қарияларға құрмет көрсетілді

Өмір жолында талай белесті бағындырып, кейінгі буынға ақыл-кеңесін айтып, өнегелі ғұмыр кешіп келе жатқан…

3 дня ago

Учитель начальных классов из Мендыкаринского района Ирина Кобзарь удостоена грамоты акима области

Чествование состоялось во Дворце молодежи «Жастар». На него пригласили более 300 человек со всей области.…

3 дня ago

Супруги Дмитрий и Ольга Кондратьевы из Мендыкары имеют за плечами 20 лет опыта работы в сфере образования

Сегодня Дмитрий Анатольевич преподаёт физическую культуру в Первомайской общеобразовательной школе, а Ольга Александровна - учитель…

4 дня ago

Мендыкаринец Иван Баганов продолжает пчелиное дело своего отца

Два года назад ушел из жизни Анатолий Иванович Баганов, но дело всей его жизни не…

6 дней ago

В Мендыкаринском районе дан старт подключению объектов соц.сферы к системе теплоснабжения

О том, как проходит подготовка к предстоящим холодам, рассказал руководитель отдела ЖКХ, пассажирского транспорта и…

7 дней ago

This website uses cookies.