Халықаралық әйелдер мейрамы қарсаңында ақжаулықты әжелеріміз, ардақты аналарымыз, аяулы қыз-келіншектер ерекше ілтипатқа бөленді

Әйел баласы «Бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді тербеген» деп бекер айтылмаса керек

Бар айналасына шуағын сыйлап, жылулық беретін аналар мен нәзік жанды арулар.

Аналарымыздың құрметіне, Халықаралық әйелдер күнініе орай аудандық «Юбилейный» мәдениет үйінің өнерпаздары «Аналар – асыл жандар» атты мерекелік концерт ұйымдастырды.

Айналаға мейірім мен жылуылық, сылулық пен даналық сыйлай білетін, асыл жанды аруларымыз. Көктемнің ең шуақты мерекелерінің бірі – Халықаралық әйелдер күні. Бұл күн қыз-келіншектер үшін ерекше және қуанышқа толы күн. Бұл күнде аналар мен қыз-келіншектер ерекше сый-құрметке бөленіп, құшақтары гүлге толады. Аналарымыздың еңбектері еленіп, алғысқа бөленеді.

Аудандық «Юбилейный» мәдениет үйінің өнерпаздары, тарихы тереңде жатқан 8 наурыз мерекесіне орай, «Аналар – асыл жандар» атты мерекелік онлайн концерт ұйымдастырды. Мәдениет ошағының киелі сахнасында әннен шашу шашылып, бишілер мың бұрала би биледі.

Меңдіқара ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Жанат Тәженова барша аруларымызды төл мерекелерімен құттықтай отырып, мәдениет саласының майталманына айналған қыз-келіншектерге Алғыс хат табыс етті. Роза Маутанова, Жансая Советова, Галина Гульман, Жұпар Жылқайдарова, Әйкерім Шанатова сынды мәдениет саласының абыройлы қызметкерлері Алғыс хаттармен марапатталып, қуанышқа кенелді.

Мерекелік концерт Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген  мәдениет қызметкері Бақытжан Сәуекеновтың құттықтауымен жалғасты. Өнер жанашыры барша аналарымыз және бұрымдыларымызды келіп жеткен Халықаралық әйелдер күнімен құттықтап, қыз-келіншектерге деген ақ тілегін білдірді. Ақ жаулықты аналарымыздың құрметіне «Анажан» атты әнін орындады.

– Ақжаулықты аналармыз, ардақты аналарымыз, барша аруларымызды келіп жеткен көктемнің шуақты да, жылулыққа толы мерекесімен құттықтаймын. Әйел баласының бүгінгі қоғамда алар орны ерекше. Барша әйелдер қауымына денсаулық, шаттық, бақыт тілеймін,- деді өнер жанашыры.

Мерекелік іс-шарада аудан өнерпаздары театрландырылған көріністен үзіндіні көрсетіп, бағдарлама хореографиялық қойылыммен айшықталды. Мерекелік концерт әсем ән, тамаша бимен жалғасын тапты. Бүгінгі күннің қатаң талабына сай, онлайн түрде өткізілген концерт, нәзік жанды аруларымызға ерекше көңіл-күй, қуаныш сыйлады деген ойдамыз.

Тұрсынай Мұхтарқызы

Редактор

Recent Posts

Из педагогов – в автомеханики: житель Боровского Азат Байманов сменил профессию и нашел в этом свое призвание

Азат Байманов, проработав 17 лет учителем физической культуры и спорта, принял решение кардинально сменить сферу…

5 дней ago

На месте заброшенного лагеря «Солнечный» в Мендыкаринском районе построят новую базу отдыха

На территории бывшего пионерского лагеря планируют создать современный круглогодичный центр отдыха для детей и семейного…

7 дней ago

Многодетная семья из села Харьковское Мендыкаринского района получила ключи от нового дома

Этот значимый подарок для Нурдаулета Чажабаева и Альфии Рахметовой, воспитывающих пятерых детей, стал возможен благодаря…

2 недели ago

Меңдіқара ауданында Жастар ресурстық орталығының еріктілері жалғызбасты қарттар мен көмекке мұқтаж тұрғындарға қолдау көрсетіп келеді.…

3 недели ago

В Боровском установили арт-объект в виде книги у входа в центральную районную библиотеку

Всю эту красоту - от идеи до воплощения - новый руководитель библиотечной системы Кайыржан Тлесбаев…

4 недели ago

Меңдіқара ауданында ағаш отырғызу жұмыстары жүйелі түрде жалғасуда

Қостанай облысында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық тұжырымдамасы аясында «Менің аулам – менің бағым» облыстық жобасы жүзеге…

4 недели ago

This website uses cookies.